Семей



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. ХVIII ғасырдағы Семей тарихы

1.1. Семей қамалының қалыптасуы

1.2. Семей қамалының дамуы және экономикалық жағдайы

ХIХ –ғасырдағы Семей қаласы

2.1. Қаланың дамуы мен экономикасы

2.2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Семей қаласына келген саяси қуғыншылардың қала мәдениетіне тигізген әсері

2.3. Ұлы Абай шығармашылығының дамуына Семей қаласының тигізген әсері

3. Семей қаласының ХХ ғасырдағы тарихи, әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағдайы

3.1. ХХ-ғасырдың басындағы Семей қаласының әлеуметтік — экономикалық және мәдени жағдайының қалыптасуы

3.2. Семей қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында

3.3. Тәуелсіздік жылдарындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы

Қорытынды

Библиография

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Тәуелсіз туымыз желбіреп, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет еткен тарих ғылымдарындағы шектен шет қалмайтын маңызды мәселелердің бірі қалалар тарихы.

Бүкіл өзгерістер мен жаңалықтардың басталар жері мен үкімет саясатының алғаш жүзеге асар орыны болып табылатын қалалар тарихы- қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси процесстерде болып жатқан мәселелердің себептері мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірдің орталығын көрсетіп, дамудың басты қозғаушысы болып табылады. Өйткені, қалалар — бұл көп салалы әлеуметтік организм, күрделі экономикалы жағырафиялы комплекс.

Қала — өндіріс ошақтарының, адамдардың қоныстану, мәдени және рухани орталығы ретінде үнемі зерттеушілердің: тарихшылар, қаржыгерлер, социологтар, демографтар және т.б . маман иелерінң басты объектісі болып табылады. Қала өмірінің келелі мәселелері мен фактілерін нақты сараптау, жүйелеу болмаса онда ірі елді мекендердің дамуы ерекшелігінің заңдылығын ашу қиынға соғар еді. Сондықтан да жылдан — жылға ғаламдар мен ізденушілердің қаланың аса танымал емес беттерін ашуға деген қызығушылықтарының артуы да заңды құбылыс. Осы тақырыпқа өзек боларлық қалалар ежелден – ақ сауда, қолөнер, мәдениет, қоғамдық және саяси қызметімен отырықшы жер өңдеу, мал шаруашылық-көшпелі өркениеттің синкретизм звеносы ретінде танымал болған. Осындай екі өркениеттің тоғысар тұсы – қалаларда мемлекет билігінің шоғырлануы, яғни үкіметтің басқару жүйесінің жергілікті мекемелері мен ұйымдары, қоғамдардың қызмет етуімен қатар ғылыми және ағарту мекемелерінің орналасуы, әлеуметтік топтардың топтасуымен ерекшеленеді. Сондықтан да ел өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың алғаш бастау алуы мен қорытындыланатандықтан қала қоғамдық тарихтың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің дамуының бай тәжірибесі мен аймақтық ерекшеліктерін ғалымдарымыздың зерттеуі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің себептерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Өйткені, жекелеген қалалар тарихы туралы материалдарда өлкенің көп қырлы сипатын, өндіріс күші,ің, мәдениетінің, қоғамдық ой мен сананың өсуіне жан-жақты талдау берумен құнды. Қалалар тарихы — әртүрлі аймақтар арасындағы байланыстар тарихын зерттеу нәтижесінде тарихи, экономикалық, жағрапиялық және мәдени жағынан ашып көрсетеді.

Қазақстанда өткен заман мен қазіргі кезеңдегі дамуы сан түрлі оқиғаларға, буырқанған экономикалық және саяси құбылыстарға толы мекендер көп. Солардың қатарына халық ыстық мейіріммен аса қастерлеп, қадір тұтатын өткен тарихы сырға, қойнауы қазақтың маңдайына бітіп, бағы үшін жаралып, халықтың қамын жеген мәдениеттің асқар шыңына жеткізер ғұлама ойшылдар, қайраткерлер мен өнерпаздардың абзал есімдеріне толы қасиетті қара шаңырақ. Семейдің шоқтығы қашанда бөлек тұрады. Семей XVIII – XIX ғасырларда Ресей үкіметінің Қазақстан даласында басып алған жерлерді ұстап тұру үшін салынған бекіністердің бірі ретінде іргесі қаланып, өзінің жағрапиялық жағынан қолайлы орналасуынан Орал мен Қытайды, Сібір мен Жетісудың арасында экономикалық байланысты орнықтырып, Далалық өлкенің сауда, қоғамдық және мәдениет орталықтарының біріне айналды. Семейдің қасиетті топырағы әлемге Шығыстың рухани ғұламалары Абай Шәкәрім, Мұхтарды әкелсе, Ф.Достаевский мен Ш.Уәлихановтардың ұлағатты достығын нығайтты. Алаштың ту көтерген жері де — Семей. Мұнда оны айғақтайтын тарихи орындар жеткілікті. Халқымыздың мақтан тұтар талантты ақын жазушы, ғалымдар мен батырларына өмір беріп, тәрбиелеп шығарды. XX ғасырдың басында Семей қаласы мәдениет орталығы, Қытай мен Монғолияның батыс аймақтарымен сауда және экономикалық байланыстар орнатуға ыңғайлы орталық есебінде қызмет етті.

Кеңестік дәуірде республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айнала отырып, бүкіл елдегідей орталықтандыру, жалпы халықтың меншік, әкімшіл басқару жүйесінің алғашқы тауқыметін басынан кешіре отырып, жаңа кеңестік білім беру ордасына айналды.

Қаланың рөлі әрқашанда экономиканың деңгейі мен қоғамның саяси дамуына байланысты өзгерске ұшырап отырады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қаланың әкімшілік қызметінде де сапалық өзгерістер болды. Семей губерния. Округ, облыс орталығы ретінде осы өңірдің ірі әкімшілік орталығына айналуы, қаланың өлкедегі әлеуметтік-экономикалық қайта құруда маңызы зор болды. Дегенмен де, кеңес үкіметінің алғашқы 20 — жылдығында Семей қаласының дамуы күрделі және қарама-қайшы үрдісте жүріп, нәтижесінде бүкіл қоғамдағыдай қаланың әлеуметтік — экономикалық және мәдени даму барысы түпкілікті өзгеріске ұшырады. Сонымен қатар, қарқынды индустрияландыру жергілікті маман жұмысшылар мүмкіншілігі ескерілмегендіктен және 20 -жылдығындағы Ресейдегі ашаршылық, 30-жылдардағы қазақ аулындағы ашаршылық кесірінен Семей Шығыс Қазақстан қалаларының ішінде сырттан көшіп келушілер ең көп шоғырланған қаласы ретінде әлеуметтік және ұлттық-демографиялық мәселелердің қордаланған мекеніне айналды. Семей еліміздің басқа қалалар сияқты Кеңестік кезеңнің бастапқы жылдарында күрестер мен жеңістерге толы үлкен табыстар мен қатар, адам құндылығы мен мүддесінің аяққа тапталуы, дәстүрлі шаруашылық пен ұлттық мәдениеттің негізі жойылған өзек өртер өкінішке толы күрделі кезеңдерді басынан өткерді.

Ұлы Отан соғысы жылдары қала экономикасының жағдайына әсер еткен факторлар – өндіріс орындары болды. Соғыстың алғашқа күнінен-ақ еріктілерден құралған әскери дивизиялар құрамында семейліктер де ерліктің үлгісін көрсете білді. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтасымен жасампаз бейбіт еңбекке кіріскен семейліктер де жоғары қарқынмен қала экономикасын өркендетуге барынша күштерін салып, өнеркәсіп базалары нығайтыла бастады.

1970 – 1980 жылдары өнеркәсіп орындары мол өнім беріп, жоспарларды асыра орындағанымен халықтың, республиканың байлығы артпады. Шығарылған өнімге жұмсалынған еңбекпен ол үшін төленілетін еңбек ақының мөлшері сәйкес болмай, Қазақстанның көптеген қалалары тәрізді Одақтың тегін шикізат көзіне айналды. Соқыр сенімді басшылыққа алған үкіметтің мұндай солақай саясаты бүкіл ел экономикасын ойсыратып жіберді.

Соңғы 80 жылдарда өндірісті техникалық тұрғыдан қайта жарақтау және қайта құру ісі кең көлемде жүргізілді.

Нарықтық қатынасқа көшу кезіндегі экономикадағы оралымсыздық, қырсыздық көптеген кәсіпорындардың тығырыққа тіреді. Еліміз егеменді ел болғаннан кейін Семей қаласы қоғамындағы көптеген өзгерістер, қоғамдық өмірдің бұрын айтылмай келген беттері, айтылса да нақты, толық бағаланбай келген келелі мәселелеріне қайта оралуға мүмкіндік туды. Семей қаласының әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағдайында келелі өзгерістер байқалды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жергілікті өлкетанушы В.Н.Кашляктің семей қаласының тарихы туралы соңғы 20 жылда жинақталған мақалаларынан құралған монографиялық еңбегінің және А.Аубакиров, Г.Қасымованың 2004 жылы жарық көрген «Торговые связи Семипалатенского Прииртышья» (XVIII-XX вв.) документтер жинағының қалалар тарихының тарихнамасына қосар үлесі зор.

Семей қаласының құрылуынан 1917 жылға дейінгі уақытты зерттеген ғалым Ж.Қасымбаевтың екінші монографиясы тақырыптың мазмұнын ашуда қайнар көзі болып табылады. Екі ғасыр көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе рухани-мәдени үрдістегі орнын ашып көрсетіп, Орта Азия, Ресей мен Қытай мемлекеттерімен тиімді сауда қатынастарын кеңейтудегі қаланың делдалдық қызметінің арқасында транзиттік сауда орталығы ретіндегі рөлі жан-жақты ашылып көрсетілген.

Семейдегі ғылыми мекемелердің қызметі жайлы Б.Герасимовтың еңбегінде Орыс географиялық қоғамының семей бөлімшесі туралы бай мағлұматтар берілген.

Т.ғ.к. атағын алу үшін дайындаған З.Қ.Мұқатаеваның «Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» атты авторафераты Кеңес кезіндегі Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайын зерделеуге мүмкіндік берді.

Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналып шығарылған «Боздақтар» кітабынан соғыс жылдарындағы қаланың өмірі, тарихы айқындалады.

В.Н.Кашляк пен Т.Түсімбаеваның «Семей көшелерінің жылнамасы» атты кітапшасында мұрағат деректері негізінде құнды материалдар жарық көрген.

Тақырыптың дерек көзі. Дипломдық жұмыстың дерек көзі ретінде пайдаланған 50 материалды дипломдық жұмысқа енгізіп, оларды ой елегінен өткізіп пайдалану нәтижесінде зерттеліп отырған Семей қаласының тарихында болған әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани салада болған өзгерістер мен жаңалықтарды айқындауға мүмкіндік берді.

Семей туралы қалам тартып жүрген белгілі тарих ғылымының зерттеушілері мен ғалымдары Ж.Қ.Қасымбаев, Кашляк, Герасимов, Қ.Салғарин, З.Қ.Мұқатаеваның Семей қаласының тарихына арналған зерттеу материалдары мен ғылыми еңбектері деректің негізгі тармағын құрады.

Ақпараттық мәліметтерге бай мерзімдік баспасөз материалдары «Абай», «Қазақ тарихы», Вестник Университета «Семей», «Семей таңы», «Ізденіс» газет-журналдарындағы мақалалар, шолулар мен хабарламалар кеңінен пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Адамзат қозғалысының дамуында маңызды орын алатын қалалар жүйесінің тарихындағы Қазақстанның ірі қалаларының бірі — Семей қаласының тарихын зерделеу – дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Семей қаласының қалыптасу тарихы, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани дамуының алғышарттары мен ерекшеліктерін ашып көрсету дипломдық жұмыстың алға қойған мақсатына сәйкес төмендегідей негізгі міндеттерді айқындайды:

Семей қамалының қалыптасуын зерделеу;

XVIII – ғасырдағы Семейдің сауда –экономикалық байланыстарының дамуындағы қаланың атқарған қызметі мен рөлін анықтау;

XIX – ғасырдағы Семей қаласының экономикалық даму тарихына шолу жасау;

Қала мәдениетіне және XIX – ғасырдың екінші жартысында Семей қаласына келген саяси қуғыншылардың қала мәдениетін өркендетуге тигізген әсерін баяндау;

Ұлы Абай шығармашылығының дамуына Семей қаласының тигізген рөлін айқындау,

XX – ғасыр басындағы Семей қаласының тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени алғышарттарын айшықтайтын деректерді жүйелеу;

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей қаласының маңызды майдан қажетіне бағытталған іс-шараларына және қаланың тыныс-тіршілігіне сипаттама беріп, талдау жасау;

Қазіргі қоғам дамуындағы түбірлі өзгерістердің Семей қаласының өміріне енгізген жаңалықтардың мәні мен маңызына тоқталу.

Дипломдық жұмыстың методологиясы.

Семей қаласының дамуындағы тарихи кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған. Тарих ғылымында жарық көрген Семей қаласының қалыптасуы туралы және адамзат қоғамындағы әлеуметтік — экономикалық, саяси тұрғыда алатын ерекше орны мен рөлі туралы тарихшылардың еңбектеріндегі теориялық қағидалары, тұжырымдары және жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған еңбектері басшылыққа алынды.

Тақырыптың хронологиялық кезеңі – 18 ғасырда алғаш қабырғасы қаланған Семей қамалының тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы қаланың түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларын қамтиды.Үш ғасырды қамтитын бұл жылдар аралығы маңызды тарихи оқиғалар мен Семей қаласының өсіп-өркендеуіне негіз жасаған тарихи шаралардың куәсі болды.

XVIII-XIX ғасырлардағы қаланың көршілес елдермен сауда-экономикалық байланыстарының өсіп-өркендеу жолы жүзеге асырылды.

Кеңес кезеңіндегі Семей қаласы қоғамның барлық саласында социалистік тәртіптің өрістеуі нәтижесіндегі Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен сипатталады. Бұл кезең қаланың дамуында коммунистік диктатураны бекіткен үрдістердің өмір сүрген кезеңі, Семейдің зор қарқынмен дамуына себепші болған социалистік құрылыс тұсындағы жетістіктер мен қайшылықтарға толы тарихи кезең.

1941-1945 жылдар соғыс жағдайындағы қаланың өмірін, тарихын айқындаса, тәуелсіздік жылдары қаланың түрлі қиыншылықтары және қол жеткен жетістіктері жөнінде қамтиды.

Тақырыптың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен құралған.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий