Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак



Мазмұны

Кіріспе
1 Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак
1.1 Ирактың ішкі саяси жағдайы………………….9
1.2 Соғыс қарсаңындағы Ирактың халықаралық қатынастардағы орны………12

2 Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Ирак
2.1 1941 ж. 1 сәуірдегі Ирактағы төңкеріс және отыз күндік оғыс………………17
2.2 Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі…………..24

3 Ирак үшін екінші дүние жүзілік соғыс қорытындылары……………………29

Қорытынды………………………..33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………35

Кіріспе

Екінші дүние жүзілік соғыс 1939 жылы басталып, 1945 жылы аяқ-талды. Бұл соғыс бүкіл адамдардың ең көп қантөгісті соғыстардың бірі. Екін-ші дүние жүзілік соғыста 1,7 млрд. халық пен 61 мемлекет қатысты. Әскерге 1914-1918 жж. қарағанда 40 млн-ға артық, 110 млн. адам шақырылды. Екінші дүние жүзілік соғыста, бірінші дүние жүзілік соғысқа қарағанда 5 есеге артық, 50 млн. адам қаза тапты [1, 315 б.]. Осы соғыс жылдары, дағдарыс кешкен Ирак мемлекеті соғысқа қатысуға ұмтылмады. Иракта ұлт-азаттық көтеріліс әскери түрде басталған кезде, 1941 ж. сәуірде жағдай төмендеді.
Қазіргі Ирак мемлекетіне 1920 ж. Осман империясының үш уәлаяты кірді: Басра (алдында одан Кувейт бөлінген), Мосул және Багдат. 1920 ж. сәуірде Сан-Ремодағы конференцияда Ұлттық лига Ұлыбритания Иракты басқаруда мандат шығарған. 1921 ж. Ирак әмір корольдық болып жарияланды. Екі палаталық парламентпен конституциялық монархия түрінде басқару қабылданды. Алайда, алғашқыда бүкіл маңызды министрліктер бритнадық «кеңес» бақылауында болды, ал ізгі шешімдерді британдық жоғары комиссарлар және корольдық әскери-әуен қолбасшы күштерімен шешілді. Саяси билік орындарында бірнеше қалалық қауымдардың және ірі помещик-абсентеистерден қайта құрылған жаңа элитаның қолында шоғырланды. 1932 ж. Ирак формальді түрде тәуелсіздігін алды, бірақ елдің нақты басқарылуы Ұлыбритания посольствасында орналасты.
1933 ж. король Фейсал кайтыс болып, орнына баласы Гази таққа отырған болатын. Мемлекеттің саяси өмірі 1930 жылдары фракциялық күреспен
сипатталды, әсіресе 1936 ж. әскери төңкерістен кейін. Король Гази кенеттен 1939 ж. каза болып, оның орнына кәмелетке толмаган баласы Фейсал II таққа отырады, регент Абул Иллах болды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталған-нан кейін, сол уакытта ұлтшыл Германияның соғыс жариялауына жол бер-меу үшін, офицерлрдің ұлттық бағытталған позициясы күшті болды. Сол уақытта примьер-министрі генерал Нури Саид болды [2, 76 б.].
Ирактың Англияға қатынасы бойынша екі позициясы болды. Бірінші позициясы, Англиямен ынтымақтастығы автоматты түрде Иракты немістер-дің соққысының астына апарды. Осы позициясының жақтаушылары Англия-мен қарым қатынасты үзіп, бейтарап ұстанымда болуға ынталанды. Екінші жақ — ұлтшыл офицерлер және дін басылар екінші дүние жүзілік соғыстың басталардан алдын өсіп келе жатқан Германияның фашистік қуатпен пайдаланып және соның көмегімен Ұлыбританияның неоколониалистік тұсаудан азат болғысы келді [3, 332 б.].
Англия соғысқа аттанғаннан кейін, Нури Саид Германиямен дипло-матиялық қатынастарын үзеді. Ирактың экономикасы Англия назарының қызметіне қойылған еді. Әскери жағдайды пайдаланып, 1939 ж. 12 қыркү-йекте үкімет оппозицияға қарсы репрессияларды күшейтті. Өздерінің қыз-меттерін және оппозициялық топтарды белсендірді. Әсіресе ирактық армия-ның төрт жоғары басшылары («алтын кадрат») басқарған күреске антиағыл-шындық бағытталған әскери топтар күреске жігерлі қосылды. Англияның Еуропада және Қиыр Шығыста әскери сәтсіздігін пайдаланып, «алтын квадрат» 1941 ж. 1 сәуірде әскери төңкеріс ұйымдастырды.
Үкімет басына Рашид Али Аль-Гайлани басшылығы келді. Басшылар-
дың қарсыластық ойы әр түрлі болды, соның ішінде мемлекттің Англияға
тәуелділігін әлсірету. Бірақ объективті түрде олардың назарлары осьтық державларына жауап берді. Германия және Италия аль-Гайлани үкіметіне әскери көмекті уәделеді.
Ағылшын үкіметі Солтүстік Африкада және Қиыр Шығыстағы кернеулі әскери жағдайға қарамастан, Иракқа Үндістаннан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиялар жіберілуге бұйрық берді. Бұл дивизияның бірінші бригадасы 1941 ж. 18 сәуірде Ирактың Басра портына түсірілді. Аль-Гайлани үкіметі 1930 ж. ағылшын-ирактық келісімге сәйкес, көнуге амалсыз болды, алайда келесі бригада, бірінші бригадасы ирак-палестиналық шекараға жеткенше бірінші болып тісірілуі талаптанды. Британдық басшылық, Лондоннан келетін бұйрықтарға сүйене отырып, бұл талапты құлаққа аспады және 29 сәуірде Басрада тағы бір бригада түсірілді. Сол күні ирактық әскерлер Хаббаниядағы ағылшындық базаны атқылауға бұйрық алды.
Сөйтіп жарияланбаған ағылшын-ирактық соғыс басталды. Нәтижесінде оқулықтарда ол «отыз күндік» болып аталды, өйткені әскери қозғалыстар Иракта 1941 ж. 1 мамырдан 31 мамырға дейін созылды.
1943 ж. 17 қаңтарда Ирак үкіметі Германия және Италияға соғыс жариялайды. Иракта әскери жағдай жарияланды, ол тек 1946 ж. ғана күшін жойды. 1940 жылдар аяғында, яғни, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жалпы қоғамды демократияландыру Иракта жаңа ұлт азаттық қозғалыстардың пайда болуына әкелді. 1946 ж. Иракта азаматтық үкімет қайта орнады, алайда солшыл партияларға тыйым салынып, Нури Саид басшылығымен үкімет консерваторлар қолында болды. Саяси өмірде крестьяндар, жастар белсенді орын алды. Осылардың негізінде 1946 ж. сәуір айында Ирактың Ұлттық-демократиялық партиясы (ИҰДП) ұйымастырылды. 1946 ж. курд халқының назарын қорғаған Курдистанның демократиялық партиясы (КДП) қозғала бастады. Кәсіподақ және Ирак коммунистік партисынның жұмысшы топтарының ролі күшейді.
1946 ж. 23 ақпан күні либериалдық қайраткер Тауфик ас-Сувейди бейбіт уақытының бірінші кабинетін құрайды. Жаңа үкімет мемлекетте әскери басшылықты жойды. Сәуір айында үкімет көпшілік саяси партияларды ресмиледі [3, 332 б.]. Мемлекетте Ұлттық демократиялық партия, Либералдар партиясы, әуелсіздік партиясы, халық партиясы, Курдистанның демократиялық партиясы жұмыс істей бастады, коммунистік партиясы жасырын болып қалды.
Жалпы нәтижеде ағылшындардың Хаббаниядағы жеңісі үлкен маңызға
ие болды, ол Таяу және қиыр Шығыстағы неміс фашистік экспансиясына
шек қойды [4, 24 б.].
Осылайша Ирак пен Англияның келіспеушіліктері нәтижесінде, Ирак екінші дүние жүзілік соғысқа қатысуға мәжбір болды. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып, өзекті мәселе болып отыр.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий