Желі және желілік хаттамалар



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ФАЗА
1.1 Жобаның негізгі мақсаты

1.2 Техникалық шарттарды әзірлеу, жобалау объектісіне қойылатын талаптар және олардың негіздемесі
1.3 Жалпы мәліметтер
1.4 Желі топологиясының түрлері
1.5 ЛЕЖ құруға арналған технология
1.6 Желі жабдығы
1.7 Желіні басқару
2 ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН КАБЕЛДІ ЖҮЙЕ
2.1 СКЖ – локальды желінің негізі
2.2 Әртүрлі мөлшердегі кәсіпорындар үшін желілік инфроқұрылымды жобалау мен енгізу.
2.3 Сымсыз корпоротивтік желілерді құруға арналған шешім
3 АҚЫРҒЫ ФАЗА
3.1 Желілік жабдықты есептеу
3.2 Жобалаудың архитектуралық фазасы.
3.3 Көлденең кіші жүйенің кабелін есептеу.
3.4 Fast Ethernet хаттамасының өткізгіш қабілетін Ethernet барынша өндірісіні есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Әлемде болып жатқан ақпараттық коммуникациялардың даму процестері әлем қоғамының жаһандық ақпараттық қоғамды құруға жылжуының объективті факторы болды. Іс жүзінде «ақпараттық» деген атқа ие болған кезекті өнеркәсіптік революцияның басталатыны туралы әңгіме болып жатыр. Ақпараттық ресурстардың және компьютерлік желілердің дамыған инфрақұрылымының халықаралық интеграциясы кез келген пайдаланушылардың қашықтыққа және пайдаланылатын есептеу техникасы құралдарына қарамастан, нақты уақыт масштабында ақпараттың кез келген түрін алу үшін іс–қимылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар осы жүз жылдықтағы озық елдердің дамуындағы негізгі ресурстарының бірі болып жатыр. Алғаш рет жеке елдер арасында, сондай–ақ ел ішінде де ақпараттық теңсіздікті жою мүмкінідігі пайда болады. Әсіресе бұл кең аумағында ақпараттық дамыған қалалары және өңірлерімен қатар әлсіз телекоммуникациялық инфрақұрылымы бар аумақтары бар (бірінші кезекте бұл ауыл аудандарына қатысты) Қазақстан үшін аса маңызды. Цифрлық ақапараттық технологиялар мен ақпарат берудің кеңжолақты сымсыз желілерінің дамуы – осы проблеманы шешудің перспективтік жодарының бірі. Компьютерлік желілерді жер – жердегі енгізу осы саладағы фундаментальдәік теорияның алда келе жатқан дамуымен, талдау және жинақтаудың инженерлік әдістерін жасаумен, компьютерлік желілерді жобалау мерзімдерін қысқарутға және сапасын жақсартуға бағытталған жобалауды автоматтандыру жүйелерімен сүйемелденуі тиіс. Бүгін изоляцияланған компьютердің функционалдығы өте шектулі болады. Істің мәні пайдаланушылардың алыстатылған жүйелерде орналасқан ауқымды ақпараттық ресурстарға қол жетімділіктен айырылуында да емес. Изоляцияланған жүйе қазіргі кезде талап етілетін икемділік пен масштабтыққа ие болмайды. Бөлек орнатылған жүйелер арасында деректермен ауысу мүмкіндігі бөліп таратылған ресурстар, оларға әкімішілік теу және акқпаратты бөліп сақтаудан бастап (желілік файлдық жүйелер, файлдық жүйелер, файлдық мұрағаттар, жойылған қолжетімділігі бар ақпараттық жүйелер) желілік есептеу ортасымен аяқталатын толықтыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Бүгінгі күні желілер – бұл қарапайым және жеңіл қызмет көрсетілетін құрылғылар ғана емес. Олар қорғауды, қадағалауды және қызмет көрсетуді талап етеді. Бұдан өзге, желілер жиі бір мекеменің шегінен шығады және жаһандық болып кетеді. Компьютерлер арасында локальді байланыстарды жасау үшін кабельдік жүйелердің, желілік адаптерлердің, қайталама–концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және бағыттаушылар, сондай–ақ ұзақ желілер бойынша деректер беру аппаратурасы–модемдер пайдаланылады. Қазіргі уақытта бірқатар стандарттар, желілік технологиялар, әр түрлі желілік операциялық жүйелер бар. Осылайша, нақты ІЛЖ жасау кезінде барлық болуы мүмкін шарттарды, факторларды ескере отырып дұрыс таңдау жасаған маңызды. Ымыралы шешім табу қажет,мысалыға алғанда, құн мен басқа да сипаттамалар арасында. Барлығы қолдану шарттарына сәйкес болуы тиіс. Өткені шағын фирмалар қоятын талаптар, ірі ұйымдар тарабынан келіп түскен талаптардан маңызды ерекшелінеді. Желі үлгісін таңдау көптеген факторларға байланысты болады: кәсіпорын көлеміне, қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне, бизнес түріне, желілік трафик көлеміне, желіні пайдаланушылардың қажеттіліктерін, қаржылық шығындарды және басқалар.Желілік технологияның икемді ортасын, сондай–ақ жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің біріңғай желілік ортадағы жұмыс сыйымдылығына өзара іс–қимылдарын анықтау рәсімі маңызды бөлімі болып табылады. Сондай–ақ аппараттық–бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау кезінде техника–экономикалық зерттеу жүргізілді. Түгел министрліктің және жекелеген департаменттердің, агенттікітердің, ведомстволардың, бөлімдердің ішкі желіде жеке пайдаланушылар, сондай–ақ жеке департаменттер, агенттіктер, ведомстволар, бөлімдер арасында ақпаратпен ауысу жылдамдығына және қамтамасыз етілуне желілерін ұйымдастыру кезінде желілік технологиясын таңдау дұрыстығының әсері зерделенді.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий