PHP туралы түсінік



Мазмұны

Кіріспе………4

1. Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және РНР скриптін оқытудың негіздері……5

1.1 Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және  оларға қойылатын талаптар………5

1.2  РНР скриптін оқытудың  негіздері…….16

1.2.1 Серверді баптау және РНР тілін орнату әдісі……….16

1.2.3 РНР тілінің ортасы және қолдану мүмкіндіктері ……..20

1.2.4 РНР тілінің тармақталу және қайталану операторлары……..25

2. HTML  тіліндегі  РНР скриптін  оқытудың электрондық лабораториялық практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі

2.1 РНР скриптінен лабораториялық жұмыстар………..45

2.2 Электронды лабораториялық практикумды жасау және пайдалану әдістемесі…………68

Қорытынды……….71

Қолданылған әдебиеттер…………72

Қосымша……………73

Кіріспе

Әлемде адамзат баласы әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездерде интернет желісінің  күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, жер бетінің кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Қазіргі уақытта аса ауқымды желі жиі қолданыс табуда. Білім беру жүйесіндегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру орындары интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қосыла отырып білім беру ошақтары үлкен ақпарат көздеріне қол жеткізуде. WWW, яғни дүние жүзілік өрмек ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі ақпарат алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептелінеді. Internet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.  Қазіргі таңда біз қазақ тілінде өзіміздің ақпарат көздерін жетілдіруге мақсат қойдық. Осы кездерде қазақша сайтар және ақпараттық жүйелер, порталдар пайда болды. Жоғарғы оқу орындарында қазіргі кезде интернетте программалау пәні пайда болды. Бұл пәнің мақсатты білім алушыларды Web беттерін құруға және автоматандыруға, жалпы интернеттегі өнімдер туралы ақпарат беру болып табылды. Біздің түлектік жұмыста осы пәннің электрондық оқыту құралын жасау болып табылады. Түлектік жұмыста жалпы HTML тегтер көмегімен қарапайым WEB бетін құру және РНР тілі көмегімен автоматандыру әдістері қарастырылды.

Түлектік жұмыс екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауда электрондық басылымдарды жасау стандарттары, серверді баптау және таңдау, РНР тілін орнату әдісі қарастырылады.

Екінші тарауда РНР тілінің зертханалық жұмыстары, орындалу тәртібі, мысалдар қарастырылған.

Түлектік жұмыстың мақсатты РНР тілінің әдістемелік құралын жасау. Осы мақсаттқа жету үшін алдымызға келесідей есептер қойылды:

 әдістемелік құралды кімдер қолданады;

 әдістемелік құралдын мазмұнын анықтау;

 теориялық материалдар жинақтау;

 зертқаналық жұмыстар дайындау;

 әдістемелік құралды жасау.

Осы есептерді шеше отыра біз интернетте программалау пәнәнің электрондық әдістемелік құралын жасаймыз


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий