Компьютерлік вирустар және оның түрлері



Жоспар.

 I. Кіріспе ……… 2

II. Негізгі бөлім.

2.1.Компьютерлік вирустар дегеніміз не?………. 3

3.1.Компьютерлік вирустың түрлері.

3.1.1.Вирустардың негізгі жіктелуі ………. 9

3.1.2.Аты шулы вирустар ……. 19

4.1.Вирустарға қарсы күрес.

4.2.Антивирустік программаларға шолу …… 22

III. Қорытынды ………. 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……… 29

Кіріспе.

Менінің курстық жұмысымның тақырыбы –«Компьютерлік вирустар және оның түрлері»

Қазіргі кезде компьютерлер әлемінің ең маңызды мәселесі болып компьютерлік вирустар болып табылады. Компьютерлік вирустар комьютерге белгілі бір жолдар арқылы енеді де, ақпараттарды өшіреді, компьютердің қатты дискісінің жадын керексіз мәліметтермен толтырады не одан да басқа да зиянды іс — әрекеттер жасайды. Мұның арты орны толмас зардапқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан әр компьютерде жұмыс істейтін адам компьютерлік вирустар туралы, оның зиянды әрекеттерітуралы білгені дұрыс.

Менің бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – электрондық есептеуіш машиналарға едәуір зардаптар әкелетін компьютерлік вирустардың мән – мағынасын ашу, оларға талдау жасау және негізгі зардаптарын көрсету.

Менің курстық жұмысым негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – кіріспе. Екінші бөлім – негізгі бөлім. Ол үш тараудан тұрады: бірінші тарауда жалпы компьютерлік вирустар ұғымына тоқталдым, ал екінші тарауда компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне және әлемде өте көп таралған аты шулы вирустарға тоқталып, келесі тарауда осы компьютерлік вирустарды жоятын, олардың зардаптарын емдейтін антивирустарға жалпы шолу жасадым. Енді осы аталғандарды толығымен ашып көрсетейік.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий