Мәлімет алмасуды үйымдастыру және мәліметтер қорының классификациясы



Мәлімет алмасуды үйымдастыру. Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады. Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні “алып бару” және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару” әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады. Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі: • Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін); • Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді. Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады: • Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді; • Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады; • Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді; • Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады. Мәліметтер қорының классификациясы Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi. МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар. Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді. Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation — ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады. Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға: • Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру; • Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады: • Реляционды алгебра тілдері; • Реляционды есептеулер тілдері. Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады. Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты. Мәліметтер құрылымының үшінші түрі – желілік МҚБЖ. Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады: 1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау; 2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау; 3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк). 4) ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий