БАСПАСӨЗ



ЖОСПАР

КІРІСПЕ……………………….2

I. БАСПАСӨЗ БЕДЕЛІ — ТІЛ ТІРЕГІ

1.1 Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі……………4

1.2 Баспасөз тілінде жаңа сөздер шығуы………..11

II.ҚАЗІРГІ БАСПАСӨЗ ТІЛІ: ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2.1 Қазіргі баспасөз тілі………19

2.2 Ұлттық баспасөздің мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі………………….26

ҚОРЫТЫНДЫ…………………35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………..36

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» ана тіліміздің терминогоия саласын қазіргі талаптарға сай кемелдендіру қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру жолындағы келелі міндет болып отырғаны айтылған. Бұл орайда қазақ тілінде сөйлеуге тиісті ғылым салаларының бірі – баспасөз тілі.

Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. «ҚР-дағы тілдер туралы» заң қазақ тілінің статусын көтеріп, оның дамуына заңдық негіз жасады. Қазақ тілі бұдан былай ғылым мен білім, конференциялар мен форумдар, ресми шаралар, қызметтік жиналыстар, корреспонденциялар мен құжаттар, іс-әрекет пен қарым-қатынастар, шетелдердегі дипломатиялық өкілдер қызметі, халықаралық келісім-шарт, ресми қабылдау тілі болуы керек.

Осыларды іске асыру барысында жүзделген, мыңдаған баспасөз терминдер пайдаланылатыны белгілі. Аталған шаралардың бәрін орындау үшін ғылымның, техниканың, мәдіниеттің, іс қағаздарының барлық салалары бойынша екі тілді түсіндірме сөздіктер болуы қажет.

Бұрыннан белгілі, бірақ басқа саяси жүйеде қабылданған кейбір интернационалдық терминдердің қазақша баламалары қайта қаралып түзетілді. Жаңадан таңдап алынған халықаралық және орыс терминдеріне қазақ тілінің бай лексикасынан олардың мазмұнын дұрыс және дәл ашатын, мәні мен мазмұны бірдей баламалар берілді.

Бұрыннан әр түрлі себеппен қазақшаға аударылмай жүрген халыққа белгілі терминдердің біразына олардың мәні мен мазмұнын дәл ашатын жаңа баламалар берілді. Кей терминдердің қазақша баламалары дұрысталды, көптеген терминдердің түсіндірмесі қайта редакцияланып, қазіргі орфографиялық нормаға келтірілді.

Сөздіктегі әрбір түсіндірме мақала терминнің ана тіліміздегі аталымынан басталады; одан әрі кейбір терминдердің орыс тіліндегі нұсқасын, қандай терминнен аударылып жасалғанын, қай елдің сөзінен шыққанын оқырманға аңдату мақсатында этимологиясы, яғни шығу тегі мен төркініне қатысты мәлімет беріліп отырды. Бұған жалғасатын анықтаманың мүмкіндігінше дәлме-дәл, тұжырымды, ықшам, ұғынықты болуына үлкен мән берілді. Одан арғы мәтіндегі ақпаратта түсіндірме сөздік түзу ережелеріне сәйкес ұғымның тарихы, қолданылу аясы, түрлері, қазіргі қолданымы секілді деректер ғана қамтылды.

Бұл курстық жұмыс баспасөз терминологиясының дамуы, ұлттық баспасөздің мемлекеттік тілді дамытудағы рөлін қарастырады


Бөлім: Журналистика

Добавить комментарий