Түрік селжұқтар



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе………………3-7б.

І. – Тарау. Түрік селжұқтардың шығу тегі және Кіші Азияға қоныстануы…………………8-31б.

ІІ. – Тарау. Крестілер жорығы және монғол шапқыншылығы кезіндегі Селжұқ сұлтанаты……….32-45б.

ІІІ. – Тарау. Селжұқ сұлтанатының әлеуметтік — экономикалық және саяси ахуалы…………46-55б.

ҚОРЫТЫНДЫ ……………..56-60б.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………….61-62б.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Еуропа мен Азияның қатар қоныстанып жұрген жерге көшпелі қауымның бір бөлігін құраған түрік-селжұқ сұлтанының қалыптасуы, отырықшы мәдениетпен етене араласуы және оларды өз үрдісімен байыта отырып жан-жақты дамуы кейіннен үлкен империяға айналуы – еуропалықтардың Американы ашуымен пар-пар. Бүгінгі тәуелсіздік жағдайында түркілік тұтастықты, үзілген байланысты қалпына келтіру жағдайындағы бірден –бір дамыған мемлекет – Түркия екендігі белгілі. Әлем халқының бір-біріне жақындасып түсінісуі жолында мемлекеттер арасында қарым-қатынас елеулі роль атқарады. Орта ғасырларда түркілену процесінің кең жайылуымен байланысты Селжұқ ұрпағының Шығыс Рим территориясында үлкен күш-қайрат жұмсау арқылы өз мемлекетең қалыптастыруы Еуропалық және орыстық көзқарас бойынша жаулап алушы есебінде тараса, мұсылман әлемі үшін олар өз тамырын кеңге жайған, Батыстан төнген қатерге өз бастарын тіккен жауынгер халық есебінде де көрінеді.

Гильом де Рубруктың шығысқа саяхаты кезінде Селжұқ сұлтаны Кей-Кубарты Кен –ханның сарайынан көргендегі жайында айтады. 9 Ташкент — Бишкек — 1996 г., 405 – 409 стр. [1,22]

Біз осы уақытқа дейін тарихқа еуропалардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз. Дәлірек айтсақ, осы уақытқа дейін тарихқа еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән беребермейміз. Дәлірек айтсақ, осы уақытқа дейін адамзат тарихының парқы мен нарқы негізінен еуропалықтардың тәлім-танымы бойынша жазылып келді. Біз Батыстан Шығысқа қарай аттанғандардың бәрін ұлы қолбасшысы ретінде танып, олардың үрім-бұтақ, зәузатына дейін жаттап өстік. Ал Шығыстан Батысқа аттанғандар шетінен жабайылар, қанішерлер ретінде санамызға орнықты. «Әлем әміршісі» — Александр Македонскийдің билік құрған аймақтары негізінен Азия құрлығын Жер орта теңізіне шектес шалғайлары ғана болса да, он өзі патшасы өлген күні-ақ ыдырап күйреді. Ал, түрік қағандары Қытай қорғанынан бастап Қара теңізге дейінгі аралықта бірнеше ғасырлар бойы қағанаттың мерейін өсіріп, тілдес халықтардың біртұтас мәдениетін орнықтырды. Осылайша, дүниені өзімізге жат көзбен қарау тарих пәнінің елшісі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге көркем әдебиет, кино, театр, бейнелеу өнері сияқты рухани өрістердің баршасына бойлай орнақты.

Түрік-селжұқтар қалыптасқан Византия империясының территориясы ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың көз алартушыларын өзіне тартқандығы белгілі. Бұған басты себеп Византияның территориялық жағдайы еді. Византия тұрған жер ежелден Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған «Алтын көпір» болатын. [2, 15]

Дүние дүние болғалы жұмыр жер өз бесігінде тербетілген бері қалған жұртпен қатар қанаттаса, өз Бақытына ұмтылған әлеуметтің бірі түркі қауымды еді. Бақ құсы қонып, берді ұшып кетіп отырған бұл қауымның басынан кешпеген қасіреті жоқ. Ордостан (Сарыжазық, қазіргі Хуанхе – Сарыөзен алабы) Үрімге (Рим) дейінгі аралықты судай сапырып, бес рет (скиф – ушкуз, хұн, гүн, түркі, оғыз-қыпшақ дәуірінде) асты-үстіне төңкеріп, арқылы тұтастығын сақтай алмай, ыдырап тынды. Әлемдегі мемлекеттер мен елдердің шекарасын байта жасатқан осынау көшпелі қауымның маңдайына тарихшылар «тағы» деген таңбаны өшпейтіндей етіп басты да, сол таңбаны ойып жазған жартастың қалай пайда болғанына ой мен сана сәулесін түсіргісі келмеді.

Мұндай менменсу кеше де болған, қазір де бар, ертең де жоғалып кете қоймас. Өзгені былай қойғанда, тек өзінің халқын ғана құдайдың сүйген құлы ретінде көрсетіп, түркі жұртының жер басып жүргенінің өзін артық санап, ауырсынатын Гердер сияқты кесерлі ғұламалар да кездеседі. Мұқым дүние халқын бас-басына түгендеп шыққан «Адамзат тарихының парасаты туралы пікірлердің негізі» атты мың жарым беттік еңбегінде исі түркі қауымын «Еуропадағы жат халықтардың санатына жатқызып, сондай бір жеккөрінішпен былай деп «аян» береді:

Түріктер, Түркістан шыққан халықтар, дүниенің осы бөлігінде үш жүз жылдан бері тұрып келе жатса да, Еуропа үшін жат жүрт боп қала бермек. Олар мың жыл бойы өзіне де, жұмыр жерге де кесір келтірген Шығыс Рим империясын құлатты, сөйтіп, ешкімнің сұрауынсыз және рұқсатсыз өнер мен қолөнерді Еуропаның батысына ығыстырды. Еуропалық державаларға жортуыл жасай жүздеген жылдар бойы барлық мемлекеттерді қырығы және ержүрек болуға мәжбүр етті; олар бұл жерді мекен еткендердің ортақ мүддеге бірігуіне жол бермеді, — мейірімді аз, ал зұлымдылығына шек болмады, — Еуропаның жерұйық жерін шөл қуарты, ал бір кездегі ғұлама грек жұртын басыбайлы құлға, азғындалған тағыларға айналдырды. Қасиетсіз түріктер өнердің қаншама туындыларын бүлдірді десеңші! Көзі жойылған мұрағатардың көптігі сонша, енді оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Олардың қағанаты — осында тұратын еуропалықтар үшін қасіретті түрме; уақыты жетер, сонда ол да құлайды. Еуропадағы осы жатжұртықтар кімге керек, қанша ғасыр өтсе де әлі де дағы күйінде қалып отырған осынау азияттықтар кімге дәрі?! — деді. [3,25]

Мақсаты мен міндеті:

Менің диплом жұмысының мақсаты — міндетінің бірі — шалғайдағы Кіші Азия жерінде, түрік мәдениеті мен тарихының жасалуын — өзінің төл тарихымен, ата-тегі тарихымен табысқысы келеді оқырманға жөн сілтеу.

Өз туғандары — қыпшақтардың соққысынан Батысқа ығысқан түрікмен — оғыс тайпаларының жат жерде ұлы мемлекет құрып, мұхиттай асып — тасуы да, өз құдіретінің шарықтап барып басылуы да көп ойға жетелейді. Селжұқ адамзат тарихында өшпесіз қалдырған көшпелілердің бірі. Оларды қазіргі тұрік халқының қалыптасуынықайнар көзі деп білемін.

Зерттеу деңгейі:

Ұзақ уақыт бойы селжұқ тарихы ғалымдардың назарынан тыс қалып келеді. Бұл мәселе алғаш рет XІX – XX ғасырлар шегінде қолға алына бастады.

Біз қарастырған жоғарғы оқу орынына арналған оқулықтар немесе мектеб оқулықтарында Түрік- селжұқтардың Кіші Азияда өз мемлекетін қалыптастыруы бір жақты ғана көрсетіледі. Түрік- селжұқтардың крестілермен қақтығыстары өте үстіртін, салғырт түрде берілген. Кеңес үкіметі тұсында шыққан «Орта ғасырлар тарихы » (мектеп оқулығы ) селжұқтардың Герман-Франк біріккен қолын Кіші Азияда тас-талқан еткендігі жөнінде (ІІ крестілер жорығы) ештене айтпайды. [4, 12] Бұған себеп біріншіден — ғасырлар бойы өзара жауласқан Батыс мемлекеттері үшін Византия территориясында мұсылман мемлекетінің қалыптасуы қауіпті де, қатерлі де болып саналады. Екіншіден — Шығыс пен Батысты жалғастырған Жібек жолы бойындағы селжұқ мемлекеті Еуропа экономикасына сауда қатынасының үзілуіне байланысты кері әсерін тигізетін.

Үшіншіден — Рим Католик шіркеуі мен Константинополь православие шіркеуі арасындағы бәсекелестікке байланысты Рим Папасы қандай жолмен болсын Константинополь патриархын өзіне қаратуды мақсат еткен еді.

Төртіншіден – түрік әскерінің Балқан түбегінде славян жерлерін өзіне қаратуы Розсип тарихшыарының түріктерге деген кері көзқарас туғызуына әсер етті. Еуропалықтарға мұсылман әлемін бағындыруға болмағандықтан Діні бөлек мөнғолдарды миссионер – елшілер арқылы өздеріне тартпақ болды.

Хронологиялық шеңбер:

Диплом тақырыбына байланысты түрік – селжұқтардың Кіші Азияға келуі және Рум ( Конья ) сұлтанының пайда болуы және даму кезеңі XІ – XІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Себебі: XІІІ ғасыр Орталық Азияға Монғол жаугершілігінің өрлеу мен одан кейін Осман империясының қалыптасуы түрік – селжұқ атауын және өзіндің тарихын басқа арнаға бұрады.

Алғашқы орыс византиятанушының бірі, Петербург университетінің профессоры В.Г. Васильевский (1838 – 99)

«Византийский временник» журналының редакторы боп жүрген кезде түрік – селжұқ (Рум сұлтанының) мемлекетінің Византия территориясында қалыптасуын Орта азиядан шыққан түркі халықтарының әскери өнерді жете меңгерген және феодалдық тәртіптің күштілігімен байланыстырады десе, Мәскеу университетінің оқытушысы П.Н.Кудрявцев ( 1816 – 1858) түрік – селжұқтардың Кіші Азияға келуі Византия империясының өзара феодалдық қырқыстар мен билікке талас әсерінен әлсіреу уақытына сәйкес келеді деп есептеді [5. 2].

Түрікмен ұлтының өкілі Ағаржанов С.Г. селжұқ тарихын зерттеуге зор үлес қосты. Одан басқа Азербайджан ғалымы Гусейнов, тарихшысы Мехмет Алтай Коймен т.б. тарихшылар зерттеді. [6, 17]


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий