Borland Delphi бағдарламасы бойынша электрондық құрал



Мазмұны

Кіріспе4

1 Жалпы білім беретін мектепте программалау тілдерін оқыту мәселелері 7

1.1 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу 7

1.2 Информатика пәнінің стандарты және 9 сынып үшін білім мен біліктілікке қойылатын талаптардың ерекшеліктері 9

1.3 Программалау тілдеріне шолу12

1.3.1 Төменгі деңгейлі программалау тілдері12

1.3.2 Жоғары деңгейлі программалау тілдері13

1.3.3 Объектіге бағытталған программалау15

1.4 Мектеп информатикасын оқытудың бүгінгі мен келешегі19

1.5 Орта мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы мен бағыттары 25

2 Программалау тілін оқытуда электронды оқу-әдістемелік құралын пайдаланудың әдістемесі 31

2.1 Электронды оқу құралы – заман талабына сай жаңа технология31

2.2 Электронды оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар33

2.3 Электронды оқу басылымының құрамына қойылатын талаптар34

2.4 ЭОБ-ның функцияларына қойылатын талап тар34

2.5 Электронды оқу басылымының мазмұн құрылымына қойылатын талаптар

36

2.6 Электронды оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар

37

2.7 Электронды оқу басылымының кері байланысына қойылатын талаптар38

2.8 Электронды оқу басылымды рәсімдеуге қойылатын талаптар39

2.9 Электронды оқу басылымының құжаттамаларына қойылатын талаптар41

2.10 Шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы43

2.11 «Borland Delphi» бағдарламасына электрондық құрал46

Қорытынды57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі58

Қосымша А Программа листингі59

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері тұр. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» да нақты көрсетілген. Жоғары білім жүйесінің барлық салаларына кеңінен енген информатика, информатиканың бір саласы — программалау негіздері курсы қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушылардың жалпы-білімдік және кәсіби даярлық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі — осы заман талабына сай білімді, білікті және компьютерді еркін түрде меңгере алатын мамандарды дайындау. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі даму үстінде, дегенмен оның кейбір бағыттары теориялық тұрғыдан негіздеуді қажет етеді.

Елімізде оқыту үрдісін жетілдіру үшін оқытудың дәстүрлі әдістерімен катар дәстүрлі емес әдістерді, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кезек күттірмейтін іске айналды. Осыған байланысты информатиканы оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері көптеген қазақстандық әдіскер-ғалымдардың бірқатар жұмыстарында жарық көрінді. Атап айтқанда білім беруді ақпараттандыру (Е.Ы. Бидайбеков), жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С.Қ. Қариев), оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру (Ж.Қ. Қараев), программалауды оқытудың әдіснамалық және теориялық негіздері (Ж.Қ.Нұрбекова, Т.Қ. Қойбағарова) және т.б. еңбектерінде зерттелді. Аталған зерттеу жұмыстарында тұжырымдалған қағидалар информатиканы оқытуды жетілдіруге негіз болатын әр түрлі ғылыми ізденістер жасауға ықпал етуде.

Заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан информатиканы оқыту барысында оқушының жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр.

Жұмысымызда жалпы білім беретін мектепте программалау тілдерін үйретудің тиімді әдістерін қарастырдық:

— программалаудың негізгі құралдары және оларды игеруге сәйкес жаттығулар жүйесі, мәліметтер қорынан тұратын электрондық оқу-әдістемелік құралы, қиындығы жоғары есептерге программалар құрудың тиімді жолдары. Ол оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыруға негізделеді. Әдістің басты қағидасы — оқушының меңгерілуі үшін белгілі бір мөлшерде білім қорын талап ететін нақты мәселелерге қызығушылығын арттыру және жинақталған білімнің практикалық қолданылуын жобалау арқылы көрсету, басқаша айтқанда, теориядан практикаға жобалау арқылы көшу болып табылады. Ұсынылған әдістер эмоциялық және интелектуалдық іс-әрекеттерді (мүмкіндіктерді) мақсатты түрде жұмылдыруға бағыттайды. Бұл әдіс оқушының танымдық қабілетін дамытады, шығармашылық мүмкіндіктерін ашады.

Программалау тілін классикалық тәсілдер бойынша оқытқанда белгілі бір тақырыпты бекітуге берілетін жаттығулардың не үшін берілетіндігі немесе қандай мақсатпен орындалатыны айқындалмайды, бір-бірімен байланыссыз есептер де қарастырылады. Сондықтан оқушы әр мәселенің себеп-салдарына терең бойламай-ақ тапсырманы орындай беруі мүмкін. Ал, жобалар әдісі — мұғалім мен оқушының арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жүзеге асатын окыту тәсілі. Басқаша айтқанда ол – оқушыны нақты бір нәтижеге жеткізетін материалларды оқып білуге жетелейтін жобаларды орындауға қызықтыру арқылы оқыту болып табылады.

Программалау тілін оқытуда, яғни программа кұруға баулуда үш шығармашылық, теориялық және техникалық тұрғыдан қарау керектігі белгілі. Осы айтылған тұрғылардан программалау тілін үйретуде жобалар әдісін пайдаланудың тиімді екендігі анық. Өйткені, жоғарыда артықшылықтары көрсетілген жобалар әдісі шығармашылық тұрғыдан программа кұру үрдісінің негізгі элементі — жұмысқа қызығушылығы және оқушының жеке тұлғалық бет пернесін көрсетуге деген ұмтылысы — шығармашылық көзін қамтамасыз ететін болса, ал басқа екі тұрғыдан шығармашылық күйде бейнелей білу қабілеті мен абстрактілі ойлау қабілетін іске қоса отырып программалаушыға тән алгоритмді таңдау, мәліметтер құрылымын анықтау, интерфейсін жобалау әрекеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандар дипломдық жұмыстың тақырыбын айқындауға негіз болды және оның көкейтестілігін көрсетеді. Жұмыс тақырыбы «QBasic және Turbo Pascal программалау тілдерінің графикалық мүмкіншіліктері» болып анықталды.

Жұмыс мақсаты – жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арнап, Borland Delphi программасы бойынша электрондық құрал жасау.

Жұмыс нысаны –жалпы білім беретін мектептің оқушыларына программалау тілінің оқыту үрдісі.

Жұмыстың ғылыми болжамы — егер жалпы білім беретін мектептерде программалау тілін оқыту үрдісінде ұсынылған әдістерді қолданса, онда оқушылардың танымдық қажеттілігі дамып, белгілі бір мөлшерде білім қорын талап ететін накты мәселелерге қызығушылығы жоғарылап, теориялық білімі мен практикалық дағдылары ұштастырылады да оқыту үрдісінің сапасы артады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:

— жалпы білім беретін мектепте информатика пәнінің стандарты және жоғарғы сынып үшін білім мен біліктілікке қойылатын талаптардың ерекшеліктері мен программалау тілдерін оқытудың қазіргі хал-ахуалын талқылау;

— объектіге бағытталған программалау командалары және оларды меңгеруге арналған жаттығулар жүйесін тиянақтау;

— объектіге бағытталған программалау тілін оқытуда пайдалануға болатын мәліметтер қорынан тұратын электрондық оқу құралын дайындау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы – жұмыстың құрылымы қойылған міндеттерді шешудің ретімен және логикасымен анықталды. Ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен, кестелерден, суреттерден тұрады.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий