Соғыс кезіндегі республика тарихы



Мазмұны
Кіріспе………………3-5

І. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде
1.1. Соғыстың басталуы және Қазақстандық құрамалардың жасақталуы ……………..7-11
1.2.Қазақстандықтар соғыстың алғашқы кезеңіндегі ұрыстарда………….11-17
ІІ. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барысындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңінде
2.1. Қазақстандықтар Сталинградты қорғауға және неміс-фашист әскерін талқандауға қатысуы……………..18-23
2.2. Қазақстандық әскери құрамалардың 1943 жылғы ұрыс қимылдары…….23-27
ІІІ. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңінде

З.1. Соғыс кезіндегі ескерілмеген ерліктер…….28-38
Қорытынды………..39-40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………..41

Кіріспе

1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына да 61 жыл толады. Кешегі Кеңестер Одағының барлық халықтары шынайы қуанышпен қарсы алып жатқан осы ұлы мерекенің бүгінгі тойлануына Қазақстан халқы да кезінде өзінің лайықты үлесін қосты. Отанымызға аса зор қайғы мен қасірет әкелген, ананы-жесір, баланы-жетім, қаншама аға буын өкілдерін қыршын кетірген, аяулы аналарымыздың өмірлерін солдырған алапат соғыс біткеніне жарты ғасырдан асып барады. «Соғыс» пен «Жеңіс» сөзінің айырмасын еңбектеген балаға дейін ұққан заман алыстай түсті.
Бұл курс жұмысы отты жылдардағы Қазақстандық майдангерлердің ерліктеріне, соғысқа қосқан үлесіне, тылдағы істеріне арналады. Себебі, осы тақырыпқа байланысты соңғы уақыттарда, әсіресе тәуелсіздік алғалы бері ерліктері ескерусіз қалған қазақ қаһармандарының көзсіз ерліктері туралы мәліметтерге қол жеткізу, ұлттық тарихты қайта қарастыру өз әсерін тигізді. Кеңестік билік тұсында орыс халқын ұлы халық ретінде көрсету үшін, басқа халықтардың ерліктерін, қосқан үлесін дұрыс ескермеу саяси мәнге ие болған еді. Ендігі кезде тәуелсіз сана тұрғысынан қайта қарастыру батыр ағалар алдындағы кейінгі толқын біздің борышымыз, әрі қаһарлы соғыстың қырғынынан тағлым алу үшін өте қажетті, өзекті мәселе болып табылады.
Алпыс жылдан бері сұрапыл соғыстың тағылымы әр тұрғыдан зерттеліп, зерделеніп келеді. Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан жауынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері сол кездің өзінде де тілге тиек, әңгімеге арқау болып жатты. Оқиғалардың ізін суытпай жазылған қысқа-қысқа газет хабарларынан бастап, сол кезде-ақ жарияланған үлкенді-кішілі еңбектер халық ерлігін баяндады. Осы тақырыпқа арналған көркем шығармалар, пьесалар мен кинофильмдер қанша десеңізші.
Ал бұл салада тарихшылар мен мемуаршылардың жазған дүниелерінің өзі бірталай. Соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін былай қойғанда, естелік жазатын соғыс ардагерлері қанша. Бастан кешкен майдан хикаяларын солдаттан бастап маршалға дейін жазып жүр. Олардың қаламынан шыққан дүниелерді бүгінгі оқырман қауым оқып та, кітап сөрелерінен көріп те жүр. Өткен күндердің өшпес мұрасына, халық ерлігіне арналған еңбектердің құны да, мәні де ерекше. Бұл еңбектер адамдарының рухани қазынасына қосылып жатқан телегей теңіз бір дүние десе де болғандай. Бұл салада Одақ көлемінде миллиондаған тиражбен жарық көрген мыңдаған күрделі зерттеулердің, мемлекет қайраткерлері мен дипломаттардың, партия, кеңес қызметкерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың, журналистердің еңбектерінің өзі де жетіп жатыр.
Соғыс тарихының жалпы мәселелері мен жеке проблемалары белгілі кеңес ғалымдарының күрделі ғылыми еңбектерінде де терең зерттелді.
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбектері туралы жазылған дүниелер сол соғыс жылдары-ақ жарияланып жатты дедік. «Қазақ ССР тарихының» алғашқы басылымында-ақ «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген арнайы тарау берілді. Майдан оқиғаларының ізінше жазылған бұл жолдар Қазақстан еңбекшілерінің майдандағы ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбектерін бейнеледі. Отан соғысының қазақстандық батырлары жөніндегі алғаш еңбек те сол соғыстың соңғы жылдары жарық көрді.
Соғыс кезіндегі Қазақстан тарихы сонан бері бірталай зерттелді. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері жөнінде, тыл еңбеккерлерінің соғыс кезіндегі қажырлы қызметі туралы бірталай дүние баршылық. Республика еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы мәселе жүйелі түрде зерттеліп, күрделі ғылыми еңбектерден өз орнын тапты/3/. «Қазақ ССР тарихының» әлденеше рет жарық көрген басылымдарында және «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктерінде» (1963, 1984) республиканың соғыс кезіндегі тарихына ерекше назар аударылды.
Сол кездегі республика тарихын зерттеуге бағалы материал беретін, 60-шы жылдардың ішінде екі том болып шыққан құжаттар жинағының да алатын орны ерекше/4/. Қазақ КСР ҒА-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты, Қазақстан КП-сы ОК-і жанындағы Партия тарихы институты және Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік мұрағаты мекемелері кезінде баспаға әзірлеп, жариялаған бұл 2 томдық құжаттар жинағы зерттеушілер үшін әрдайым құнды әрі қажет құрал болып қала бермек.
Соғыстан кейінгі жылдарда Ұлы Отан соғысы туралы алғашқы зерттеулер жаза бастаған А. Нүсіпбеков болды. Ол бірнеше рет басылған «Қазақ ССР тарихының» Ұлы Отан соғысына арналған тарауларын жазды. Республика еңбекшілерінің тылдағы ерлік еңбегі туралы, оның еліміздің қуатты арсеналына айналып, жеңіске қосқан үлесі жөнінде келелі пікірлер айтты. Ол майдан мен тыл тақырыбын жүйелі түрде зерттеуге жетекшілік етіп, жолға қоюшылардың бірі болды.
Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монография жазған ғалымдардың бірі Ғ. Әбішев. Оның Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанға арналған еңбегі тыл мен майдан оқиғаларын бірдей қамтыды. Қамтылған мәселелерінің, деректерінің сонылығы жағынан бұл еңбек Ұлы Отан соғысы тарихнамасынан лайықты орын алады.
М. Қ. Қозыбаев еңбектерінде республика партия ұйымының көп салалы қызметі жан-жақты көрсетілді. Бұл еңбектерде Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атқарған ролі мен маңызы, республика еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі тарихтан лайықты орнын тапты. Мұнымен бірге М. Қ. Қозыбаев Қазақстан комсомолының тарихын зерттеуге де лайықты үлес қосты.
Соғыс жылдарындағы Қазақстанның қолхозшы шаруаларының жеңіске қосқан үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтау жөніндегі ролі туралы мәселеге де зерттеушілер ерекше назар аударды.
Республика тұрғындарының майданға деген патриоттық көмегіне партиялық басшылық пен азат етілген аудандарға берген туысқандық жәрдемі де зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ.
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы және жау тылындағы ерлік істері көптеген тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арқау болып жүр. Бұл салада С. Н. Покровскийдің, Н. Едігеновтың, К. Стамбековтың, И. И. Малярдың, А. Мұхамеджановтың, А. Алданазаровтың, В. П. Лупшевті және басқалардың зерттеулерін айтуға болады. Бұлардың еңбектерінде біздің жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық істері әр қырынан жазылып, бір арнаға құйылып, ерлік шежіресін жасауда.
Халық ерлігіне арналған көркем шығармалар өз алдына бір төбе. Олар жөнінде талдау жасау біздің міндетіміз емес. Бірақ айта кеткен жөн: Қазақстанда жасақталған құрамалардың жауынгерлік сапарына, құрама жауынгерлерінің ерліктеріне байланысты тарихи құжаттар, деректі фактілер мен оқиғалар негізінде әңгіме қозғайтын соғыс ардагерлерінің естеліктері де елеулі түрде бой көрсете бастады. Бұлар қазақстандық құрамалар тарихын, жерлестеріміздің соғыстағы ерлігін келешек зерттеушілер үшін де қажет екені сөзсіз.
Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы қазақ тілінде шыққан әдебиетке тоқталсақ, бұл мәселе М. Қозыбаевтың, Н. Едігеновтың, Б. Далабаевтың, Қ. Досқалиевтің, Аманжолов К. Р., Балақаев Т., Алдажұманов Қ., Балақаев Т., Едігенов Н., Бекішев Х., Дінішев М., Көпішев Қ., Қашқынбаев З. Ш., Тұрсынқұлов Қ., т.б. зерттеулерінде, монографияларында, кітаптарында, жекелеген кейбір мақалаларында айтылады.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий