Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан



… «Әр түрлі адамдардан Сіз халықты тәртіп бұзуға және менің бұйрықтарымды орындамауға айдап салып, сіздің үйретуіңізбен кейбіреулер бүлік шығарып жатыр деген жайсыз хабарлар алып отырмын. Сіздің ақыл-парасатыңызды білгендіктен мен Сізді өз сенімімнен айырғым келмейді, алайда бұл жайында анығын білгім келіп, мен тікелей келіссөз жүргізу үшін Сіздің маған келуіңізді талап етемін, бірақ Сіз мен өзіңізді осындай қылығыңыз үшін ашуымды білдіруге шақырып отыр деп ойламаңыз, егер мен Сізге ашулы болсам, өзіме шақырмас едім. Егер Сіз, старшын, менің сөзіме сенбей, келмей қалсаңыз, мен Сізді өз кінәңізді сезініп, Сіздің бұрын адал қызмет етуге қабылдаған антыңызға қарсы шығып отыр деп ойлаймын. Әлбетте, мен сенің тілегіңді білемін, бірақ сен ныспыңның талап еткенін тыйып, сондықтан да талап ететін өз тілектерінңің орындалуын күтуге тиіссің, бірақ өзіңді жолдас санап, өзіңмен терезесі тең адамға жауласқан кезде мейірімділік күту деген не болмақ: бұл күту емес, қайта тек күштеп тартып алу ғана болады. Мен мұны сенің қызметте көрсеткен ынта-ықыласыңды көбірек ойлап жазып отырмын: әйтпесе бос ойларға салыңып, сонан соң оларды жайып жіберетіндерге жазбайтыныма еш күмән жок. «


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий