Рашмор тауы



Америка Құрама Штатындағы төрт президенттің бейнесінің биіктігі 60 фут (18,6 метр) Рашмор тауында граниттен қашалған Блек-Хилзде таулы аймақта Оңтүстік Батыста Дакотада және Вайоменгтің Солтүстік Шығысында. Өзінің 70-жылдық тарихына орай Америка Құрама Штатының символы болды және атақты да мақтанышы сол.
Тау өткен ғасырдан бері президенттердің құрылысы жасалғанда, Нью-Йорктағы юрист Шарльз Рашмордың құрметіне аталған 19-ғасырда осы таулы аймақты зерттеген. Монумент жасауды ойлап тапқан Доан Робинсон, және де ол ең басында атақты тұлғаларды: Генерал Джордж Армстронг Кастер, Баффало Билл Коди, Льюис пен Кларкты бейнелеуді ойлаған. Робинсон өзіне ақшалай көмекшіні, жабушыны өзінің жобасын жүзеге асыруға іздей бастады. Ол Оңтүстік Дакотаның сенаторы Питер Норбекпен танысты. Норбек Робинсонның жобасына қызығып, көмек көрсете бастады. Енді Робинсонға мүсіншіні табу ғана қалды. Көп іздеуден кейін ол Гатсон Борглемді табады.

Гатсон Борглем (Джон Гатсон де ла Мот Борглем) Даниялық имигранттар отбасында туған. Парижде оқып жүріп, атақты мүсінші Август Роденмен танысады. Роден Борглемнің жұмысына үлкен ықпалын тигізеді. Гатсон 1924 жылы Робинсонның ұсынысын алғанға дейін, ондай жұмысқа тәжірибесі бар еді. Ол Джорджия штатында Конфедерация батырларына арналған мемориал жасаудың басшысы болған. Оның тарихы өте көп қызықты оқиғалардан тұрады. Стоун Моунтин тауының солтүстік жағында Роберт Э. Лидің үлкен басын жасауды жоспарлаған Борглем одан да үлкен барельеф істеуді ұсынған. Бірақ басшылық келісімін берген жоқ. Сондықтан да Борглемге генерал Лидің барельефіне кірісуге тура келді. Мемориальді құруға Ку-Клук-Кланның қаржылай көмегі тиді және де мүсінші осы құрамның тобына кірді. Борглем мен басшылық арасында жиі келіспеушілік болды. Нәтижесінде мүсінші жұмыстан шықты. Оның орнына О. Люкман келеді. Ашудағы Борглем сегіз жылдық еңбегін жарып, Оңтүстік Дакотаға қашады. Оны тұтқындауға бұйрық шығады. Бірақ мүсінші Джорджия штатының полициясынан қашып құтылады. Ол Блек Хилзге келеді. Ол жерде ол жаңа жұмысын бастайды. Борглем оңтүстік Дакотаға келе салысымен Робинсонның жобасын мүлде өзгертеді. Ол бұл ескерткіште жалпы ұлттық мағына болу керек деп ашық айтты. Осылайша Маунтин Стоун гранитінде Американың төрт атақты президенттердің: Джордж Вашингтонның, Томас Джефферсонның, Теодар Рузвельттің және Авраам Линкольннің бейнесі пайда болды. Бұл монументте Америка Құрама Штаттарының пайда болуы, үлкеюі және дамуы бейнеленуі жоспарланған болатын. Америка Джордж Вашингтон мен Томас Джефферсонның еңбектері арқасында пайда болды. Олар Американың территориясын үлкейтеді. Авраам Линкольн елдің бірлігін сақтап қалды. Ал Теодор Рузвельт Америка Құрама Штаттарын әлемнің көшбасшылардың қатарына қосты. Джордже жұмысынан Борглем көп тәжірибе жинады, және де өзінің жұмысын жақсы атқаратын болды. Динамит көмегімен 400 адам балға мен қашау арқылы 14 жыл ішінде жасағаны қазіргі Америка Құрама Штатының ұлттық мемориалы Маунтин Рашмор. 1930 жылы Джордж Вашингтон бейнесінің жұмысы біткен сон, 1936 жылы Джефферсонның, 1937 жылы- Линкольннің және де ең аяғында 1939 жылы Рузвельттікі. Барлық жұмыс 1941 жылы бітті. Гатсон Борглем өзінің жұмысын аяқтай алмады, ол 1941 жылдың наурызында дүние салды, оның жұмысын ұлы Линкольн жалғастырды. Қазір бұл мүсіндік композиция мыңдаған туристерді өзіне еліктіреді, Америка Құрама Штатының барлық жерлерінен, басқа мемлекеттерден келеді. Бұл жұмысқа көп үлесін қосқан: Гатсон Борглем, Доан Робинсон және Питер Норбек


Бөлім: География

Добавить комментарий