Жергілікті желі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 тарау. «ЖЕЛІЛІК КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ»  АРНАЙЫ КУРСЫ ЖАЙЛЫ 5

1.1 Пән мақсаты мен міндеті 5

1.2 Пән мазмұны 5

1.2.1 Тақырыптар атаулары, олардың қысқаша мазмұны және осы тақырыпты меңгеруге бөлінетін оқу сағаттары көлемі 5

1.1.3 Лабораториялық жұмыстар 7

1.1.3.1 “Wіndows операциялық жүйесінің желілік мүмкіндіктері” 7

1.1.3.2 “Жергілікті желілерде жұмыс істеу мүмкіндіктері” 9

2  ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ АНЫҚТАМАСЫ МЕН ТОПОЛОГИЯСЫ 13

2.1. Жергілікті желінің алар орны мен қызметі 13

2.2. Жергілікті жүйелер топологиясы 18

2.3. Топология ұғымы 22

2.4  «ШИНА»  ТОПОЛОГИЯСЫ 25

2.5  ЖҰЛДЫЗ ТОПОЛОГИЯСЫ 27

2.6 «САҚИНА» ТОПОЛОГИЯСЫ 30

2.7  ӨЗГЕ ТОПОЛОГИЯЛАР 32

3   МӘЛІМЕТТЕР ТАРАТУ ОРТАСЫ 36

3.1 “Витая пара” негізіндегі кабельдер 37

3.2 КОАКСИАЛЬДЫ КАБЕЛЬДЕР 43

3.3 ОПТОВОЛОКОНДЫ КАБЕЛЬДЕР 45

3.4 БАЙЛАНЫСТЫҢ КАБЕЛЬСІЗ КАНАЛДАРЫ 47

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 51

КІРІСПЕ

Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді.

Бірақ кейбір қолданушылар көп таралған әдебиеттерде қарастырылған желі мүмкіндіктері туралы мәліметпен шектеле алмайды. Оларға желі адаптерін компьютерге қосу, адаптер мен концентраторды кабель арқылы жалғау немесе дискілерді бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программаны іске қосу жеткіліксіз. Олар желі қондырғыларының қалай өзара байланысатынын, қандай алгоритм қолданатынын, бір-бірінен айырмашылықтарын да білгісі келеді. Жоғары немесе орта арнайы техникалық білімі бар мамандар желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай емес.

Сондықтан, біздің университетте информатика мамандықтары студенттері үшін «Желілік компьютерлік технологияң  арнайы курсын еңгізу қажеттілігі туындады. Дипломдық жұмыста осы арнайы курстың мақсаты, міндеті, мазмұны анықталады. Қазақ тіліндегі желі туралы әдебиеттер жоқ болғандықтан, біз осы жұмыста жергілікті желі орны мен қызметі, түрлері туралы толық тоқталып отырмыз. Себебі, көптеген оқытушылар лабораториялық жұмыстарда желі қызметі туралы көптеген қызықты мәселелерді оқытып-үйрете алатын болса да, теориялық материалдардың жетіспеушілігі салдарынан лекция оқу қиындыққа соқтырады.

Міне, осы аталған себептер осы дипломдық жұмыстың мақсатын, актуальдығын, қажеттілігін, міндетін және мазмұнын анықтайды. Жұмыс соңында біздің университетегі жергілікті желі қалпы туралы да сөз ете кеткенді жөн көрдік


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий