ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар: барысы мен дағдарысы



Мазмұны

Кіріспе2

1-тарау. ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар: барысы мен дағдарысы4

2-тарау. 1935 жылдардан кейінгі кезең: халықаралық қатынастардың ширығуы13

3-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы. Мюнхен конференциясы19

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

ХХ ғасырдың 30-40 жылдары арасындағы халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршілерін табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздеді. Италия Жерорта теңізін «Итальян көліне» айналдыруды, Балкан түбегі мен Таяу Шығыс елдері, Африканың шығыс және солтүстігінің бір бөлігін өзіне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлігін, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппин мен басқа «оңтүстік теңіз» елдерін өзіне қаратуды көздеді. Ең ірі фашистік-милитаристік мемлекеттер — Германия мен Жапония дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты «дүниенің сегіз бұрышын бір шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына біріктіру» деп ашық жариялады. Фашистік Германия үкіметінің басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы неміс әскери қолбасшылығының құпия мәжілісінде сөйлеген сөзінде өз саясатының мақсатын а) Еуропада үстемдік, ә) жүз жылдық дүниежүзілік үстемдік деп айқын белгіледі.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға түсті. Италия Эфиопия (Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтүстік-Шығыс Қытай) оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты Қытайдың ірі қалаларымен қоса үлкен территорияларын өзіне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристері Хасан көлі ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы Халкин-Гол өзені алқабында Моңғол Халық Республикасының территориясына енді. Кеңес және моңғол әскерлері басып алушылардың шабуылына тойтарыс берді.

Міне, осы сияқты елеулі оқиғалар орын алған ширек ғасырдай уақыт аралығындағы әлемдік тарихқа өзгеріс енгізген кезеңнің келбетін сомдап шығу, саяси-экономикалық дағдарыстардың себебін талдап, мәніне бойлау өз өзектілігін әлі күнге жоғалтқан жоқ деп санаймын. Сондықтан да осы шағын курстық жұмыста аталған мәселелердің байыбына баруға талпыныс жасалды.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий