ҒТР ЖӘНЕ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ



ҒТР дегеніміз-ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту.

Әлем шаруашылығының өнеркәсіптік дамуында үш революциялық кезең болып өтті.

1.Өнеркәсіптік революция 18 ғасырдың 70 жылдарынан 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін қамтыды, осы кезеңде қол еңбегін машина өндірісі алмастырды.Негізінен тігін, тоқыма өнеркәсібі дамыды.

2.19 ғасырдың 70 жылдарыныан 20 ғасырдың ортасына дейінгі аралықты екінші кезең қамтыды.Осы кезеңде жекелеген механизмдер мен машиналарды тоқыма, тігін салаларында ғана емес, өнеркәсіптің барлық салаларында енгізді.

3.Өндірістік революция 20 ғасырдың 50 жылдарында басталып, осы кезге дейін жалғасуда.Осы кезеңді ҒТР деп атауда. Себебі ол қоғамның өндіргіш күштерінің толықтай сапалық тұрғыдан өзгеруіне әкелді. Ғылым әлемде таусылмайтын, керсінше көбейіп, дамып отыратын қорға айналды. Ғылымың негізіндегі жаңа технологиялардың маңызы артып, оның ҒТР мәні тереңдей түсті. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының, орналасуының тарихы және қазіргі уақыттағы факторлары. Әлемнің шаруашылығын зерттеу барысында ғалымдар өндірістің дамуының белгілі бір заңдылықтарын байқаған.Осы теориялардың ішінде Н.Д.Кондратевтің «Ұзын толқындар» теориясын айтуға болады. Осы теория бойынша әлем шаруашылығы өндірістердің орналасуы 50-60 жыл ішінде қайталанып отыратын өндірістік жаңалықтарды енгізудің нәтижесінде дамыған.Әлемнің әрбір аймақтарындағы негізгі өндіріс салаларының орналасу факторлары өзгеріп, өндірісі дамыған, шоғырланған аймақтар пайда болады.

Әлем шаруашылығы – бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір — бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі. Ол өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Адамзат қоғамы негізгі даму кезеңдерінде 3-кезеңнен өтті. Олар: аграрлық (осы кезеңде негізінен ауыл шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылықтар дамыды), индустриалды (өнеркәсіптік революцияның XVIII-XIX ғасырдағы нәтижесі. Осы кезеңде әлем шаруашылығының құрылысында өнеркәсіп жетекші рол атқарды. Ал XX ғасырдың 2-жартысында ҒТР-ның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа типі –постиндустриалды тип қалыптаса бастады.

ҒТР-ның негізгі әсері қызмет көрсету саласының дамуы. Нәтижесінде соңғы уақытта әлем шаруашылығында жекелеген елдерде де шаруашылықтың салалық құрылымдарында нақты 3-деңгей қалыптасты деуге болады. Осы заманғы әлемдік өнеркәсіп күрделілігімен және аса диверсификацияланған құрылымымен ерекшеленеді. БҰҰ жіктеуі бойынша әлем шаруашылығында 300-ден аса салалар мен сала ішіндік құрылымдар бар. Кез келген елдің әлем шаруашылығына байланысы осы елдің индустриализациялануы деңгейіне өнеркәсіптің қуатына, ішкі нарығының сыйымдылығына байланысты.

Өнеркәсіп өнімінің құрамы мен номенклатурасы (өнімнің түрлері) бойынша АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған елдер кіреді.

Интеграция-шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғарғы формасы. Ол жоғарғы дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі мен корпорациялық байланыстардың нәтижесі.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:

1.Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы машина өндірісінің ролін сипаттап жазыңыз.

2. «Халықаралық экономикалық интеграция ұғымын» сипаттаңыз.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде көрсетілген оқу-әдістемелік әдебиетке сілтемелер)

1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. — М.: Гардарики, 2003 . — 704 с.

2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.

3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. — М.: Гардарика, 2002. — 928 с.

4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.-2004 г.

5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. — 336 с.

6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.

7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.

8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. — Саратов: Лицей, 2000.

9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.

10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. — Алматы: Қазақ университеті, 1998.

11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. — М.: Лицей. 2000. — 240 с.

12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.

13.Страны мира: Справочник. — М: Республика. 2000. — 480 с.

14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов — Ростов-на-Дону, 2001 .

15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. — Минск: Высшая шк., 1985.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий