Александр Македонский



Мазмұны

Кіріспе…………………………………..2

І-Тарау. Александр Македонскийдің таққа келуі………………6

ІІ-Тарау. Александрдың жорықтары. Дүниежүзілік державаның құрылуы……………12

ІІІ-Тарау.Александр Македонский империясының ыдырауы…………37

Қорытынды…………………47

Қосымшалар………….49

Пайдаланған әдебиеттер………….51

Кіріспе

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Македония шаһары оған мекен.

Филипп патша баласы, ер көңілді,

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды.-деп Абай атамыз жырлағандай осы Ескендір кім болды? Ұлы қолбасшының жасаған жорықтары мен басып алған территориясының ауқымы мен монархиясының күйреуінің себебі неде?.

Александр Македонский 33 жасқа қараған шағында, патшалықтың 12 жыл, 8-ай мерзімінде бүкіл Персия мен Шығыстың арасында сауда байланысын орнатып, Балқан түбегінен Үндістан территориясына дейін жерлерді өзіне қаратып, ұлы македон монархиясының ұлы билеушісі, ұлы қолбасшысы болып тұрған шағында қайтыс болды.

Александр Македонский туралы жазу қиын да оңай. Оңай дейтініміз егерде антикалық дәстүрлерді сақтай отырып, тиісті ұсыныстарды қабылдасақ, қиын болуы үлкен көлемдегі антик авторлары мен бүгінгі таңдағы зерттеушілердің еңбектерінен ең маңыздысын таңдай біліп, оның әлеуметтік-экономикалық позициясын түсіне білу.

Александрдың жеке басы туралы толып жатқан повестілер, романдар- және ертегілер жасалды. Олардың көбі антик заманы дүниесін басынан өткізіп, орта ғасырға және жаңа дәуірге жетті. Мысалы, солардың біреуі — осы күнге дейін Иран халықтарының арасында сақталып келген тамаша Ескендір (Александр) туралы ертегі. Александрдың қолбасшылары Птолемей мен Аристотель патшаның өмірі мен қызметі туралы жазғандары осы ертегілердің көпшілігіне алғашқы дерек болды. Арриана (б. э. II ғ.) мен Курцийдің (б. э. I ғ) шығармалары Птолемейдің, Арестотельдің және сол сияқты Клитархтың еңбектеріне сүйеніп жазылған. Патша сарайындағы тарихнамашы Каллисфеннің Александр тірі күнінде жазған тарихы толып жатқан романдар мен ертегілерге материал болды.

Кеңестік тарих ғылымы да Александр туралы көптеген зерттеулер жүргізгені белгілі. Солардан атап айтатын болсақ А.Г. Бокщанин, С.И.Ковальев, К.К.Зельин, А.С.Шофман, Э.Д.Фролов т.б. айтуымызға болады./1/

Соғысқа дейінгі жылдары А.Македонскийге арналған үш ғылыми жұмыс С.А.Жебелев (1922ж),С.И.Ковалев (1937ж), И.Резников (1940ж) жарық көрген болатын.

Ал 70-ші жылдары Е.А.Костюхиннің «Александр Македонский в литературный и фольклорный традиции» (1972ж), А.С.Шофманның «Восточная политика Александра Македонского»(1976), Г.Г.Гафуров пен Д.И.Цибукидистің бірлескен «Александр Македонский и Восток» атты атақты еңбегі 1980ж жарық көрді./2/

Александр Македонский туралы шығыс мемлекеттері өзіне тән нәрсе көбіне аңыздар мен мифтерге көбірек көңіл бөлетіндігінде, бұлай дейтін себебіміз диплом жазу барысында менің қолыма түскен «Средне-Азиатский вестник» 1896ж ғылыми-әдеби журналдағы Н.Остроумовтың Искандер Зуль-карнайн атты мақаласы./3/ Мұнда автор Ескендір Зұлқарнайын кім деген сауалға «Быстрота, соображения, стратегическая проницательность, решительность и уверенность в победе соединялись в нем, как говорит историк Веберь, с личной храбростью и неутомимою деятельностью, таланты великого полководца и правителя с блестящей отвагой воина; его личность очаровывает возвышенным энтузиазмом, благородною любовью к знанию я окружена ореолом непрерывного счастья и молодости… Он был таким дивным явлением, величие его было так ослепительно, что скоро история его жизни стала предметом легенды и поэзии: вымыслы закрыла истинная его очертания: народная фантазия последующих веков овладела его фигурою и прикрасила его подвиги поэтическими вымыслами. В его натуре лежала любовь к приключениями, располагавшая его считать близким, легким далекое, трудное; для него было заманчиво все необыкновенное, удивительное: он восхищался миром гомеровских героев, хотел воскресить этот мир, перенести его из области поэзии в действительность.

Oн очаровывал своею молодостью; его недолгая жизнь была непрерывным рядом отважных предприятии, геройских подвигов; у него было врожденное влечение к великим делам. — все это внушало и современникам, и потомкам изумление» дей келе, құранның Рухуль-баянда Зулькарнайн есімін, әсіресе оның «екімүйізді» деген жорамалдарға талдау жасай білген. Мәселен:

— Ескендір өз өмірінде күннің екі мүйізіне жете білген яғни шығыс пен батысқа, Шығыс пен Батыс патшасы болып, сондықтан да «екімүйізді»

— Ескендір өз қол астындағыларды таза сенімге шақырғанда, оның басы оң жаққа иілді, ол өлді, бірақ құдайдың әмірімен қайта тірілді, бұдан соң өз халқын қайта сенімге шақырғанда оның басы солға иіліп қайта өлді, бірақ құдай әмірімен қайта тірілді. Міне осы жағдайда ол «екімүйізді»

— Ескендір өз түсінде күнге жақындап оның екі мүйізінен ұстағанын халыққа айтқанда, «екімүйізді» деген атаққа ие болды.

— Оның өмірінде екі ұрпақ ауысқан

— Оның тұқымында екімүйізді болған.

— Ол қолымен және үзеңгімен соғысқан

— Оның шашы екі жағына мүйіз тәрізді оралып қойылатын

— Бірде ол өз шаштаразшысымен моншаға барып, мүйізді ешкім білмейтінін ескеріп, егерде кімде-кім естісе оны өлтіретінін айтқан. Моншадан шықан шаштаразшы қорқаннан есі ауып, айдалаға барып «Патшаның басында екімүйізі бар»(У царя на голове два рога) деп айқайлайды, міне осы жерге қамыс өсіп, бірде қойшы осы қамыстан сырнай жасап тарта бастаған сол баяғы-«Патшаның басында екімүйізі бар» деген дауыс шығып бүкіл елге тарайды.

Қалай дегенменде Александрдың талабы мен жоспары египеттік Амон құдайына деген көзқарсы, өз өмірінде осы Амон құдайдың мүйізіндей мүйіз киіп, соның ұлымын деп санағандықтан Птолемей І және Лизимах өз монеталарында Александрды екімүйізді етіп бейнелеген.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом мақсаты- А.Македонский ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ұлы қолбасшының жорықтары мен басып алған жерлеріндегі әрекеттерін деректерге сүйеніп зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:

-А.Македонскийдің жастық шағы мен өскен ортасын, оның көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды айқындау;

— Александр Македонскийдің жорықтары, оның қолбасшылық қасиетін;

-Александр Македонскийдің Монархиясының орнауы

— Александр Македонскийдің державасының әлсіреуін;

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысында негізгі деректер мен құжаттарыдан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды

Зерттеу жұмысының методикалық негізі. Диплом жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құралған.


Бөлім: Жалпы тарих

Добавить комментарий