ХХ ғ. КСРО – дағы қазақ диаспорасы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе………3-10

1 Орталық Азия елдеріндегі қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайлары………..11-48

1.1 Қазақ диаспорасының таралу тарихы……………11-36
1.2 Өзбекстан қазақтар…………………….36-41
1.3 Қырғызстандағы қазақтар………..41-46
1.4Түркіменстандағы қазақтар……..46-48

2 Кавказ елді мекендеріндегі қазақ диаспорасы……………..49-52

2.1 Әзербайжан қазақтары…………..49-50
2.2 Грузия қазақтары…………….51-51
2.3 Армения қазақтары………51-52

3 КСРО – ның славян елдеріндегі қазақтардың өзіндік өмірі………………53-56

3.1 Белорусиядағы қазақтар…………….53-55
3.2 Украинадағы қазақтар……..55-56
Қорытынды………………….57-64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………….64-66

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта еліміздіе әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.
Кеңес дәуірі кезеңінде ұлт саясаты үлкен бұрмаланумен жүргізілліп келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді.
Қазақ халқы Ахмет Жұбанов айтқандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Күлтегін, Білге қаған, Елтеріс ұаған билеген көк түрік заманындағы көк сүңгілі қақтығыстар, әлем әмірші болуға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы ат сауырынан қан кешкен алтапат шайқастар мен жоңғар шапқынышылығы кезіндегі жойқын соғыстар, қалаберді қандыбалық Ресейге бодан болғаннан кейінгі жолбарыс жүректі Кенесары хан мен арыстан білекті Науырызбайдың, Исатай – Махамбеттің, Сырымның, Жанқожаның, Есеттің ұлы азаттық жолындағы көтерілістері ен даланы еркін жайлаған ержүрек қазақ халқының үнемі қанатын қырып, қатарын селдіретумен болған.
Қазақ тарихындағы ең қайғылы кеңес үкіметі орнағаннан кейін басталады. Патша жарлығына қарсы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің соңы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісіне ұласты. «Жаным – арымның садағасы» дейтін қазақтар енді ақ және қызыл болып екіге жіктеліп, тағыда жауына жем болды. Азамат соғысы аяғы 1921 жылы ұлы жұтқа келіп тірелді. Жалғыз атын қонағына сойып беретін ақпейіл қазақ өзі ашығып жатса да орталыққа вагон – вагон азық – түлік жөнелтті.
1932 жыл. Бұл қазақ халықының арғы – бергі тарихындағы ең қаралы жыл. XX – ғасыр басында дүние жүзі түркі тектес халықтары ішінде осман түріктерінен кейін 2 – ші орынға шыққан өскелең халық зорлықпен жүргізілген голощекиндік коллективтендіру кезінде тең жартысынан астамынан айырылды. Бұл бір халыққа бағытталған геноцид ішіндегі тарихта өте сирек кездесетін қанды қырғын еді. Қазақ халқының жартысынан астамы ажал құшағына беріліп, бұл зұлматты да соңына тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды.
1937 жыл. Кеңес империясын толықтай үрей билеп, әлемдегі ең үлкен державаның бас көтерер азаматтары сталиндік репрессия құрбандары болды. Осында террор қазақ жерінде 1926 жылдан басталып, Ж. Аймауытов сияқты боздақтар 1929 жылдың өзінде – ақ ату жазасына кесілді. Ақтар мен қызылдардың қырғынынан енді ғана ес жинаған халыққа тағы бір соққы 1937 жылғы репресия болды. Толық емес мәліметтер бойынша сталиндік қанды қырғын тырнағына кілең сайдың тасындай 70 мыңға жуық қазақ қайраткерлері ілінген. Бұл тарихи оқиғалар қазақтардың басқа республикаларға, шет елдерге кетуіне себепші болғандығы бізге анық.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде «досына – адал, дұшпанына – қатал» қазақ халқының қару ұстауға азаматтары майданға жіберілді. Олардың 350 мыңы қайтадан оралмады. Қазақтардың қайта оралмауы сол мекендерге қазақ диапорасының құрылуына әкелген.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл он жеті жыл толады. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Өткен он жеті жылдық мерзімде көптеген жұмыстар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз да мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата-заңымыз қабылданды, демократиялық плюрализмнің құрылымдары пайда болды, ұлттық ақшамыз айналымға түсті, еліміздің қарулы күштері құрылды, жаңа елордамыз бой көтерді т.с.с. Қазақстан қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Соңғы жылдарда ғасырлар бойы ата бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, өз қандастарымызбен мәдениетімізді да-жақты зерттеуге ұмтылудамыз. Осыған байланысты қазақ диаспорасы зерттеп, зерделеу қолға алынды.
Ұзақ жылдар бойы әкімшілік – әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасы тарихын: саяси-әлеуметтік, мәдени, демографиялық жағынан зертттеуді көптеген ғалымдар қолға алды. Қазіргі таңда интеграция мәселесі, қазақтардың санын көбейту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып келеді. Сондықтан осы мәселелерге байланысты көптеген шаралар қолға алынуда. Ал ғалымдардың тұрғысынан сараптама беру, дүниетанымы ғылыми зерттеулер мен диаспоралогияға байланысты монографиялар жарыққа шыға бастады. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі бүгінгі күні қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, тарихи, рухани және ғылыми жаңаруларға байланысты анықталады.
Бір кездегі тұтас қоғам бөлініп-жарылудың аз-ақ алдында тұрды. Солшылдар, оңшылдар, неше түрлі ұлтшылдар – бәрі де елдің қоғамдық және экономикалық құралымының қандай болмағы керектігі туралы айтып жатысты. Бәрі де әлеуметтік, ұлттық, экономикалық әділеттіліктің қалпына келуін талап етісті. Әйтсе де оны әркім өзінше түсінетін – және бәрі де: әлеуметтік жеңілдіктер мен теңдікті қайта оралтуды талап ететін коммунистер, рынокты абсолюттендіру мен парламенттік республиканы жақтайтын либералдар, ата-бабаның қаны сіңген туған жерде қазақтардың ерекше құқы болуы керек деп мәлімдейтін ұлтшыл-патриоттар, өздерінің артықшылықтары – орыс тілінің мемлекеттік мәртебесі мен қос азаматтықты сақтау үшін күресетін орыс – славян қозғалысының активистері, бәрі де өзінше дұрыс айтатын. Жеке-дара алғанда олардың уәждері кәдімгідей иланымды естілетін, алайда бәрі қосыла келгенде әбден шатысқан және кереғар түйінге айналатын, ол түйін барған сайын тарыла келіп, жаңа туған мемлекеттілікті тұншықтыру қаупін төндіретін.
Жақында ғана «кеңестік шинельден» шыққан, әлемнің баламасыз бір бейнесі мен ортақ құндылықтар жүйесі танылған адамдар бостандыққа қолы жеткеннен кейін де жұрттың бәріне бірдей жағатын біртұтас кереғарлықсыз ақиқаттың болмайтынын түсіне алмай-ақ қойды. Шынтуайтында, елдегі сол ауан тоталитарлық қоғамдық құрылыстың қирауына қайта құрудан кейінгі көзқарастың жалғасы еді. Қоғамға ондаған жылдар бойғы үн-түнсіз төзімнің өтемақысы қажет.
Шындығында да қазақтар мың өліп мың тірілген халық. Міне, осы халық ХХ ғ. 90-шы жылдары қыран бүркіт көтерген күн сәулелі көк туын Біріккен Ұлттар Ұйымы сарайында желбіретіп, еркін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл халқымызға жаңа қуат, соны серпін берді. Тамырын тереңінен алатын алып бәйтерек сияқты ұлы халық жапырағын жайқалтты. 1992 жылы маусым – мамыр айларында дүниенің төрт бұрышындағы қазақтардың саны он жарым миллионға жетті.
Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтарының бірі. Оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізге шет елден ағылған ұлы көштің алды ата мекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «…ұлттық қауіпсіздіктің маңызды приоритеттерінің бірі демографиялық және миграциялық саясат» — деп көрсетіп берді. Бұл дегеніміз қазіргі таңда жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасына да тікелей қатысы бар екендігін біз білеміз. Сондықтан тарихи демографияның, оның ішіндегі жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасын зерттеу қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелердің бірі.
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен немесе шекаралардың сан түрлі саясаттарға байланысты өзгеріп, өзеріксіз басқа елдердің азаматтары болып қалған қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен кұннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі (30%) өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.
Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан мемелекетіміз жаңарған кезеңде қазақ диаспорасы мәселесіне бетбұрыс жасап, оған тереңірек көңіл бөліп, жан-жақты сараптау, зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Қазақ диаспораларының қалыптасу тарихы және Кеңес Одағы құрамындағы Орталық Азия елдеріндегі қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайлары, Кавказ елді мекендеріндегі қазақ диаспорасы және кейбір славян елдеріндегі қазақ диаспорасының өзіндік өмірін баяндау негізгі мақсаты.
Осы мақсатты қолға ала отыра келесі мәселелерді шешуге талпындық. Олар:
— қазақ диаспорасының таралу тарихы қарастыру;
— Өзбекстандағы қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайы салыстырмалы түрде сараптама беру;
— Қырғызстандағы қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайы баяндау;
— Тәжікстандағы қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайы бүкілодақтық санақтарға жүгіне анықтама беру;
— Түрікменстандағы қазақтардың саны және әлеуметтік жағдайы жан –
жақты жаңаша тұрғыдан көрсету ;
— Азербайжан, Грузия, Армения республикаларындағы бүкілодақтық санақтарға жүгіне қазақ диаспорасының санын анықтау ;
— КРСО құрамына кірген кейбір славян елдеріндегі қазақтардың өзіндік өмірі қарастыру.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. КСРО дәуіріндегі ұлттық территориялық межелеу процесі тұсындағы қазақ халқына кеңес өкіметнің валюнтаристік саясаттан жапа шегуі жаңа көз қараспен бағалау. Қазақ диаспорасының пайда болуы тарихын жаңа тұрғыдан қарастыру, бүкілодақтық санақтарын зерделеп жақын жатқан елдердегі қазақ ұлты өкілдерінің санын анықтау. Кеңес Одағы құрамында болған Орталық Азия, Кавказ, кейбір славян елдеріндегі қазақ диаспорасын бүкілодақтық санақтарға сүйеніп салыстырмалы түрде статистикалық тұрғыдан санын анықтау, көшіп кету себебіне сараптама беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ диаспорасының әлем бойынша таралу тарихы туралы еңбектер жазған Н. Алексеенко, И. Орлянский, А. Асылбеков, Н. Бекмаханова, М. Тәтімов, Н. Масанов, Г. Мендіқұлова, З. Қабылдинов, Ә. Бақтыбаев, В. Козина, А. Галиев, Ж. Ермекбаев, Ғ. Қозғанбаева, А. Айдосов қазақ диаспорасаның пайда болу тарихы мен әлем бойынша таралу тарихы туралы қомақты еңбектер жазған.
Кеңес өкiметiнiң көші-қон саясатында арнайы үрдіс ретінде тұрғындарды жоспарлы түрде қоныстандыру процесіне тарихнамалық шолу бұл мәселеге тарихшылардың ғана емес, сондай-ақ, социологтардың, экономистердің, демографтардың да қалам тартқанын көрсетеді [1]. Тақырыптың түп төркiнi тұрғындарға келiп тiрелетiндiктен, олардың Қазақстандағы саны, құрамы, орналасуы 1897-1999 жж. аралығындағы санақтардың деректеріне сәйкес зерттелді [2]. Бірақ, 1970 жылдарға дейін Қазақстандағы тарихи демографиялық мәселелер, соның ішінде әміршіл жүйе жағдайындағы көші-қон мәселесі толығымен ашылмады. 1970-1980 жылдары ХХ ғасыр басындағы Қазақстан халқының демографиялық дамуы мәселелерін арнайы қарастырған зерттеулер жарық көре бастады. Бұл еңбектерде халықтың этнодемографиялық дамуындағы өзгерістердің себебінің бірі – көші-қон процесі қарастырылды.
Қазақстандағы ХIХ – ХХ ғғ. Жүрген көші-қонның тарихы, оның халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсері, көші-қон процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысы алғаш Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, Ф.Н. Базанова, В.М. Кабузан, Н.В. Алексеенко зерттеулерінде сараланды [3]. Мысалы Ф.Н. Базанова еңбектерінде республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуындағы көші-қон қозғалысының әсерін көрсете отырып, оның күрделі де көп салалы процесс екендігін дәлелдейді. Алайда, бұл зерттеулер кеңестік дәуірдегі идеологиялық ұстанымдарға сай баяндалған. Кеңестiк дәуірдегі көпұлтты Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер мәселесiне М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалиев еңбектерiнде жан-жақты талдау жасалынып, кеңестiк кезеңдегі Қазақстан тұрғындарының көшi-қонының тарихи негiздері Ә. Ғали, А.Н. Алексеенконың және т.б. [4] зерттеулерінде зерделенді. Зерттеулерде әлеуметтiк-демографиялық сипаттамалардың динамикасы құнды деректермен дәлелденіп одақтас республикалардың даму кезеңдерiмен салыстырмалы түрде алынды. М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның бірлескен еңбектері мен 1991 ж. 9-11 шiлдедегi «ХIХ-ХХ ғғ. Уралдағы, Сiбiр, Орта Азия және Қазақстандағы демографиялық процестер» атты Бүкiлодақтық ғылыми конференцияда қарастырылған негiзгi зерттеулер Қазақстанның ұлттық құрамының қалыптасуына, ана мен бала өлiмi, көшi-қон үрдiстерiне т.б. бағытталды [5]. Қоныстандыру, көшi-қонның басқа да түрлері және оның салдарының нәтижесi ретiндегi тұрғындар құрамындағы өзгерістер мен ұлттық сана-сезiм, ұлттық құрам туралы да зерттеулер жарияланды. Мысалы, М.Қ. Қозыбаевтың, Ж.Б. Әбілғожиннің, М. Тәтiмовтің, Қ.С. Алдажұмановтың, М.Қ. Қойгелдиевтің, Т.О. Омарбековтiң және т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарында демографиялық детерминизм жағдайындағы кеңестiк дәуiрдегi халқымыздың ұлттық дамуындағы ащы шындықтар ашып көрсетілдi [6].
Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiнің көшi-қонға, демографияға тиесiлi жерлерi, мысалы республикадағы жұмысшы табы мен шаруаларды қалыптастыру мен дамыту мәселесiне М.Х. Асылбеков, С.Нұрмұхамедов, Н.Г. Пан үшеуінің, Б.Н. Әбішева, А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, С.Б. Нұрмұхамедов Ю.И. Романовтың, С.Б. Баишевтің еңбектері арналды [7]. Бірақ, бұл құнды зерттеулердің барлығында 1960-1990 жж. арасындағы Қазақстанда жүрген көші-қон үрдістері мен олардың негізгі нәтижелері зерттеудің негізгі мақсаты болмаған. Ол еңбектерде көші-қон процесі тарихи болған процесс ретінде қарастырылғанымен, көші-қон ерекшеліктері, халықтың орналасуы мен құрамындағы өзгерістері жете зерттелмеген.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы тарих ғылымының дамуында Кеңес өкiметі кезеңiндегі әлеуметтiк-демографиялық үрдістердің барысы мен салдарын ашуға, көшi-қон мәселелерiнің республика халқының сапалық және сандық құрамындағы өзгерістерінің қалыптасуындағы алатын орнына мән беру күннен күнге артуда. Тоталитарлық жүйе жағдайындағы кеңестiк идеологияның қоғам өмiрiн, яғни адамдардың әлеуметтiк, саяси ортадағы тарихи-психологиялық, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға әсер еткендiгiн ескерсек, зерттеу нәтижелерiнiң ақиқаттары әлi де өз оқырмандарын табары күмәнсіз.
ХХ ғ. Соңында ауыл халқының 1960-1990 жж. өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы, көші-қон мен халық құрамының ішкі үрдістік ерекшеліктері қарастырылған Н.В. Алексеенконың, Н.З. Тәкіжбаеваның санақ материалдарына негізделген докторлық диссертациялары қорғалды [8]. Н.В. Алексеенконың еңбегі, Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына арналған В.В. Козинаның және Жетісу өлкесі бойынша М.К. Төлекованың докторлық диссертациясы мен ғылыми еңбектері, сондай-ақ О.Д. Табылдиеваның ХХ-ғасырдағы Маңғыстау халқы, ал, Ә.А. Какенованың Солтүстік Қазақстан аймағы халқы бойынша мақалалары жарияланды [9]. Бұл зерттеулерде Қазақстандағы көші-қон жалпы тарихи оқиғалардың аясындағы мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Кеңес дәуірінде сырт елдердегі қазақтар тарихы, олардың көші-қоны, жалпы дамуы идеологиялық тиымға сәйкес қарастырылмады. Осы мәселелер елімізде алғаш Г.М. Меңдіқұлова, А.В. Коновалова, З. Қинаятұлы, Л.Т. Қожакеева, З.Е. Қабылдинов тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданды [10]. Ресейлік және алыс шетелдік ғалымдардың еңбектерінде де Қазақстандағы демографиялық ахуал, оның ішінде көші-қон үрдістеріне байланысты бірқатар мәселелер қарастырылады (Р. Конквест, С.Г. Уиткрофт, Х. Дэвис, А.Р. Льюс, Н.Р. Роулэнд, Н.Ф. Бугай, М.П. Малышева, В.С. Познанский, С.И. Брук, Ю.А. Поляков, В.Б.Жиромская және т.б.[11].
Алдымен қазақтардың шашыраңқы диаспорасы қанша, олардың орналасуы және пайда болу тарихы деген өзекті сұрақтар туындайды.
Диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағына білдіреді. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз ата – мекеніне қайтып оралғандарға репатрианттар деген термин қолданылады. М. Тәтімов диаспора сөзін қазақша шашырау, ал репатрианттарды ізгі тілекпен тарихи Отанына қайтып оралған майтабадар деп атаған. Ал екі халықтың ортасында отырып, не қазақ не тағы басқа халықтың құрамына кірмейтіндерді маргинал терминімен аталады. Қазақстанан тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде шашырап кеткен қазақ диаспорасының саны 1991 жылдың соңы мен 1992 жылдың басында жалпы саны 3 миллион 400 мың деп есептелінді. Ол халқымыздың 32,2% яғни үштен бірін құрайды. Қазақтардың шет елдердегі шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан, қырғыз халқынан біршама көп, ал түркмендармен бірдей, башқұрттардан екі еседен артық. Осының өзін – ақ олардың бәрін қоссақ, бір қауым халық екені белгілі.
Қазақ диаспорасының кең ауқымды екенін келесі салыстырулар арқылы байқауға болады. Айталық өз республикасынан тыс жердегі пайызыдық көрсеткіштері жоғарлығы жағынан армян, тәжік, белорустардан кейінгі төртінші, ал шет елдеріндегі жалпы саны жағынан бұрыңғы Кеңес одағында армян мен украиндардан кейінгі үшінші орын – қазақтарға тиесіл болды.
Ұлттық диаспора деп Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп келген халықты айтамыз. Себебі Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың жартысынан астамы, яғни 1,8 миллионы (1993 жыл бойынша) өзінің ежелгі ата – мекенін бұрынғыдай жайласа, ал қалған 1,6 миллионы бөтен жерлерді қонстанған. Қазіргі Қазақстан Республикасының территориясы бүкіл қазақтың ата – мекеніні тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек қазақтың ежелгі ата – мекені 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 12 млн. Шаршы шақырымы Ресейде (600 мың шаршы шақырым), Орта Азияда (200 мың шаршы шақырым) және Қытайда (400 мың шақырым) қалып қойды.
