Орталық Қазақстан



Аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады
Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,
ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .
Табиғат байлықтары . Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .
Табиғат жағдайлары . Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады . Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді .
Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды , күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады .
Жер суаруғақажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ . Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі . Ауданның сумен жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған .
Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды . Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.
Шаруашылық географиясы . Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен химия өнеркәсібі дамып келеді . Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз байланысты ірі кен өндірушіжәне өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші болды . Оны, негізінен, 2 өнеркәсіп торап (Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған ) құрайды .Орталық Қазақстандағы өнеркәсіпторабының ең қуаттысы әрі дамығаны – Қарағанды-Теміртау торабы.
Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға тиесілі.
Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
«Металлургия» пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын, болат қорытып , прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты .
Түсті металлургия : Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты , вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты .
Машина жасау : кен шахта және металлургия жабдықтары , электр энергиясы жабдық тарын өндіру .
Химия өнеркәсібі : көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу (кооперация) арқылы өркендеді . Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық бұйымдар зауыты . Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір смоласын, күкірт қышқылын өндіреді .
Жеңіл өнеркәсіп : Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары .
Тамақ өнеркәсібі : Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты .

Ауыл шаруашылығы

Егін шаруашылығы : Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық дәнді-дақылдар егіледі .
Мал шаруашылығы : қой шаруашылығы жақсы дамыған . Сонымен бірге ірі қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі .
Көлік географиясы . Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық) бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және т.б.
Проблемалары
1. Жезқазған кешенін дамыту оны сумен қамтамассыз ету .
2. Кен орындарын игеру барысында табиғатта қалатын көң-қоқыс .
Тарихы
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды
1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды.
1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды.
1949 жылдың 16-21 маусымы аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды.
1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-62 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді


Бөлім: География

Добавить комментарий