Массивтер



Мазмұны

Кіріспе…3-4

І тарау. Массив типті айнымалылар.

1.1. Массив түрлері және оны сипаттау……..5-8

1.2. Массивтің ең кіші элементін іздеу…….9-11

1.3. Массив түріндегі жолдық айнымалылар………12-16

ІІ тарау. Файлдармен жұмыс істеу.

2.1. Файлдардың түрлері және мәтіндік файлға мәліметтер жазу..17-22

2.2. Бір өлшемді массивтер………..23-26

2.3. Екі өлшемді массивтер………..27-30

Қорытынды……..31

Қолданылған әдебиеттер тізімі…….32

Кіріспе

Осыған дейінгі қарастырылып келген мәлімет типтері қарапайым болып есептеледі. Себебі олар тек бір ғана обЪектіге яғни бір ғана санға немесе символға қатысты ғана қолданылады. Turbo Pascal-да бір типке жататын бірнеше элементтерден тұратын обектілерді де пайдалануға болады. Массив осындай бір типке жататын элементтерден құралатын құрылымдық тип болып табылады.

Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (Integer,real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.

Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болаты. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.

Массив сипаттамалары:

  • Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
  • Көлемі – массив индекстерінің саны;
  • Шектелімі — әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
  • Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.

Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.

Массивтің кез келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау барысында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде сипатталған шектеуден аспауы тиіс. Егер массив индексвінің мәні сипатталған шектеуден асып кетсе онда, смнтаксистік қате тіркеліп экранда «Index type is not compatibie with declaration» деген сөз тіркесі шығарылады.

Массивтер қолданылатын программаларда «{R+}» директивасын жазу арқылы массивтің шектеулерін тексеруге болады. Егер программада «{R+}» директивасы беріліп, массив индексі шектеуден асып кетсе, онда экранға “Range check error” сөз тіркесі шығарылады. Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal программалау тілінде оларды бірден varбөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.

Turbo Pascal программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндіктер береді.

Екі өлшемді немесе көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін, олар сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс. Екі өлшемді массивтерді тік төртбұрышты таблицалар немесе матрицалар деп қарастыруға болады. Сондықтан мұнда баған және жол ұғымдары өз мағыналарында қолданылады.

Екі өлшемді массив элементтері екі индекспен анықталады. Айталық mat[3,2]:=7 түріндегі өрнек mat матрицасының үшінші жолы мен екінші бағанының қиылысуындағы элементі 7-ге тең екенін білдіреді. Екі өлшемді массиверді енгізу үшін for…do цикл операторлары қолданылады.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий