ОРТА ЖҮЗДЕГІ ХАНДЫҚ БИЛІГІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …………………….. 4-6

І ТАРАУ. ХІХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

1.1. Хан билігін жоюдың алғы шарттары ……………………………………7-13

1.2. ХІХ ғ. басындағы Орта Жүздегі саяси жағдай ……………………… 14-20

І І ТАРАУ. Хан билігін жоюдың құқықтық негіздері

. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» ………………….. 21-32

Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі ……………………. .. 32-42

Хан билігін жоюға наразылық ………………………………………….. 42-54

ҚОРЫТЫНДЫ ………….. 55-56

ӘДЕБИЕТТЕР …………….. 57-58

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы кезде үстем болып келген «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы» дейтін тұжырымдама біршама өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылыми зертеудердің дербес объектісіне айналған жағдайда осы мәселе ішіне кіретін Қазақстанда хан билігін жою жағдайын тарихи-шындық тұрғысынан қару керектігі өзекті мәселе. Тақырыптың өзегі болатын 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғы” және „Орынбор қазақтары туралы жарғы” тақырып мазмұнының өзегін құрайды. Ресей әкімшілік жүйесін енгізу мәселесі де тыс қалмаған.

Әуелден-ақ Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты.

XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша үкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822-1824 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және ¥лы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867—68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді. Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының колданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті.

Дипломдық жұмыстың мазмұнындағы Орта жүздегі саяси жағдай тақырыптың мазмұнына үйлеседі деп ойлаймыз.

Жұмыстың зерттелу деңгейі: Орта жүздегі хандық билігінің жойылуы. Әлі күнге дейін құқықтық жағынан аз зерттелгендігі – бұл тақырыпты өз алдына дербес обьектісі етіп алуымыздың негізгі себебі болып отыр.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу обьектіміздегі ХІХ ғ. басындағы Орта Жүздегі саяси жағдайды тарихи, құқықтық, салыстырмалы-тарихи, сондай-ақ тарихи-құқықтық талдау арқылы қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Хан билігін жоюдың құқықтық негіздерін тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасап, сабақтастығын аша отырып түсініктеме беру.

Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

1. Орта Жүзде хан билігін жоюға дейінгі саяси үрдістерді деп танып-білу.

2. ХҮІІІ ғ. соңы мен хан билігін жоюға дейінгі кезеңді ерекше қарастыру.

3. Тақырыптың өзегі болатын 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғы”, „Орынбор қазақтары туралы жарғы” мазмұнын қарастыру.

5. Ресей әкімшілік жүйесін енгізу мәселесін қарау.

Осы мәселеде А.И.Левшин, Г. Загряжский, А. Крахалев, П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт, А. Добросмыслов, А. Мякутин және М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, И. Ибрагимов, Ж.О.Артықбаев Ж, Д. Самоквасов, Б.С. Сулейменов, В.Я. Басин, С.З.Зиманов, З.Ж.Кенжалиев, Н.Өсеров, С. Созақбаев тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы екі тараудан, әр тарау бірнеше мәселені қамтиды, әрине кіріспе мен қорытынды болары сөзсіз.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий