Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау әдістемесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
І БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРДІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ….. 7
1.1 Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану ортасы… 7
1.2 Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология пәнін оқытуға жаңа көзқарас …..13
1.3 Borland C++ Builder программалау тілінің оқыту ерекшелігі…… 18

ІІ BORLAND С++ BUILDER ПРОГРАММАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ…….27
2.1 Объекті-бағытталған программалау принциптері….. 27
2.2 Borland С++ Builder программасының жинақталған ортасы….. 29
2.3 Borland С++ Builder – дің негізгі терезесінің қасиеттері, оқиғалары және әдістері…….41
2.4 Borland С++ Builder – дің компоненттер түрлері…….. 43

ІІІ BORLAND С++ BUILDER ОРТАСЫНДА ҚАРАПАЙЫМ ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР ҚОСЫМШАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ…….51
3.1 Графикалық редакторлардың міндеті мен негізгі мүмкіндіктері 51
3.2 Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау ……….. 55
3.2.1 Графикалық редакторда меню, құрал-саймандар тақтасын мен сурет салу құралдарының батырмаларын қалыптастыру….. 55
3.2.2 Сызықтарды салу мен олардың стилін беру, фигураларды құру мен олары толтырып бояу әдістемесі………. 62
3.3 Экономикалық-техникалық негізделуі……… 69

ҚОРЫТЫНДЫ………… 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……… 73
ҚОСЫМША А «Қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау барысындағы Borland C++ Builder программасының негізгі кодтары »…..75

КІРІСПЕ

Адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Оның таңғажайып көрінісі болса, «адам — компьютер — Интернет» байланыс жүйесі деп атап айтар едік.
ҚР-сында осы ақпараттық өркениет үрдісінен шығу үшін «Қазақстан 2030» стратегиясынан бастап, Елбасының дәстүрлі Жолдаулары бойынша барлық жағдайлар жасалып келеді [1,2]. Әсіресе, білім беру саласы барынша ақпараттандыру (информатизация) мақсаты жүзеге асырылып отыр. Бұған қажетті заңнамалар мен бағдарламалар қабылданған [3].
Әлемдік өркениет жолмен бағытталған Eлбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ол үшін жаңа ақпараттық технологияларды оқытуды міндет етеді.
Бір сөзбен айтқанда, басты мақсат білім сапасын арттыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне кіре білу болады. Міне, сондықтан да қазірден бастап, «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерінде әлемдік деңгейге жеткізе оқыту талабы қойылып отыр. Осыған сай айта кету қажет, егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» деген мәселе мұғалімдер біліктілігімен тікелей байланысты.
Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде «Borland C++ Builder программалау тілі» атты жаңа бір пән оқытыла бастады. Бірақ та, оны оқытудың мемлекеттік стандарты әлі жасала қойған жоқ. Әрі осы тіл туралы қазақша жазылған оқу- әдістемелік құралдары өте қанағатсыз көрінеді. Бұл мәселені арнайы зерттеп көру тұрғысынан аталмыш диплом жұмысының тақырыбы таңдап алынған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Borland C++ Builder программалау тілі жоғары деңгейлік күрделі тіл болғандықтан оның өзіндік ерелшелігі мен қиын жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Мәселен, оқыту әдістемесінің мазмұны мен бағыт-бағдарын айқындаумен қатар жаңа идеялар мен технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.
Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алу үшін педогогикалық теорияны және оқыту процесін жетілдіру жұмыстары кең жүрілуде. Осыған байланысты жоғары деңгейлік Borland C++ Builder программалау тілін оқыту мақсаты «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерін дамыта оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жолы болып табылады. Диплом жұмысында осы проблема теориялық тұрғыдан талданып, практикалық мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіруге талпыныс жасалған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш Borland C++ Builder программалау тілін басынан дұрыстап оқыту үшін шешімін ойластыратын мынадай ғылыми-практикалық мәселелер тұр. Олар:
 «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» мамандықтары бойынша оқытылатын Borland C++ Builder программалу тілінің оқу-әдістемелік проблемасын шешуде заманауй стандартизация және синергетика принциптерін пайдалану жаңа көзқарас тұрғысынан алып қарастыру;
 Обьекті-бағытталған программалау тәсілі мен құралдарын программалау тілінің сипаттамасын беруде барынша терең пайдалана білу;
 Алдағы уақытта программалау тілі пәнін оқытудың мемлекеттік стандартын жасап шығару мәселесін жоспарлы түрде жүзеге асыру.
Осы аталған үш түрлі пікірлер негізінен диплом жұмысының тақырыбына сәйкес Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасауда программалау тілін оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасы беріледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты — жаңа ақпараттық технологияның оқыту процесіне тигізетін әсері, ықпалы, пайдасы, оқыту процесінің қызықты, деңгейлі де жүйелі формада дамуына мүмкіндіктер жасап, Borland C++ Builder ортасында қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау арқылы жалпы пәнге деген қызығушылықты арттыру
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
 Borland C++ Builder программалау тілін қолдану мүмкіндіктерімен танысу;
 Borland C++ Builder ортасында қарапайы графикалық редактор қосымшасын жасауының негіздерін оқыту әдістемесін құрастыруда жаңа ақпараттық технологияның ролін қарастыру және оған талдау жасау;
 Borland C++ Builder программалау тілін оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасын беру (зертханалық жұмыстарды орындау арқылы).


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий