Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары



Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстан Республикасында жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің республика алғашқы орындарда тұр. Артериалдық гипертония дамыған елдермен қатар, дамушы елдерде де кең тараған дерт болып табылады. Бүгінгі күні әлемдегі ересек тұрғындардың шамамен 40% артериалдық гипертониядан зардап шегеді. Алайда науқастардың жартысы қан қысымының көрсеткіштері жоғары екенін білмейді. Дерттің жиі жағдайларда белгілерсіз өтуі, оның зұлымдығын білдіреді. Артериалдық гипертонияның салдары апатты болуы мүмкін – бұл тек көз көрудің нашарлауы емес, сонымен қатар жүрек ишемия ауруының дамуы, мүгедектік пен өлімге әкелетін инсульттар мен инфаркттар. Қазақстанда артериалдық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі байқалады. Мысалы, ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 100 мың халық санына — 577,5; 2007 жылы — 597,3; 2008 жылы — 764,6; 2009 жылы — 877,5 жағдай тіркелді. Жыл сайын аурудың 92 мыңнан 135 мыңға дейін жаңадан алғаш анықталған жағдайлары тіркеледі. Артериалдық гипертонияның жастарда көптеп анықталатынын атап өту қажет. Артериалдық гипертониямен ауру-сырқаулықтың өсуіне темекішегушілік, алкогольді шамадан артық тұтыну, дененің артық салмағы, аз қимылды өмір салты, күйзелістер тәрізді қауіп-қатер факторлары едәуір әсер етеді. Гипертония туралы халықтың хабардылық деңгейінің төмендігі бұл дерттің ауыр салдарын бағаламауға әкеледі, күрделі асқынуларды туындатпай, дерттің емделетін алғашқы сатысында науқастар дәрігерге көрінбейді. Өз артериалдық қан қысымын анықтауда, халық белсенділік танытпайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериалдық қан қысымын білуі керек, норма көрсеткіштері 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі өлім жағдайларының шамамен 50% жүрек қан-тамыр аурулары себебінен, еңбекке жарамды жаста болады, сондықтан, жұмыс орны — жүрек қан-тамыр аурулары қауіп-қатерін төмендетудің ұйымдасқан маңызды үлгісі. Қазақстанда артериалдық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі байқалады. Мысалы, ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 100 мың халық санына 2007 жылы — 9577,1; 2008 жылы — 10499,6; 2009 жылы — 14673,8 жағдай тіркелді. Жыл сайын 92 мыңнан 135 мыңға дейін аурудың жаңадан алғаш анықталған жағдайлары тіркеледі. Алайда жүрек қан-тамыр ауруларынан және инсульттан мерзімінен бұрын болатын өлімдердің 80% басты қауіп-қатер факторларын: темекі шегу мен тиімсіз тамақтануды, дене шынықтырумен айналыспауды, алкогольді салына тұтыну мен дененің артық салмағын, аз қимылды өмір салты мен күйзелістерді бақылау арқылы болдырмауға болар еді. Артериалдық гипертонияның жастарда көптеп анықталатынын атап өту қажет. Гипертония туралы халықтың хабардылық деңгейінің төмендігі бұл дерттің ауыр салдарын бағаламауға әкеледі, күрделі асқынуларды туындатпай, дерттің емделетін алғашқы сатысында науқастар дәрігерге көрінбейді. Өз артериалдық қан қысымын анықтауда халық белсенділігі төмен деңгейде, көптеген пациенттер гипертонияның алдын алуда және салауатты өмір салтын ұстануда белсенділік танытпайды, көптеген адамдарда ауру анықталмайды. Бүгінгі күні елімізде шамамен 1,5 миллион адам артериалдық гипертониядан зардап шегеді және бұлардың жартысы өз дерті туралы білмейді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериалдық қан қысымын және норма көрсеткіштері 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс екенін білуі тиіс. Артериалдық гипертонияны емдеу ерте басталуы, ұзақ мерзімді, үзіліссіз болуы керек және қан қысымының көрсеткіштері үнемі бақылауда болуы қажет. Емдеу тиімділігінің екі аса маңызды факторы бар: артериалдық қан қысымын мұқият және өз бетімен бақылау, сондай-ақ емдеуші дәрігермен толық түсіністікте болу. Дүниежүзілік Жүрек Лигасының шешімі бойынша 27 қыркүйекте Дүниежүзілік Жүрек Күні «Мен сау жүрекпен жұмыс істеймін» ұранымен атап өтіледі. Бұл күн қоғам және жеке азаматтардың назарын жүрек қан-тамыр ауруларының мәселелеріне және олардың алдын алу мүмкіндіктеріне аудармақ. Биылғы жылы жүрек Күнінің тақырыбы – жұмыс орнындағы денсаулық. Жұмыс орны жүрек қан-тамыр ауруларының себебі болуы мүмкін, атап айтқанда тиімді тамақтану қағидаларын сақтамау, гиподинамия, темекі шегу үзілістері және денсаулық жәй-күйіне теріс әсер ететін басқа да көптеген факторлар. Дүниежүзілік Жүрек Лигасы әрбір адамға қарапайым, сонымен қатар денсаулықты сақтау және нығайту, өнімді және ұзақ өмір сүру үшін: салауатты тамақтануды; белсенді қозғалысты; темекіге «жоқ!» деуді; қалыпты салмақ сақтауды; өз денсаулығыңның көрсеткіштерін білуді; алкоголь тұтынуды шектеуді ұсынады. Дүниежүзілік жүрек күніне артериалдық гипертонияның алдын алу бойынша онкүндік өткізу орайластырылған. Онкүндік іс-шараларының бірі жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша бірлескен әрекеттер жоспарын әзірлеу мақсатында бизнес-құрылымдардың өкілдерімен диалог ұйымдастыру болып табылады. Мұндай іс-шаралар өткізу тұрғындардың назарын орын алған ахуалға аударады, қатерлі асқынулардың алдын алу үшін жалпы қол жетімді шараларға қатысу мүмкіндіктерін қарастырады. Тамақтану принциптерін, өмір салтын өзгерту мен пайдалы ақпарат аурудың алдын алуға және ұзақ уақыт оңтайлы қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі — қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана бел¬гілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жү¬рек¬тің бұлшық еттерін әлсі¬ре¬теді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады. «Гипертония» термині қан қы¬сымының көтерілуін белгілеу үшін қолданылады. Қан тамыры қысымының жоғарылауы қан тамырының немесе оның ұсақ тармақтарының тарылуынан басталады. Кейбір адамдарда ұсақ қан тармақтары жиі тарылады. Әуелі қан тармақтарының жиырылуынан, кейін тамыр қабырғаларының қалыңдауынан ұдайы тарылады. Осыған байланысты, қан айналымы кезінде жүректің жұмысы күшейеді де, тамыр арнасына қан көптеп шығарылады. Мұндай жағдайға тап болған адамдарда, әдеттегідей, қан тамырының қысымы жоғарылайды. Өте сирек жағдайда, яғни он адамның біреуінде қан тамыры қысымының жоғарылауы бір ор¬ганның зақымдануынан болады. Мұны қан қысымының қайталануы деп түсінген жөн. Алайда, көптеген жағдайда, сырқаттардың 90 пайызы мөлшерінде қан қысымы бірінші рет басталады, оны эссенциялдық (мәнді) қан қысымының жоғарылауы деп айтады. Қан қысымы жоғарылауының се¬бебі толық анықталмағанына қа¬ра¬мастан, емделмеген адамның өміріне қауіп төнетіні күмән тудырмасы анық. Қан қысымы ас¬қынуының жиі кезде¬сетін басты себептері — ми, жү¬рек және бүй¬рек сияқты өмірлік маңызды ор¬гандардың зақымдануы. Әрбір оныншы ересек адамның жоғары қан тамыры қысымы бар. Бұлардың тең жартысы бұл туралы біледі. Және осылар ғана дәрігер¬дің ем-домын қа¬был¬дай¬ды. Көптеген сырқаттар ұсынылған дә¬рі-дәрмектерді қа¬былдауды өз ерік¬терімен тоқтатады, ал бұл көп жағдайда аурудың асқынуына әке¬леді. Кейбіреулері ұсыныл¬ған дәрі-дәрмектің мөлшерін өз¬гертеді. Бұлай жасауға мүлдем болмайды! Қан қысымының жоғарылауы, негізінен қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өр¬шітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты фактор болып табылады. Қан қысымы мен артериялық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте тү¬седі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарылуы ауруын емдеу тек қана қан тамырының қысымын қалпына кел¬тірумен шек¬телмейді. Міндетті түрде, негізгі әрекет қауіп-қатер факторын жоюға бағытталуы керек. ТҮЙІНДІ ҮШ МӘСЕЛЕ Бірінші, жейтін тағамның кө¬лемі. Салмақтың артуы ке¬зінде қан тамырының қысымы жоғарылайды, бұл жүректі сал¬мақпен жұмыс істеуге мәж¬бүр етеді. Ал, салмақты азайту өз кезе¬гінде қан тамыры қысымын тө¬мендетуде маңызды роль атқарады. Екінші, пайдаланатын майдың көлемі. Тамақпен бірге сі¬ңе¬тін майлар, әсіресе, майдан бөлінетін холестерин деңгейі¬нің артуына себепші болуы мүмкін. Холестерин – ағзаның бірқалып¬ты жұмыс істеуіне пай¬дасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жү¬ректің ишемиялық ауруының қауіп-қатерін шұғыл өсіреді. Сіздің дәрігеріңіз холес¬те¬ринді бақылау үшін қажетті шараларды анықтайды. Дегенмен, денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Мә¬зір¬дегі ет тағамдарын азайтып, қуырылған тағамдарға мүлдем жоламаңыз. Майы аз сүт және өсімдіктен дайындалатын тағамдарға көңіл қойыңыз. Үшін¬ші, тұзды шектеудің қа¬жеттігі. Өйткені тұз ағзадағы сұйықты бөгейді. Егер астың дәмін келтіргіңіз келсе, бұ¬рышты, лимон шырынын немесе тұз¬дың орнына дәм¬деуіш¬ті пайдаланыңыз. Тәу¬лігіне ең көп дегенде ас тұзының 5 грамын немесе 1 шәй қасығын пайдалануға болады. Жаналқым (стресс) – ХХ ға¬сырдың соққысы. Бұл жағдайда адамдар шылымды көп шегіп, ішімдікке салынады, тамақты да мөлшерден артық ішеді. Қалай дегенмен де, қорқудың қажеті жоқ. Дүниежүзінде миллиондаған адамдар қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұ¬рақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қа¬білетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады. Қан қысымы дәрілерін ұдайы ішкен жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары – миға қан құйылуы (инсульт) мен жүректің жансыздануы (инфаркт) асқынуының арту ықтималдығы айтарлықтай төмендейді. Көңіл-күйі¬нің жоғарылығына байланысты дәрі-дәрмек қабылдамайтын сыр¬қаттарда аурудың асқыну қаупі өте жоғары болады. Дәрі-дәрмектердің белгі¬лен¬ген мөлшерін өз бетінше өзгертуге немесе дәрігердің ұйғарымынсыз оларды ауыстыруға болмайды, өйткені дәрілердің кейбірі өзгертулерге жағымсыз әсер танытады. Бұл жағдайда сырқат өзін нашар сезініп, қан тамырының қысымы жоғарылайды. Тек дәрігер мен оған қаралушының арасындағы сенімді қарым-қатынас қана қан тамыры қысымы ауруын емдеуде жағымды нәтижелерге қол жет¬кізуге көмектесетінін есте ұстаңыз.


Бөлім: Валеология

Добавить комментарий