Қытай халқының салт-дәстүрлері



Жоспар

Кіріспе……..3

І. Қытай халқының салт-дәстүрлері

1.1 Дәстүрлі конфуцийшілдіктің қытайлықтардың өмірінде алатын орны………….5

1.2 Қытай халқының діни салт-дәстүрлері…….17

II.Қытай халқының салт-дәстүрлері

2.1. Қытай салт-дәстүріндегі діни ерекшеліктері…….24

2.2 Тұрмыс-салт дәстүрлері

2.3 Жерлеу дәстүрлері

Қорытынды…………..60

Пайдаланған әдебиеттер тізім……………61

Кіріспе

Қытай этносы қытай халқының баска халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінін қасиетті парызы деп санады.

Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыз-даушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызьш, олардың даналық қағидаларына бас иген.

Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінін қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.

Тым ежелгі заманда Қытайдың өзінің этникалық құрамы жөнінен әр қилы болғаны байқалады. Қытайлар бастапқы кездерде Хуанхэ өзенінің орта ағысындағы алқаптарды ғана мекендеген және бірте-бірте оның бастауы мен сағасына қарай жайыла түскен. Тек б.з. дейінгі Iмың жылдықта және жаңа заманның басында олар осы негізгі қоныстарынан тыс жерлерге де кең тарады. Осындай қоныстарыцн кеңейте түсу үстінде олар солтүстік-шығысындағы маньчжур-тунгус, солтыстік батысындағы және батысындағы түрік және монғол, оңтүстік-батысындағы сино-тибет тайпаларымен т.б. бірде жауласып, бірде бейбіт қатынаста болып отырған.

Еуропаға ежелгі Қытай көпке дейін белгісіздеу болып келді. Ол жайында сақталған антик заманнан қалған деректер қте мардымсыз еді. Тарихтың атасы Геродот Үнді аңғарынан шығысқа қарай орналасқан елдер жайлы ешнәрсе білмеді. Александр Македонскийдің жорықтарынан кейін жазба деректер қалдырған неғұрлым кейініректегі антик авторлары да эллиндік державалар мен римге жібек жіберіп тұрған ел жайында көмескі және үзік-үзік мәлісеттер ғана келтіреді.

Орта ғасырдағы қытай жөніндегі түсінік бұл елдің өткен тарихына оншалықты тереңірек үңілуді мақсат етпеген саясатшылардың жазбаларымен ғана (мысалы венециялық Марко Полоның) шектелетін еді.

XIX ғасырда француздардың Қытайды зерттеуші ғалымы Э.шаванн Сыма Цяньның «тарихи жазбаларын» аударуды қолға алды.

Қытай тарихын зерттеуде аса көрнекті рөл атқарған орыс саяхатшыларынан, әсіресе, Н.Я.Бичуринді (Иакинф монахты) атап өту жөн. Ол қытайда пекиндік дәни миссияның бастығы болып 14 жыл тұрған (1807-1821) және өте көп қытай құжаттарының түпнұсқасымен танысқан. Н.Я.Бичурин мен орыстың өзге де оқымыстылары өз еңбектерінде қытай халқына сүйіспеншілік танытады және қытай салт-дәстүрінің дүние жүзілік маңызын мойындайды.

Қытай лар жөнінде бір орнында қозғалмай тұра беретін, ілгері басуға қабілетсіз халық деген көзқарас кең тараған еді. Екінші жаығнан бұған қарама-қарсы көзқарас та орын алды. Қытайдың кейбір тарихшылары белгілі шовинистік пікірлердің шылауында кетіп, өз елдерінің тарихи рөлін тым асыра бағалады.Қытайдың өткенін зерттеудің дұрыс жолын, кейбір талас пікірлердің бар екеніне қарамастан, қазіргі кеңес ғылымынан көруге болады.

Кеңес тарихшыларының көпшілігі ежелгі қытай қоғамының құл иеленушілік сипатын мойындайды және мұнда да феодалдық сатыға көшу батыс елдерімен бір дәуірде бірте-бірте жүзеге асқандығын растайды. Бұл жөнінен Л.В.Симоновсқаяның, Т.В.Степугинаның еңбектерін атауға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қытай халқының сал-дәстүрін қарастыру, Қытай салт-дәстүріндегі діни ерекшеліктерін сипаттау.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий