Германия 1918-1932 жж



МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1 тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары5

1.1. Революциялар және фашистік қозғалыстың пайда болуы5

1.2. Веймар Республикасының құрылуы және оның Конституциясы9

1.3. 1920-1923 жылдардағы саяси дағдарыс және Рур оқиғасы13

1.4. Адольф Гитлер және фашизмнің пайда болуы14

2 тарау. Капитализмнің уақытша тұрақтану кезеңіндегі Германия19

2.1. Экономикалық өрлеу19

2.2. Германия үкіметінің сыртқы саясаты21

2.3. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия22

Қорытынды25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне  қол  жеткізуі  нәтижесінде  әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде тарихтың көп мәселелері бір жақты зерттеліп келген болатын, ал кейбіреулері жабулы қазан күйінде қалып идеологиялық кертартпалықтың кесірінен мүлде атүсті қаралатын. Сондай мәселелердің бірі Германияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихы мәселесі еді. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі ұлғайып, қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті.

Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның тарихын пайымдауға, түсінуге ұмтылып, тарихтан сабақ алуды ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал. Өйткені қазіргі таңда әлемді өз дегеніне көндіруге тырысушы лаңкестік әрекеттер көбейіп жаппай құбылысқа айналды. Герман фашизмі де алғашқы пайда болған кезінде елеусіз болғанымен кейіннен төрткүл дүниені солдатының табанына таптатып, елу миллионнан астам адамның өмірін құрбандыққа шалып, талайларды жарымжан етті. Біз дәл сол герман фашизмінің партия құрып, елдегі дағдарыстарды ұтымды пайдалана білген кезеңдерін зерттемекпіз. Өмірдегі тіршілік иесінің бәрі дерлік қамау-қапаста болғысы келмейді, бәрі азаттыққа, еркіндікке ұмтылады. Жарық дүниеге келгеннен бастап, адам баласы азаттықты аңсап, соған құлшына құмартады. Ал тұтас халықтың азаттығы, бостандығы әрдайым қымбат та қасиетті. Фашизм болса азиаттарды түгелімен жоюды қарастырған-тын.

Яғни, бүкіл тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда – «жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай». Герман фашизмі де «бөліп ал да билей бер» саясатын ұтымды пайдаланып тарих сахнасына көтерілген. Сондықтан сол заман туғызған сондай теріс құбылыстарды да оқып, зерттей білгеніміз абзал. Осы орайда біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де айқын байқалады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық ахуалын қарастыру. Ал міндеттері төмендегідей:

— І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның саяси-экономикалық ахуалын ашып көрсету;

— Германиядағы революциялық толқулар жайында талдау жасау;

— Фашизмнің пайда болуын айқындау;

— 1924-1929 жж. Германиядағы әлеуметтік–экономикалық саясатын қарастыру болып табылады.

Ғылыми жұмыстың зерттелу объектісі мен зерттелу деңгейі. Бұл курстық жұмысты жазу барысында әдебиеттер, деректер табу қиынға әкеліп соқтырған жоқ. Менің курстық жұмысты жазу барысымда аса арқа сүйеген еңбек ол И.Ф. Ивашинның «Поражение Германии в Первой мировой войне. Создание версальской системы, М., 1950». Бұл жұмыстың ішінде мен қарастырып отырған тақырыпқа мейлінше көп тоқталған. Осы еңбекке қосымша Г. Никольсонның «Как делался мир в 1919 году, М., 1945» зерттеуін қарап шығып пайдаландым. Ал менің тақырыбыма дәлме-дәл келетін В. Ругенің «Германия в 1918-1933гг. М., 1953» біршама идеологиялық бұрмалауларға жол бергенімен тарихи шындықтарды барынша ашуға тырысқан. Жұмыста тақырыбымызға қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып соған орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.

Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеудегі жалпы тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ, тарих және философияның іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде саяси және логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, саяси-тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.

Зерттеудің мерзімдік ауқымы. Германияның 1918 жылдан бастап 1930 жылдар аралығы.

Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий