Қазақстандағы БАҚ саласындағы қоғамдық пікірлер



МАЗМҰНЫ
Кіріспе………3

І БӨЛІМ. ХХІ ҒАСЫР – АҚПАРАТ ҒАСЫРЫ……..5
1.1 Қазіргі кездегі ақпараттық технологияның міндеттері мен принциптері…………5
1.2 Еліміздегі ақпараттық индустрия және қазақ тілді бұқаралық ақпарат………..10
1.3 Бұқаралық ақпарат құралдарына сұраныс………..16

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАР……24

2.1 Экономикалық мәселелер туралы……………24
2.2 Қазақ тілі туралы кейбір өзекті ойлар……31

2.3 Дін мәселелері туралы………..39

Қорытынды……46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………49

КІРІСПЕ
Біз біртұтас байланыс ғасырында, яғни бүкіл жер шарындағы адамдар жалғыз ақпараттық ағымға сүйенген заманда өмір сүрудеміз. Бұл жаңа замандық халықаралық байланыстың нәтижесі. БАҚ көпшілік адамдар үшін өмірде екінші сатыға қойылатындықтан, оған жеңіл қарайтындар да кездеседі. Мұндай көзқарас біржақты ғана пікір, өйткені: көпшілік байланыс жүйесі біздің әлеуметтік тұрмысымызда көптеген жағдайлармен тығыз байланысады. Мысалы, газет, теледидар секілді ақпарат құралдары қоғамдық пікір тудыруда және біздің өмірімізге тікелей әсер етеді. Бұл тек біздің көзқарасымызды қалыптастыруда ғана емес, қоғамдық өміріміздегі көптеген жағдайлармен байланысуында.
Мәселенің өзектілігі.
Бұқаралық ақпарат құрлдарын қарастырғанда ең көне ақпарат таралымы газет-журнал, басылымдарды алдым. Газет – БАҚ тарихында өте бір ерекше орын алатын ақпарат құралы, өйткені оның таралуы ыңғайлы, көптеген мәселелері сан қилы. Бір газеттің ішінде түрлі ақпараттар, соңғы жаналықтар, тұтынушылар тауарларымен қызғылықты көптеген нәрселерді табасыз. ХХ ғасырда газеттер оқырмандар арасында өте жоғары сұраныстағы, саяси құрал болды. Оның ықпалы қазір де басым. Жарты ғасырдан артық уақыт бойы газет ыңғайлы әрі жедел ақпарат таратудың құралы болып келеді. Радио, кино шыққалы оның әсері сәл әлсірегені де рас.
Қазіргі таңда мәселенің зерттелу кезеңі.
Жалпытеориялық және методолгиялық тұрғыдағы саяси коммуниацияны дамыған замандағы зерттеулер әлеуметтік ақпараттандыру және ақпараттандырылған қоғам құруда үлкен орын алатын белгілі.
Қазақстандық зерттеушілердің ішінде К.Бектұрғанов, С.А. Коновалов, А.А. Нұрмағамбетов, Е.К. Алияров, Г.Д. Асамбаева, Д.А. Өтешовтың коммуникация процестері туралы еңбектері белгілі.
Қазақстандық зерттеушілердің коммуникативистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бағыты коммуникацияның маңызы, ролі, оның байланыс каналдары және коммуникациялық тәсілдерін, сондай-ақ коммуникаторлар мен ақпарат көздері және көпшілік аудитория мен жалпы қоғам арасындағы екі жақты байланысын зерттеді.
Жұмыстың мақсаты.
Міржақып Дулатұлының «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор», А.Байтұрсыновтың «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ойға сүйене отырып қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын сонын ішінде газет журнал басылымдарын талдып, қарастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелерді баспадағы пікір арқылы қарастыру.
Жұмыстың объектісі.
Қазақстандағы БАҚ саласындағы газет – журнал басылымдары.
Жұмыстың пәні.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы коғамдық пікірлер.
Жұмыстың міндеттері.
бұқаралық ақпарат құралдарынын басты міндетін мен принциптерін талдау;
басылымдарымыздын қаншалықты сұранысқа ие екенің анықтау;
мемлекеттік тіліміздегі газет, журнал, басылымдары қаншалықты қолданыс аясында екенің аңықтау.
Эмпирикалық база.
Жастар ісі және ішкі саясат жөніңдегі департаментін тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижелері жұмыстың эмпирикалық базасы болып табылады. (Оңтүстік Казақстан өңірі, 2003ж., N=500). «КОМКОН-2 Евразия» жетекшілігімен «БАҚ-тың қоғамдық өміріндегі рөлі» атты зерттеу жұмыстың эмпирикалық базасы болып табылады. ( N= 300). Астана қаласы бойынша өзіндік зерттеу (N=200).


Бөлім: Журналистика

Добавить комментарий