Internet



Мазмұны

Кіріспе 3

1 Internet желісі 6

1.1 Internet пен қатынас кұру 8

2 Негізгі желілік топологиялар 14

    1. Желілік техникалық кұралдар 14
    2. Желілік программалық құралдар 15

2.3 Клиент-сервер технологиясы 16

2.4 Желілік технологиялар 18

2.5 Желілік принтерлер 20

3 Интернет ортасында Мәліметтер базасын қолдану 21

4. Internet-ті пайдалану тиімділігі 22

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге белінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде «Internet… 100-мегабитті технология… Желілік технологиялар… Интернеттегі жанжал… Интражелілер…» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіруі кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.

Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда
сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз.
«Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз» деп өлеңде
айтылатын сияқты … Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе
мәлімеіті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік
технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып |табылады. Желілік
технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіншілік береді. Ол үшін
компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша
қарастырып өтейік. І

Компьютерлік желі дегеніміз — бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған акпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,
    оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер — дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын куатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған колданбалы программаларды жөне принтер, факс тәрізді шеткері кұрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап етуге болады:

  • қүжаттарды бірге пайдалану;

  • қүжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан
    тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,
    тузетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

-компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

  • сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

  • кымбат тұратын қорларды — принтерлерді, СD-RОМ мәлімет
    жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға
    болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік
    просцессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды
    женілдету, т.б.

Аймактық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесежоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануғаарналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated) алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан север көмегімен жүзеге асатын

Аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологяларының төмендегідей

мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

  • электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

  • Интернетпен байланысу.

Интернет дегеніміз — дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-
бірімен мәліметтер қоймасы. Бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы
жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте
елеулі рөл аткарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күннен-кунге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушыларын және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан окыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметгі, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген компьютерлік желі жүмысы топология хаттама (протокол), иптерфейс, желілік программалык, және техниялық қуралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы онын негізгі функциональдық элеменгтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалык құралдар — компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалык құралдар — компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер — желінің функциональдық элементерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар — желінің функциональдық элеменгтерін бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элеменгтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Интернеттің, желілердің ерекшеліктерін, атқаратын қызметтерін, тиімділігін сипаттау және соны ашып көрсету.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий