Ақпаратты қорғау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 Құпия ақпаратты қорғаудың өткені мен бүгінгісі 4

2 Ақпаратты қорғау әдістері 10

2.1 Қол жеткізуге шек қою 11

2.2 Аппаратураға қол жеткізуді тексеру 13

2.3  Ақпаратты шифрлау әдістерін қысқаша шолып өту және олардың түрлері 14

2.4  Жанама электр-магниттік сәуле шығару есебінен ақпараттың шығып кетуінен қорғану 19

2.5  Авариялық жағдайлардан ақпаратты қорғау әдістері 20

3 Ұйымдастырушылық шаралар 22

ҚОРЫТЫНДЫ 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34

КІРІСПЕ

Алдыңыздағы курстық жобаның мақсаты —  ақпаратпен жұмыс істейтін кәсіпорындардың ақпарат қорғау жүйелерін жобалау мәселелерін зерттеу.

Қорғаныштың мақсаты – қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқа кетіруге бағытталған әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің бірыңғай жүйесін құру.

Бұл курстық жобада дайындалған қорғаныш жүйесінің негізгі міндеттері:

 жасырын және өте жасырын ақпаратты онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау;

 деректер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзертуден қорғау; деректер мен программалардың бұзылуының салдарынан болатын шығындар көлемін азайту;

 есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын алу және т.б.

Сенімді қорғанышқа сауатты қауіпсіздік саясаты және оны сақтау арқылы жетуге болады.

Жасалатын ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар: тұжырымдамалық тұтастық, икемділік, функционалдық тәуелсіздік, пайдйлану ыңғаайлығы, берілетін құқықтарды шекеу, бақылаудың толықтығы, қарсы әрекет жасаудың белсенділігі және тиімділігі.

Курстық жобада программалық қыстырмалар, құпиясөздер, симметриялық және ассиметриялық криптожүйелер, электрондық цифрлық қолтаңба шифрлау стандарттары, ақпарат қорғау жүйелерін жобалау кезеңдері, кепілдіктің түрлері, жүйе сенімділігінің негізгі өлшемдері, қауіпсіздік саясаттың негізгі элеметтері, тораптық шабуылдар, қауіпсіздік саясаттың тораптық жайлары қарастырылған. Қазіргі заманғы компьютерлік жүйелердің қорғанысын бұзып өту технологиялары сипатталған.


Бөлім: Информатика

Добавить комментарий