«Педагогикалық жүктеме журналынның автоматты түрде толтырылуы» атты өнімінің құрылуы»



Мазмұны

Кіріспе    3
1 Пәндік аяның сипатталуы    6
1.1 Жаңа ақпараттық технологиялар және қашықтықтан оқыту, Қолданушының білім беру жүйелері    6
1.2 Білім берудегі компьютерлік телекоммуникациялар    7
1.3 Мәлімет қорлары. Мәлімет қорларының қызмет көрсетуі. Бөлінген өндеу және МҚБЖ.    13
2. Құрылымдық бөлім    20
2.1. Мәселенің құрылымдалуы    20
2.2 Педагогикалық жүктеменің автоматтандырылу үдерісінің тарификациясы    22
2.2. Енгізілім және шығарылым ақпаратының сипаты    24
2.4 Бағдарламамен жұмыс істеудің логикасы және негізгі ақпараттық блоктармен жұмыс жалғастығы    29
3. Жобалау бөлімі    31
3.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің бөлінуі мен педагогикалық жүктемені есепке алудың сипаты    31
3.2. Мәлімет қорларының ерекшеленуі    34
3.3. Мәлімет қорындағы кестелер байланысы    36
4 Диплом жобасын реттеудің құрал-саймандық әдістері    38
4.1. Операциялық жүйенің қысқаша сипаты    38
4.2.  Delphi тілінің қысқаша сипаттамасы    39
4.3. Қолданылатын МҚБЖ-ның қысқаша сипаттамасы    44
5 Пайдалануға беру    46
5.1. Құрылғымен қамтамасыз етуге арналған талаптар    46
5.2. Қолданушыға арналған ереже    46
5.3. Бағдарламашыға ереже    51
6. Экономикалық бөлім    52
6.1 Әзірлеу мен ендіруге кететін шығын есебі    52
6.2 Жобаның техникалық жабдықталуына кететін шығын есебі    59
6.3  Экономикалық тиімділік негізі    60
7. Айналадағы ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар    63
Қорытынды    69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі    71
А қосымшасы    72

Кіріспе

Ақпараттық технологиялардың және компьютерлердің өміріміздің барлық дерлік деңгейлеріне кірігіп кеткені жат нәрсе емес, білім беру саласында да осы жаңалық өз орнын тапты. Телекоммуникациялар жүйесі мен есептеу техникасы мұнда қолданудың әртүрлілігін табуда. Көп жағдайларда, бұлар білім беру жүйесінің тек   тиімділігін  жақсартумен ғана шектелмейді, сонымен қоса жастарға бұл жүйенің ұғынылықты және түсінікті етуіне жәрдемдеседі. Айтуға тұрарлық жағдайлардың бірі, қазаіргі заман талаптарына сәйкес ақпараттарды өңдеу және берілудің техникалық заттарын және технологияларын үйрену қандай да бір білім беру жүйесінде өте маңызды сипатқа ие, тіпті әліппені үйренудің маңыздылығымен салыстыруға болады.
Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесінде нақты қалай қолданылады? Басқа да жүйелерде сияқты, олардың кең көлемде қолданылуы көбіне мәтіндік құжаттарды – шығармаларды, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды – дайындау барысында қолданылады. Мұндай жай қолданудың өзі, көптеген технологиялық тізбекті қодануды және оны меңгеруді талап етеді, атап айтқанда, сканерді, мәтінді тану программасын, мәтін редакторын, суреттерді өңдеу программасын, принтерді, т.б. қолдану сияқтылар. Мұның бәрін үйренуде қиыншылық туғызғанымен, кейін мәтін құжатымен жұмыс жасау, «қайшы мен желім» көмегімен жұмыс жасауға қарағанда, әлдеқайда тез және қызықты болады.
Компьютерлік сауаттылықтың маңызын ескергендіктен, мектеп және гимназия басшылары өз оқу орындарында компьютерлік сыныптарды ашуда. Мұнда мектеп программасында міндетті пән болып табылатын информатика сабақтары өткізіледі. Бұдан басқа, компьютерлерді басқа да мақсатта қолдануға тырысады, мәселен, жоғарыда айтылғандай рефераттарды дайындау, CD-ROMда және Интернет желісінде оқыту материалдарына қол жеткізу. Компьютерлік сыныптардың тағы бір маңызы – мектеп оқушыларының көбінде жанұяларында компьютерлер жоқтығынан мектептегі информатика сабақтары ақпараттық технологиялармен танысудың бірден бір құралы.
Білім беру жүйесінде компьютерлерді қолдану соңғы жылдары мултимедиа мүмкіндікиерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Яғни мәтіндік, аудио және видео материалдардың бірыңғай электронды оқу құралында жиналуы деген сөз. Қазіргі кезде мультимедиа мүмкіндіктерін ескеретін арнайы мектеп бағдарламалары пайда бола бастады.
Мультимедиа оқу-құралдарынан басқа, CD-ROM әдебиеттер тізімін құрауда да қолданылады.
Интернет желісінде білім беру сайттарының саны әрдайым өсу үстінде. Олардың көбінің негізгі мазмұны білім беру жүйесіне тікелей қатысты, мәселен, әдебиеттер тізімі, оқу крстарының бағдарламалары, әдістемелік құралдар, оқу орындары жайлы мәліметтер, газет пен журналдардың электронды түрлері және т.б.
Электронды коммуникациялар дамуының қазіргі таңдағы көрінісінде  қашықтықтан оқытудың  (ҚО) үлкен болашағы бар деп айтуға болады.  Сырттай оқытудың дамушысы болып табылатын, ҚО бұрындары қол жетпеген мүмкіндіктерді ашады: Интернет желісінен институт деңгейіндегі   оқыту материалдарын алу, орындалған тапсырмаларды электронды пошта арқылы жіберу, Интернет жүйесі арқылы оқытушылармен қарым-қатынас орныту (пошта арқылы хаттар жазысу, онлайн конференцияларына қатысу), оқыту программаларын студенттердің қабылдау деңгейін уақытымен бақылау және әрбір студентке оқыту курсының жылдамдығын жекелей   таңдау және т.б. Бүгінгі таңда бірнеше оқу орындарында ҚО түрінің түлі формалары пайдаланылады.
Жақын арада, ҚОдың одан әрі дамыған формаларын қолдану көзделіп отыр, мысалы, оқыту жүйесін қамтамасыз етуде оқыту құралдарының және басқа да материалдардың  институт сайтында орналасуы.
Еуразия ұлттық университетінің аса маңызды инновациялық жобасы – жалпы ЕҰУнің білім беру жүйесінің ұйымдасуы мен ғылыми-әдістемелік құралдардың жаңа жоғары деңгейге көтерілуі.
Бұл жобаның іске асуында ЕҰУ ұстанған стратегиясы білім беру жүйесін ұйымдастыру және инновациялық жолдарға үйрету мен оларды жобалау және ЕҰУнің барлық факультеттерінің ғылыми методикалық жұмыстарына оқыту меттодикалық оқыту ұйымдастырушылық жұмыстарының енгізілуі (инновациялық жобада факультеттің қатысу қатыспауына қарамастан).
Жоба көлемінде университет ЕҰУнің ректорат пен барлық факультеттерінде масштабты деңгейде оқыту методикалық және әкімшілік басқару персоналының  квалификацияларын көтеруді жүзеге асырды.
Инновациялық білім беру бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуын, сол секілді білім беру сапасын басқарудың  автоматтандырылғаны  жүйесін жасамдау мен енгізуге қажетті негізді жасау үшін ЕҰУ оқу кешенінің автоматтандырылған білім беру жүйесін жетілдіру, қайтадан қалыптастыру мен дамыту жұмыстарын жүргізу керек.
Көптеген әрекеттердің сапасы мен жылдамдығы ақпараттың  тез қолға түсушілік мүмкіндігімен, сақталуымен және сапалы өңделуімен белгіленеді.  Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар бұл әрекеттерді айтарлықтай жеңілдетуге, бірыңғай ішпыстырарлық жұмыстарды азайтуға, ақпараттың статистикалық мағлұматы жөніндегі жұмысты тез әрі жылдам мүмүкіндік туғыздыруға, қателер санын азайтуға көмектеседі.
Оқу орындарында айтарлықтай көлемді жұмыс қатарына жоспарлау, үйлестіру және оқу жылына арналған педагогикалық жүктеменің орындалу реттемесі туралы жұмыстар, сабақ кестелерінің және оқу жоспарларының құрылуы жатады. Бүгінгі таңда бұл жұмыс түрінің автоматизациялануы жүргізіліп жатыр.
Жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің ұйымдасуында өзіндік айырым белгілері мен ерекшеліктері бар, соның ішінде педагогикалық жүктеменің жоспарлануы мен реттелуін айтуға болады.
Бұл диплом жұмысының мақсаты оқытушылардың педагогикалық жүктемелерінің автоматты түрде толтырылуы болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерттелуге жататын диплом жұмысының міндеттерін анықтайық:
— білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын анықтау;
— оқыту жүйесінің ұйымдасу және оқытушыларға, кафедра мен жоғары оқу орынның факультеттеріне берілген оқыту жүктемесінің қалыптасу ретін қарастыру;
— педагогикалық жүктеме журналының автоматты түрде толтыруын қамтамасыз ету үшін мәлімен қоры арасындағы қатынасты әзірлеу;
— педагогикалық журналдың автоматты түрде толтыруын іске асыратын бағдарламалық өнімді әзірлеу және сипаттау;
Диплом жұмысын жазу барысында жоғары оқу орында оқу жөнінде бөлімшесіне жауапты қызметкердің жұмыс орнын алмастыратын автоматтандырылған бағдарламалық жабдық әзірленді.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий