Қытай мен Қазақстан арасындағы катынастар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I.ҚЫТАЙ-ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ

1.1 Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынастың маңызы

1.2 Қытай-казакстаннын кауипсиздик маселелери. Қорғаныс саласындағы саясат

1.2 Қазақстан-Қытай ынтымақтастығынң жәй-күйі мен келешегі

2 Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалык катынастар

2.1 ҚХР мен Қазақстанның сауда-экономикалық қарым-қатынасының қалыптасуы

2.2 ҚХР мен Қазақстанның мұнай мен газ саласы экономикасындағы ынтымпқтастығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы 20 ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі уақиғаның бірі болып, жалпы халықаралық саяси жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқты. Бұрынғы Кеңес Одағының үлкен шаңырағынан бөлініп жаңа отау көтерген дербес елдердің бірнешеуі Қытаймен кршілес. Оның Қытай үшін ең маңызды көршісі болып отырғаны қазақ еді.

Қазақсан Еуропа мен Азияның тоғқан жерінде болып, оның дербес болуы Еуроазия құрлығының геосаяси жағдайының өзгеруін туындатты. Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты, Қытаймен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарасы Қытай үшін өте маңызды болып есепеледі. Сонымен бірге Қытайдың да айтылмыш істерге болған көзқарасы Қазақстан үшін де маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қалмай, осы аймақтағы тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай мен, Қазақстан арасындағы тарихи байланыстар тарихы сонау көне замандар қойнауынан бастау алатыны баршамызға мәлім. Тағдыр екі елдің халықтарының маңдайына қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған.

Қытай мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан кейінгі, он жылдан астам уақыттан бері дамып келе жатқан ынтымақтастық байланыстардың тәжірибесі, екі ел үшін, жан-жақты тату кршілік және достық қатынастың орасанзор және ұзақ мерзімдік маңызын айқындап беруде.

2002 жылы желтоқсанда Қытай мен Қазақстан арасында бірқатар үкіметтік маңызды құжаттарға «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы Келісімге», «Терроризммен күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге», «Қауіпті әскери қимылдарын алдын алу туралы келісімге» қол қойлды. Қазіргі кезеңде Қытай мен Қазақстан арасында үкіметтік мекемелер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғалымдар арасындағы әртүрлі деңгейдегі тәжірибе алмасулар мен ынтымақтасу шаралары жалғасуда.

Қытай-Қазақстан екі ел халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі «жібек жолы» екі ел халқының қоян-қолты қатынасын жалғап келді. Реформа жүргізіп экономиканы дамыту –Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт тұрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстан мен бейбіт тепе-тең тұру, бес принциптің негізінде қарым-қатынас дамыту Қытай сырқы саясатының басты бір құрамы. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы қатынастарындағы ең басты орынның біріне қойып отыр. Қазақстан мен досты қатынасты жақсарту Қытайдың батыс солтүсік аймақарындағы тыныштық пен осы аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізетіні белгілі.

Қытаймен ынымақтасықты жақсарту Қазақстан үшін де маңызы зор. Қазақстан ашық теңізге өтелей шыға алмайын құрлықтық ел болғандықтан, Қытай Қазақстанның әлемге шығудағы үлкен бір есігі болып табылады. Сонымен бірге қытай-Қазақстан мемлекеттерінің зара экономикалық, мәдени, информациялық ынтымақтастығының орнатудың екі жақа да қомақты пайдасы бар.

Ежелгі «жібек жолын» қайталай жаңғыртып оны осы заман жобасына сай етіп қолдану Қытай-Қазақстан халықтарының болашағы мен осы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қосатын үлесі зор болып қала бермек. Қытай елбасшылары Қазақстанмен қарым-қатынасына баса мән беріп келеді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген бетте-ақ, әлемдегі алып елдердің бірі көрші жатқан Қытай Халы Республикасымен мемлекетаралық досық қатынастарды орнату егеменді Қазақстанның сыртқы саясатындағы кезек күттірмес міндеттердің бірі болды. ҚХР-мен арадағы шекара мыңдаған шақырымға созылып жатыр.

Бұл елдің миллиардтан астам халқы, үлкен экономикалық мүмкіндігі, оның экономикасының ұрақты дамуы, екі елдің шекаралас аудандарындағы тұрғындардың этникалық жақындығы осының бәрі және басқа кптеген факторлар Қазақсанның сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттардың бірі ретінде қазақстан-Қытай қатынастарын бөліп крсетуге объективті алғы шарттар жасайды.

ҚХР үкіметінің Қазақсанға берген кепілдіктері кп жағынан республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазақстан ҚСРО құрамында болған тоталитарлық кезеңде, әсіресе, 60-70 жылдары Қытаймен арадағы қатынастар те шиеленісіп кеткен болатын. ҚХР-мен саяси және экономикалық салаларда тең дәрежедегі достық қатынастарды орнату тарихы республика басшылығының мүдделеріне жауап береді, әрі олардың үлкен болашағы бар, сондықтан бұл маңызды мәселені саяси-арихи тұрғыдан талдау, алғашқы тәжірибелерді қорыту және сол негізінде болашақты бағамдау өте өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қытай мен Қазақстанның сыртқы стратегиясымен екі жақтың қатынастарын дамытудағы принциптеріне талдау жасалынып, Қытай-қазақстан қатынасының орнауы, даму беталысы және оның ерекшелігі жнінде өз көзқарасын білдіру және Қытай-Қазақстан қарым- қатынасында сақталып отырған мәселелерді көрсетіп, оны шешудің жолдары қарастырылады.

Осындай мақсаттай зерттеудің мынадай нақты міндеттері туындайды:

-Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясында Қытаймен қарым-қатынастың алатын орнын анықтау

-Қытай сыртқы саясатының түп қазығы, бағыттарын көрсете отырып, қазақстанға қатысты жүргізіп отырған саясатының негізгі принциптерін қарастыру

— Қытай-қазақсан экономикалық қатынастарының қалыптасу жағдайын, ерекшеліктерін, сипатын саралау

— Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстарда қауіпсіздік мәселенің алатын орнын ашып көрсету


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий