Экология проблемасының мерзімді баспасөздегі көрінісі ( «Егемен Қазақстан», «Атамекен» газеттері бойынша)



Мазмұны

Кіріспе

І тарау
«Қазақстан экологиясының бүгінгі жай-күйі»

ІІ тарау
«Қазақстандағы экологиялық проблемаларының мерзімді баспасөздегі көрінісі»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам өз өмір сүріп отырған табиғатының таза болуын қадағалағап, табиғат байлықтарын жан-жақты пайдалануға тырысып жүр. Бірақ, әр түрлі өндіріс қалдықтары, жер мен су және атмосфера ластанып, қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр. Қазіргі табиғаттың күйі мүшкіл. Экологиялық апатты аймақтар жылдан – жылға көбеюде.
Бүгінгі таңда халқымыз шегіп отырған экологиялық зардап бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Семей, Байқоңыр, Балқаш, Каспий проблемаларын адамдардың қолымен жасалған. Осындай қауіп пен қатерді болдырмау үшін экологиялық мәдениет қажет. Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалануды мектеп табалдырығынан бастап, жоғарғы оқу орындарында іске асыруға тиіспіз.
Еліміздің батысында да, шығысында да экологиялық жағдайлар өршіп тұр. Өндіріс қалдықтары, металдың ерітінділері, тіпті бір ғана Аралды шаң-тозаң басып бара жатқаны адам денсаулығына әсерін тигізеді. Әсіресе, апатты аймақта өмір сүріп отырған халықтың денсаулығы төмендеген. Жерден нәр, ауасынан дем алып, суымен шөл қандыра отырып, табиғатымызды қорғамасқа болмайды. Еліміздің экологиялық проблемаларын нақты сараптай отырып, дәлелді пікірлермен жеткізуге тырыстым. Газет бетінде жарық көрген мақалаларды мазмұнына қарай топтай отырып, дәлелденген қажетті ақпараттарды жинадым.
Тақырыпты таңдаудағы мақсатым – бүгінгі таңдағы экология проблемасының мерзімді баспасөз беттерінде көтерілу дәрежесін анықтап, экологияның шынайы тағдырын көрсете білу еді.
«Табиғат – адамның өз үйі» дейді. Бұндай ұғымды санамызда қалыптастырып, өз ошағымызға айналған табиғатымызды аялау қажет. Әйтпесе, табиғат байлығын ысырапсыз пайдаланамыз деп, оның кәріне ұшырап қалмасымызға кім кепіл? Сондықтан да табиғатқа бей-жәй қарап отыруға болмайды. Табиғат – Ана бізсіз өмір сүре алар, ал біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Әлемдік климаттың өзгеруімен қатар, Қазақстанның климатының өзгергені қатты байқалады екен. Тек қана топырақтың құнарсыздануы ауылшаруашылығына зиянын тигізді. Тіпті ядролық қарудың сыналғанын айтпағанның өзінде, радиоактивті қалдықтардың жиналғаны қаншама. Демек, жер де экологиялық апаттың алдында тұр. Полигонды аймақта тұрып жатқан халықтың денсаулығы нашарлаған. Осындай экология зардабынан сақтану үшін қажетті шаралар қолданған жөн.
Ең бастысы- табиғатты қорғау ісінде экологияны насихаттап, элологиялық проблемаларды тудырмау қажет.


Бөлім: Журналистика

Добавить комментарий