Adobe Photoshop 7. 0



Мазмұны

Кіріспе………..4

1.1 Adobe Photoshop 7.0 программасы кімге арналған …………5

1.2 Adobe Photoshop 7.0 программасына қосылған қосымша параметілер және құралдар ……………….6

1.3 Adobe Photoshop 7.0 жұмыс істеуіне қажетті жүйелік талаптар……..7

1.4 Программа терезелерімен жұмыс………8

1.5 Құрал саймандармен жұмыс ………..9

1.6 Меню жолы……….16

Мәтіндік эффектілер

2.1 Қанмен жазу…………21

2.2 Отты жазу……….24

2.3 Су астындағы әріптер……….27

Текстуралар

3.1 Ескі кірпіштен қаланған керегедегі жазу………..31

3.2 Мозайкалық бет (1,2 түрі) ……………….33

3.3 Теледидардың жолдық жаймалауы………..35

Табиғи құбылыстарды қолдан жасау жасау

4.1 Гүлдің судың бетіндегі бейнесі……….37

Құралдардың және орындалатын командалардың пернелік тез орындалуы…………..40

Қолданылған әдебиеттер………43

Кіріспе

Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады. Графикалық редактордың екі түрі болады: растырлық және векторлық. Растырлық бейне пикселдерден тұрады, ал векторлық бейне формуладан тұрады.

Біздің қарастыратынымыз растырлық бейне. Бұндай бейнемен Photoshop, Photo Styler, Photo Paint, Picture Publisher, Corel Photo Paint программалары жұмыс істей алады. Бұл программалар арқылы визиткалар мен жарнаманы безендендіруге, көркем және қызметтік графиканы салуға, 3D көріністер мен анимациялық фильмдер құрастыруға және т.с.с жұмыс жасауға болады.

Осы программалар ішіндегі ең қуаттысы және дизайнерлерде өз қолдауын тапқан Adobe Photoshop программасы болып отыр. Photoshop- тың арқасында суреттерді монтаждауға, ескі суреттерді реставрациялауға, бейнелерге көптеген филтірлерді қолдануға болады.

Бұл программаны Adobe System Inc. компаниясы үнемі жаңартып дамытып отырады. Бұл компанияның кәзіргі таңда ең соңғы жұмыс пакеті Photoshop CS болып отыр. Бірақ мен бұның алдыңғы версиясы Adobe Photoshop 7.0 программасымен сізді таныстырамын.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий