Тайланд



Жалпы ақпарат
Визалар және кедендік ережелер
Туристік жаднама
Ауа райы және валюта бағамы
Жалпы ақпарат
Тайланд туралы ортақ мағлұмат. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтардың әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орыналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шакераласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, отельдер каскады, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.
Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.
Климаты
Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0оС дейін төмендесе, Банкокте 16 оС болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.
Халқы
Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Банкок. Банкокте 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тайлықтар этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды бсым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.
Халық валютасы
Ақша бірлігі-Бат. 1 бат=100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1$=37 Бат болады. Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ — дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.
Шекералары
Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Бирмамен шекараласқан. Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады.
Тілі
Мемлекеттік тіл – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады.
Діні
Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Король конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.
Жергілікті уақыт
Мәскеу уақытымен айырмашылығы: қыста 4 сағат, жазда 3 сағат болады.
Курорттары
Банкок, Паттай, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.
Банкок
Бүгінгі күнгі Банкокнен алатын алғаш әсер қарсылықты сезім қалыптастырады. Мұнда бамбуктан жасалған лашықтармен қатар әйнек пен бетоннан салнған қазіргі заман талабына сай биік ғимараттар тұр!
Миллиондаған ұсақ айналармен жарқырап тұрған сәнді сарайлар мен шіркеулер, байлық, кедейлік; төменде орналасқан жіңішке көшелер мен жерден 15-30 метр биіктікте орналасқан жылдамды эстакадалар, сигнал басқан машиналардың үлкен ағымы, дәке танғышын байлаған полицейскийлар, қоңырқай киім киген будда монахтары мен пілдер, жеміс-жидектердің молдығы мен әртүрлілігі, тамақтың жұпар иісі, ашық ресторандар мен көше кафелеріндегі таңғажайып омарлар, устрицалар, рапандар, ұлылар және кальмарлар…барлығы да дайын емес адамға шыныменде ерекше әсер береді!
Банкоктың негізгі байлықтары болып: Будда шіркеуі мен Үлкен Король Сарайы кешені, Зари шіркеуі, Алтын қырат шіркеуі, Мәрмәр шіркеуі, король Рама ۷ (1868-1910) сүйікті ризиденциясы болып табылатын Вимак Мек сарайы мен «алтын» тик ағашынан жасалған ең үлкен ғимарат; экзотикалық ханзадалық екі палубалы қайықта; улы жыландарды өрбітумен қоса, уларынан баға жетпес дәрі жасаумен айналысатын Пастер институтының Жыланды фермасы; өнердің тамаша туындылары жинақталған Джим Томпсонның азиялық коллекциясы орналасқан Үй-музейі; әшекеймен қатпалған және алтын жапырақты ортағасырлық фрескалармен көркемделген Суан Паккад сарайы; дүние жүзі бойынша крокодилдарды өсірумен айналысатын ең үлкен ферма; ауданы 200 акр болатын ашық аспан астындағы музей «Көне қала»; көңіл көтеру және сауықтыру кешендері; әртүрлі тағамдар мен түнгі өмір.
Паттая
Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша отельдер желісі және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.
Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, — барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар – барлығын атап бістпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын – сауық, демалыс орталығына айналады. Мұнда әртүрлі барлардың қайсысына отыруды таңдау қиынға соғады. Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері «Сингха» деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады.
Пхукет
Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан.
Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады. Жағажай аэропорттан 42 километр, ал қаладан не бары 10 километр қашықтықта орналасқан.
Пхукетте қарауға болатын нәрсе көп. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз Зерттеушілерінің Биологиялық Орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. «Тайлық ауылдарда» халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады.
Аралдағы ең әйгілі спорт түрі болып – аквалангпен сүңгу болып табылады. Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын. Пхукет – қайық орталығы, мұнда кез-келген уақытта яхталарды экипажбен немесе экипажсыз жалға алуға болады. Балық аулауға әзірленген қайықтар сіздің қол астыңызда. Теңіз каноелерінде арал үнгірлері бойынша саяхаттану мүмкіндігі тағы да бар. Спорттық ойындардың сан алуан түрі: гольф ойнау, атпен серуендеу, машинамен жарысу және басқа да қызықты ойындар түрі қалауыңызға байланысты.
Самуи
Самуи аралы соңғы он жыл ішінде ғана әйгілі болды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Тайландтың Пхукет аралымен ең атақты теңіз курорты статусына бәсекелесіп келеді. Бұл идеалды арал өзінің бауырларынан табиғи қарапайымдылығы бойынша ерекшеленеді.
Самуи аралы Бангкок пен Пхукеттен күнделікті авиарейспен ұшақтар ұшып жатса да, Сурат Тхани паромдары жүріп жатса да дүниеден алыс жатыр деп есептелінеді және өз бетінше күн көріп жатыр.
Самуи аралы Бангкоктен оңтүстік – шығысқа қарай 560 км қашықтықта, ал материктен 80 км қашықтықта орналасқан. Аралдың өз аэропорты бар. Аэропорт рейстері күн сайын Бангкок, Паттая, Пхукет пен Сингапурге ұшады.
Бұл кокос пальмаларының (мұнда 3,5 млн-нан астам) және таза тропикалық жағажайлардың аралы. Қасында ұсақ аралдар орналасқан. Тасбақалар аралы мен Анг Тхонг Теңіз Халық паркін құрайтын аралдар сіздің жадыңыздан талайға дейін кетпейді. Аралды толығымен қарап шығу оңайға соғады. Барлық жағажайға апаратын және На Торн әкімшілік орталығына апаратын 50 шақырымдық сақиналық жол жағалау бойында орнатылған.
Самуи өзінің қонақтарына сән-салтанатты отельдер мен жағалауда орналасқан бунгалодарды ұсынады. Тайландытың туризм индустриясын атақты еткен ең жоғары деңгейлі курорттар қызмет көрсетудің барлық түрлерін көрсетеді. Пальма жапырақтарымен жабылған экзотикалық бунгалодар теңізді үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Сіз Робинзон Крузоның орнында бола отырып, барлық жайлылықты аласыз


Бөлім: География

Добавить комментарий