«Түркістан» газетіндегі саясат тақырыбы: сипаты, ерекшелігі



Кіріспе …… 2

І ТАРАУ. «Түркістан» газетінде ішкі саясат мәселелерінің жазылуы
1.1. «Түркістан» газетінің ел саясатындағы орны ……… 4
1.2.«Түркістан» газетіндегі Парламент жұмысының көрініс табуы …… 10

ІІ. ТАРАУ. «Түркістан» газеті сыртқы саясат туралы
2.1. Ресей мен көрші елдер жайындағы саяси сараптама ……. 22
2.2.Ислам әлемі және Батыс жайындағы сараптамалық мақалалардың ерекшелігі ……. 30

Қорытынды …… 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……. 40

КІРІСПЕ

Журналистика маңызды әлеуметтік-саяси құбылыстардың бірі болып табылады. Бүгінде осы маңызды жүйе – баспасөз құралынсыз қоғам өмірін елестетудің өзі мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде қалыптастқанға дейін белгілі тарихи кезеңдерден өткені белгілі. ХҮІ ғасырда журналистика адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезде қаланғаны мәлім. Тарихи даму мен қалыптасудың жолдарынан өтіп, өзінің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін айқындады және ұтқыр құрал болып қалыптасты. Бұлай дейтін себебіміз, одан өзге ешқандай құрал дәл осы журналистика секілді әлеуметтік-саяси ақпараттармен жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде халықты қамтамасыз етіп көрген емес.
Бұл тұрғыдан келгенде адамның сана сезіміне, іс-әрекетіне әсер ете отырып, олардың көзқарастары мен мақсатарының қалыптасуына ықпалы зор екендігін ерекше атап айтқан жөн. Қай кезеңде де журналистика қоғам өміріне етене араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен елеулі түрде қозғау салды. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көптеген салаларда шешім шығаруға, оны жүзеге асыруға ықпалы зор болды. Сөйтіп, журналистика қоғамдағы әлеуметтік институттарының бірі болып қалыптасты. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тұрғыдан тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Журналистиканың саяси рөлін көбіне баспасөзбен байланыстрып жатамыз. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Журналистиканының саяси-әлеуметтік қоғамдағы орны зор екендігіне ешкім қарсы пікір айта алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның кез келген саласымен тығыз қарым-қатынас орнатуының өзі біраз мәселені аңғартады. Журналистиканың көпқырлылығы да осы әлеуметтік саламен тығыз байланысатындығында болса керек.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат қоғамында болып жатқан кез келген мәселеге, оқиға мен көріністерге әлеуметтік-саяси тұрғыдан баға беріліп жатады. Және оған бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы өте зор болмақ. Бұл тұрғыдан келгенде қазаргі қазақ тілді журналистиканың қоғам өмірінде өзіндік орны бар деп білеміз. Елдің ішкі және сыртқы саясатындағы жалпы үрдісті талдап сараптауда «Түркістан» апталық газетінің алатын орны ерекше. Газет беттерінде жарияланған саяси сараптама орайындағы мақалалардың саяси-әлеуметтік, идеологиялық-танымдық қырлары тақырыптық ерекшеліктері, авторлардың қоғамдық позициялары оны ғылыми тұрде зерттеуге негіз жасап отыр. Осы орайда, газет шығармашылық еркіндік пен публицистің ой толғамдарын дербес жеткізулеріне белгілі дәрежеде жағдай жасап отырғанын атаған жөн. Аталмыш бағыт бойынша жасалған журналистік туындылардың кәсіби деңгейін анықтау, тақырыптың айқындалуындағы шеберлік пен біліктілік дәреженің жетістіктерін бағамдаудың маңыздылығы айтарлықтай. Диплом жұмысының тақырыптық өзектілігі осында деп білеміз.
Диплом жұмысының мақсаты: — «Түркістан» апталығында саясат тақырыбында таяу мерзімде жарияланған мақалаларды талдау, сол арқылы газеттің саяси сипатын жасау;
— газеттің ел саясатындағы орнын белгілеу;
— парламент жұмысының «Түркістан» газетіндегі сарапталу ерекшеліктерін айқындау;
— халықаралық шолу, талдамалы мақалалар мен сараптамалардың мазмұндық салмағын таразылау.
Диплом жұмысының міндеттері:
— «Түркістан» газетінің қазіргі қазақ мерзімді баспасөзіндегі орнын белгілеу;
— ҚР Парламенті жұмысының тыныс-тіршілігін, жалпы жұмысын көрсететін мақалалардың салмағын арттырудың жолдарын айқындау;
— Саяси сараптамалардың берілуіндегі елеулі ізденістерді анықтай отырып, тақырыптың ашылуындағы тың қадамдар мен тәжірибе боларлық тұстарды айқындап, ашып көрсету;
— Ресей және басқа да мемлекеттердің ішкі жағдайларына қатысты саяси мәселелердің көтерілуіндегі ұстанымдар мен қоғамдық позицияларды жіктеу;
— Ислам және Батыс әлемі жайындағы зерттеу мақалалардың берілу формалары мен мазмұндық ерекшеліктерін талдау.
Диплом жұмыстың құрылымы: Жалпы жұмыс екі тараудан, төрт тараушадан, кіріспе мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


Бөлім: Журналистика

Добавить комментарий