Қазақ саны өзінің негізгі орналасқан кең ареалынан сыртқа қалай шығып кеткені туралы қысқаша айтсақ, бұл ағымның басталуы ақтабан шұбырынды кезіндегі күшті жауынгершілік оқиғасымен байланысты болған. Солтүстік шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылдан бастап шегінуге мәжбүр болған халық, солтүсті – батысқа қашып, қазіргі Орта Азия жеріне көп санымен тереңдеп енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан әбден күйзелген қазақтың ру – тайпалары Ташкент маңындағы құрамалар сияқты қайта құрылып, сол аймақтарда бір жола қалып қойғандар да баршылық. Тамды аймағыда, Мырзашөлде және Шаршық бойында қазақтар ежелден – ақ сол жердерде тұрып келген. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғандығына байланысты қазақтар өздерінің ежелден мекендеген шығыстағы жеріне 150 жылдаң соң қайта орала бастады. Бұл көшу 1754 жылдан бастап, әрқилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана аяқталды.
Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жауынгеншіліктен кейін отаршылды та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобыл бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен жер аударылған көшпелілер Солтүстік – батыстан Оңтүстік – шығысқа қарай біртіндеп көше бастады. Отаршылық кезең шамамен 1650 жылдан бастап, 1916 жылғы көтеріліске дейін жалғасып келген. Ол тым ұзаққа, шамамен екі – үш ғасырға созылған ұзақ мерзімді процесс болғандықтан қазіргі күнге дейін өзіндік бағасы берілмей келген.
Қазіргі Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының бұрыңғыдай қоныс аударуы азамат соғысы жылдары кенеттен жаңа күшке ие болды. Қарапайым халықты ақтар әскері бір ығыстырса, қызылдар әскері келіп тағы бір ығыстыратын. Бірнеше жылдарға созылған ұлт – азаттық азатық көтеріліс, төңкеріліс және азамат соғысы жылдарында аштықтан қырылғандар мен оққа ұшырығандары (шамамен 900 мың), ата – мекенінен көшкенінен бір жола көшіп кендердер (шамамен 200 мың) яғни кемшілік миллионнан асқан.
Үш бірдей 1931-1933 жылдарға созылған қызылқырғыннан барлық шығыны 2 млн. 300 мың адам болған. «Асыра сілтеу» деген бұл қырғынның ресми түрде саяси аты ғана, ал халықтың аты «мешін жылғы апат». Ал енді осы ересен демографиялық апатәлі күнге дейін өзінің «қызыл қырғын» деген атын алған жоқ [12].
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кітапханаларындағы сирек қорда сақтаулы кітаптар мен қолжазба бөліміндегі сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер қарастырылған. Зерттеу барысында Г. Мендіқұлованың «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхожение и развитие», Алматы 1997г. еңбегі әр зерттеушіге шет елде қазақ диаспорасы қалай пайда болды және қалай дамыды деген сұрақтарға толық жауап бере алады. Қазақ диаспорасын зерттеймін деушіге маңызы зор. Жоғарыда аталған еңбекте Қытай, Турция, Үндістан, Ауғанстан т.б. елдерге қазақ ұлты өкілдерігің көшуі т.с.с процесстер туралы жазылған. Сонымен бірге Итоги Всесоюзной переписи населения 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 гг., распределения занятого населения Казахской ССР областей и г. Алма-Аты по отраслям народного хозяйства. Алма-Ата: Государственный комитет Казахской ССР по Статистике и анализу. 1991 г. Перепись 1939 года, документальный источник Центрального Государственного Архива Народного хозяйства. Материалы к серии «Народы Советского Союза». (Москва: 1990), Исупов А.А. Национальный состав населения СССР: По итогам переписи 1959 года. М.: Госстатитиздат, 1964 сияқты статистикалық материалдарды, История переписей населения и этнодемографические процессы в Казахстане. Агентство Республики Казахстан по статистике. – Алматы, 1998.- 87 с., Перепись населения и ее социально-экономическое значение– Алматы, 1996.- 57 с., қолдандым.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий