АҚШ сыртқы саясаты



Жоспары

Кіріспе3

1-тарау. Рональд Рейган – АҚШ-тың 40-президенті (1981-1988)5

1.1 Американың 40-президенті Р. Рейган5

2-тарау. Рональд Рейганның билігі жылдарындағы Америка5

2.1 Президент әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты5

2.2 Неоконсерватизмнің өркендеуі7

2. Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты8

2.2 Президенттік биліктің екінші мерзімінде8

3. Билл Клинтон жүргізген ішкі және сыртқы саясатты талдау12

3.1 Бір полярлы әлем жүйесінің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ әкімшілігінің саясаты12

Қорытынды15

Пайдаланылған әдебиеттер17

Кіріспе

1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде «Американың экономикалық қайта өрлеуі» атты бағдарлама дүниеге келген еді. Бұл бағдарламаның негізінде мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол арқылы капиталистік бәсекені арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат «рейганомика» деп аталып, оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге асыруға құлшына кірісті.

Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент болатын.

Егер де журналистердің, саясаттанушылардың және тарихшылардың түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол американдық саясатта Франклин Д. Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер енгізген президент болып табылады.

Біздер мұның куәсі ретінде жақында ғана оның қайтыс болғаннан кейінгі жерлеу рәсіміне қатысушылар санының көптігі мен оны ардақтап қоюдың сән-салтанатынан-ақ байқағанымызды айтуымызға болады.

Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. XX ғасырдың соңғы онжылдығында әлемдік қарым-қатынастарда тектоникалық күрделі өзгерістер болып тұңғыш рет әлем тарихында евразиялық емес держава гегемонияға ие болды. Бұл онжылдық Америка Құрама Штаттарының бұдан былай жападан жалғыз супердержава екендігін паш етті. КСРО-ның экономикалық және саяси ұтылысының нәтижесінде бүкіләлемдік саяси аренада нағыз глобальдық деңгейдегі мемлекет АҚШ болып қалды.

«Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.

АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб-пәтері бар» .

Әрине КСРО мемлекетінің ыдырауы Д. Буштың президенттік ету кезеңіне дөп келгенімен (оны Р.Рейганның ізбасары деп қабылдады, себебі ол Р.Рейган кезеңінде вице-президент еді) бұл процеске септігін тигізген тарихи тұлғаның бірі осы Р.Рейган болатын. Сондықтан да курстық жұмыстың өзектілігі біздер үшін айқын бола түседі.

Деректік шолу. Рональд Рейганның саяси тарих сахнасынан кеткеніне де және қайтыс болған кезеңінен де көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен оның президенттік ету кезеңіне байланысты орыс тіліндегі әдебиеттер көп-ақ . Тіпті Э.А. Иванянның «Рональд Рейган: Хроника жизни и времени» атты кітабы оның президенттігі аяқталғанына екі-үш жыл өтпей-ақ, ізін суытпай жатып жазылды. Кітапта идеологиялық біржақтылық басым болғанымен автордың Рейганның саясаткерлігіне тәнті екендігі айқын менмұндалап тұр.

Рональд Рейганның өзі жазған «Американдық өмір» атты мемуары қызықты та, қарапайым тілменен баяндалған . Әзірге қазақ тілінде жазылған жұмыстар жоқтың қасы десем шындықтан алшақтай қоймаспын. Келешекте бұл кемшіліктің орны толар деген үміттемін.

Сондықтан да мен курстық жұмыстың мақсаты

Біз жоғарыда діттеп көрсеткен мақсатқа жету үшін курстық жұмыс міндеттері мыналарды қамтиды:

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, …. тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий