Қызмет көрсету саласының мінездемесі мен басқару жүйелері



Мазмұны

Кіріспе 7

1 Қызмет көрсету саласының мінездемесі мен басқару жүйелері және пәндік аймақты зерттеу

1.1 ЖШС «Зодиак» қызмет көрсету саласының жалпы сипаттамасы……10

1.2 ЖШС «Зодиак» кешенінің өндірісті-шаруашылық сипаттамасы………..11

1.3 Жобаның қолданылу аймағы және тағайындалуы, мақсаты………..12

1.4 Программалық қамтамасыз етудің тіршілік циклі

және жобаға қойылатын талаптары………13

Жұмыс жобасын әзірлеу

2.1 Деректер қоры құрылымының сипатталуы. Деректер қоры кестелері аралық байланысы……….22

2.2 Программалық қамтамасыз ету құрылымы. Жоба жұмысының жалпы cхемасы…….23

2.3 Программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру

2.3.1 MySQL мен Delphi – дің байланысы…………24

2.3.2 Программалық модульдардың жұмысын Delphi кешенінде жүзеге асыру ………26

2.4 Программаны қолдану инструкциясы….27

3 Жобаның экономикалық негізделуі……….39

4 Еңбек қорғау……..46

Қортынды және ұсыныстар………52

Қолданылған әдебиеттер тізімі……..53

А қосымшасы…………55

Б қосымшасы………75

Кіріспе

Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді. Біз білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі – адамзат қозғалысындағы біріңғай процестерді автоматтандыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр. Адамзат 21-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады. Күнделікті өмірде жан жағыңа қарасаң, ақпараттық технологиялар элементтерін әрбір жерден көруге болады. Көшеде тұрған банкоматтар, сатушылар қолданатын компьютерлер, бұлар алғаш пайда болған ақпараттық технологиялар көріністері. Келе-келе бұндай ақпараттық технологиялар адамзат шаруашылығының әр саласына ене бастады. Алдымен интернет, көбімен бізге почта, кітапханаға баруды алмастырды, жазу редакторлары баспа машиналарын алмастырды, сызуды жобалау бағдарламалары үлкен парақтар мен сызғыштарды алмастырды. Ал ең дегенде үлкен жетістік ол — деректер қоры. Деректер қорылары үлкен-үлкен, талай шаршы метр алатын мұражайларды алмастырды. Бірақ бұл шешімдер тек жергілікті, локалды түрде ғана жауап бере алды. Үлкен жүйелерді автоматтандыратын қажеттілік пайда болды. Яғни кішкене ғана процесті бейнелейтін емес, сол процестерді жиып, бір-бірімен байланыстырып, орталықтан басқарылатын жүйелер жасау керек болды. Мысалға ондай жүйелердің ең жарқын көріністері: теміржол қозғалысын автоматтау, банктік жүйелер.

Қазірігі заман адамы өз өмірін компьютер қолдануынсыз сипаттай алмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемде таралған ақпараттар легі тым үлкен. Сондықтанда кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыс жасау мақсатында деректерді басқару үлкен мәселе болып отыр. Бұл үшін кейбір ұйымдар папка толған шкафтар, ал көпшілігі үлкен көлемдегі деректерді жүйелеп, құрылымдап, және тиімді сақтайтын деректер қорының компьютерленген әдісін қалайды. Қазірдің өзінде үлкен қаржылық, өнеркәсіптік және сауда-саттық ұйымдарын деректер қорынсыз көзге елестету қиын. Себебі, олар деректер қорынсыз құйылып жатқан ақпарат тасқынына тұншығып қалушы еді.

Осы ақпараттарды компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген себептері бар. Қазіргі кезде ақпараттарды электронды есептеуіш машинада (ЭЕМ) файл түрінде сақтаған, қағаз түрінде сақтағаннан арзан. Деректер қоры қолданушыға ақпаратты сақтауға, жүйелеуге және тйімді түрде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клиент/сервер технологиясын қолдану қаражат пен уақытты тиімді пайдаланып, керекті мәліметті уақытында алып отырады. Және ЭЕМ-де деректерді, сызуларды, суреттерді кез келген форматта сақтауға болады.

Жалпы деректерді өңдеу жүйесінің әкімшілігі дами отырып, автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) басқаруға көшеді.

Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) – ЭЕМ мен адамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Ол келесі функцияларды іске асырады:

— ЭЕМ-ге ақпараттарды енгізу мүмкіншілігі;

— ЭЕМ-нен ақпаратты мониторға, принтерге және т.б. шығару.

Енгізу құралдары мәтіндік, координаттық, факсималдық сияқты енгізілетін ақпараттардың кең түрдегі жиынтықтармен қамтамасыз ету керек. Сондықтанда АЖО әмбебап немесе арнайы пернетақта, координатты ақпаратты енгізу құралы (тышқан), әр түрдегі сканерлер секілді құралдармен жабдықталған.

АЖО ЭЕМ-не шығарылатын ақпараттарды таныстыру формаларының жиынтығын жоғарлату мақсатында, түсті мониторлар, дыбыс сигналдары және сөйлеу сигналдарын жасау мен басқару амалдарымен қамтамасыз етілген.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру үшін деректер қоры қолданылады. Деректер қорымен жұмыс жасауда программа желілік тұрғыда болу керек. Осыған орай әртүрлі пайдаланушыларға рұқсат құқықтарының бөлінуі, қажетті қамсыздандыру, шек қоюлар және басқа ережелердің іске асырылуы деректер қорының серверқұралдары арқылы іске асады. Деректер қоры білім қорын жүйелендіру функциясын атқарады. Осы жүйелендіру негізінде жаңа білімдер пайда болады. Солай немесе керісінше болсын қандай да бір деректер қоры адамға өткен шақта болып өткен құбылыстарды сипаттауға және осы құбылытарға байланысты ақпараттар, білімдер негізінде келешекке белгілі шешім қабылдауға қызмет етеді.

Деректер қоры дегеніміз — бұл, бәрінен де бұрын, белгілері бойынша ізделетін мүмкіндіктерімен сипатталатын деректер обьектілерін сақтаушы, деректер қорымен сипатталатын пайда болушы құбылыстар немесе түсініктемелер.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – дегеніміз,деректер қорын құру, толтыру, жаңадан құру және өшірілуі үшін бағдарламалы құралдар.

Деректер қорын басқару жүйесі үш түрге анықтауға болады:

— дербес;

— мамандық;

— нақты тапсырыспен арнайы жасалатын.

Дербес деректер қорын басқару жүйесі қолданыстың тура белгіленген жағына ие емес, «өмірдегі бар жағдайға ептелген» және қолданушыдан арнайы білімді талап етеді. Маманды деректер қорын басқару жүйесі сияқты, универсалды өндірісті әріректей арзан, жеткілікті сенімді және жұмысқа жылдам дайын.

Маманды деректер қорын басқару жүйесі бухгалтерлік, банктық және тағы басқа жұмыстардағы деректерді басқару үшін құрылады.

Тапсырыспен жасалатын деректер қорын басқару жүйесі тапсырыс берушінің максималды дәрежеде жұмыс спецификасын есепке ала отырып жасалынады. Бұл жүйе аз емес мәнге ие шығындарды талап етеді және жұмысқа дайындалуы, жетілдіру жұмыстары да аз емес уақыт кезеңін алады, яғни бірнеше айдан бірнеше жалға дейін. Қолданушыдан маманды білімді талап етпейді.

Жалпы осы берілген жүйе құндылығы, оның сақтау және өзгертуі мүмкіншіліктерімен анықталады, сонымен қатар уақыт өте келе жаңа ақпараттарды енгізуге болады.

Берілген дипломдық жоба тапсырмасы — желілер әкімшілігінің автоматтандырылған жұмыс орнын ЖШС «Зодиак» қызмет көрсету саласы мысалында әзірлеу болып табылады. Яғни, мейрамхана және биллиярд столдарын броньдау және де басқа мәліметтерді енгізіп және басқару жұмысын автоматтандырылған жұмыс орны арқылы жұмысты жеңілдету.

Дипломдық жобада келесі бөлімдер қарастырылады:

«Қызмет көрсету саласының мінездемесі мен басқару жүйелері» тарауында:

жобаның қойылу аймағы, қызмет көрсету саласының жалпы сипаттамасы, жобаның қолданылуы және тағайындалуы

«Жобасын әзірлеу» тарауында:

деректер қоры құрылымының сипатталуы, программалық қамтамасыз ету құрылымы, жоба жұмысының жалпы схемасы, қолдану инструкциясы.

«Экономикалық бөлім» тарауында:

Программа құрушының еңбек ақысына кеткен шығындар есептеу, машиналық уақыт бірлігіне жұмсалған шығындарды және жалпы шығындарды есептеу.Программалық өнімді енгізгеннен кейінгі тиімділікті есептеу және экономикалық тиімділікті есептеу

«Еңбек қауіпсіздігі» тарауында:

еңбек қауіпсіздігінің заңнамасы: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі, жалпы еңбек қорғау талаптарын

«Қорытынды» тарауында:

жасалған жұмыс жайлы қорытынды, дипломдық жоба жайында ұсыныстар

«Қолданылған әдебиеттер тізімі» тарауында;

дипломдық жобаны даярлау барысында қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар келесі құжаттардан тұрады:

программалық модульдер листингі, деректер қоры қолданбасының мәліметтеріне қатынау механизімі.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий