Азаматтың денсаулығын сақтау, медициналық көмек көрсету



XX ғасырда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуы 2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайылы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз. Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды. А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан. Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі – дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен түберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған. Жыныстық қатынас ауруларын (мерез) емдеу қарапайым, бірақ негізінде дұрыс жүргізілген. Науқас адам терісіне сынап жақпамайы жаққан, мышьяк, сынап ішкен, жараларды тотияйынмен күйдірген. Халық емшілері тері ауруларын да емдей білген, ол үшін жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкірттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретінде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдірілген киіз және т.б. қолданған. XIX ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс істеген А. Я. Соколов бақсылар адам анатомиясын білмесе де, олардың кейбіреулері күрделі хирургиялық оталар жасаған деп көрсетеді. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген, шынтақ бүгілетін тұстағы тері тамырларынан қан шығару кең тараған. Кесілген тұсқа жолжелкен жапырақтары, күйдірілген киіздің немесе мақтанаң күлі басылған. Түйнеме болған терідегі жараға ыстық сугуч құйған, кейде ойық жараны қызып тұрған темірмен күйдірген. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алып, жыланның басынан даярланған дәрі басқан. Бұл дәрі мынандай жолмен жасалған: жыланның басы кептіріледі, ұнтақталынады, сүтпен араластырылып, жараға таңылады. Тістің ауруын меңдуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ меңдуана басқан. Қазақстанның халық медицинасын П. Н. Соколов осылай сипаттайды. Мұражай материалдары республиканың халық медицинасы емдеудің мол тәжірибесін жинақтағанын көрсетеді. Халық емшілері қымызбен, шұбатпен, шөп тұнбаларымен, су – балшықпен емдеген. Тәуіптер, емшілер, сынақшылар өз тәжірибесінде түрлі өсімдіктердің тамырларын, киік мүйізі және басқа құралдарды пайдаланған. Болат 1962 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын ойдағыдай аяқтап, туған өлкесі Атырауға келіп, қызметке араласқаннан кейін көп ұзамай өзінің сүйікті ұстаздарының бірі – Татьяна николаевна Никоновадан шақыру алды. Ұстазы студент шәкірттерінің ішінде осыбір баланаң алғырлығы, білімділігі мен ұқыптылығыны тәнті болып, одан келешекте жақсы дәрігер ғалым шығады деп іштей топшылаған да болуы кере, еліне аттанарда мекен – жайын алып қалған. Мына шақырудан соң әрі – сәрі күй кешкен баласының тәуекел етуіне әкесі Хабижан рұқсатын бере отырып, «Айналайын, бізге алаңдама, білімдінің соңынан ер, қарағым…», — деп оған ақ жол тілеп, Алматыға шығарып салды. Ұстазы бүгін қазіргі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығындағы кші ғылыми қызметкерлік орынды оған сақтап отыр екен. Болат өз қызметін жауапкершілікпен құлшына атқарады, көп ізденді, тәжірибе жинақтап, онысын орнымен қолдана білді. Аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметкеріне сатылап өсе бастады. Сол жерде қызметте жүріп – ақ, тәжірибесін ғылыммен ұштастырып, соның егізінде 1968 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1981 жылы докторлығын қорғап, 1993 жылы профессорлық атқа иеболды. Болатқа атақ – дәрежеден гөрі балалардың ауруларын дұрыс анқытап, нақты ем белгілеу бәрінен биік. Өйткені, бұл қызмет ететін кардиоревматалогия бөлімінің жұмысы өзге бөлімдерден ерекше. Балалар арасындағы жүрек – қан тамыр ауруларын анықтап алмайынша, басқа ауруларды емдеу көбіне жақсы нәтиже бере қоймайтынын талай көрді. Жүрек ауруы өздігінен пайда болмайды, оның өзі организмдегі бірнеше аурулардың қабаттасқан жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысын дәл анықтап, соған сайүйлесімді ем тағайындау оңай шешіле қоятын мәселе емес. Оған үлкен тәжірибе ауадай қажет. Мұны Бөкең алғаш қызметке аарласқан тұста талай кездестірді. Қиналды. Бірақ осындай тәжірибесі мол білімді әріптестерінің, ұстаздарының қасында болуы, олардың шапағаты мен қамқорлығы мұның да тез арада шебер дәрігер болуына әжептәуір ықпал ететінін бұл күндері Болат Хабижанұлы ерекше бір ілтипатпен, тебіреніспен есіне алады. Өзі де осындай адамгершілікке, ықыласқа толы қарым – қатынастысоңына ерген шәкірттерінің ғана емес, балаларының да, немерелерінің де бойына дарытумен келеді. Қазір Бөкеңнің де шәкірттері көп. 1991 жылдан бері С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің бала аурулары кафедрасының меңгерушісі. Күні бүгінге дейін ғылым саласына сіңірген еңбегі қомақты Он бес ғылым кандидаты мен докторын дайындап әзірлеу үстінде. Республика және шетелдік басылымдарда балалардың денсаулығын сақтауға қатысты 150 – ден астам ғылыми мақалалары, бала ауруларына қатысты қазақ тілінде жазылған бірнеше оқулықтары жарық көрді. 1987 жылы шыққан «Лекарственная аллергия у детей, больных ревматизмом» деген монографиясы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жоғары БАҒАЛАНЫП, Әл – Фараби атындағы екінші дәрежелі сыйлықты иеленді. Болат Хабижанұлы негізгі ғылыми жұмысы балалар ревматологиясына, кардиологясына және жалпы педиатрияға арналған. Педиатрия жөнінен типтік бағдарламалар жасауға да күш салды. Ғылыми, педагогикалық, дәрігерлік тәжірибесі мол Болат Хабижанұлы қазір 5 – 6 курста оқитын болашақ педиатрларға қазақ тілінде лекция оқиды, емдік – тәжірибелер сабақтар өткізеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жүрек – қан тамыр патологиясы бөліміндегі ғылыми бағдарламаға жетекшілік етеді. Жастардың жан – жақты білімділігіне, қазіргі заманғы техникалық жабдықтары тез меңгере алатындықтарын көргенде төбесі көкке жеткендей болады, жастармен бірге қуана біледі, олардан жақсы мамандар шығатынына сенеді. Бұдан күш – қуат алады. Болат Хабижанұлы айтқандай, құдайға шүкір, қазір біздің медицина саласындағы қол жеткен табыстарымыз әлемдік деңгейден кем түспейді. Дүние жүзіне танымал ғалым – дәрігерлеріміз де бар. Солардың қатарында Денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас бала кардиоревматологы, медицина ғылымдарының докторы, прфессор Болат Хабижанұлы Хабижанов есімінің де жұлдызы жарқырауына бір кездері өзіне сенім артып, болашағына жарық сәуле болған аяулы ұстаздары сықылды, бізде тілектестігімізді білдірдік… Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. //Денсаулық, Ситақанов С. Д.//, № 10, 2002 ж 2. //Денсаулық, Тілегенова Ұ//, № 6, 2005 ж. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ реферат Тақырыбы: АЗАМАТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТУ Орындаған: Абдырахманова А. 05 СР (каз) Тексерген: Мусина Ж. Н. Өскемен, 2005


Бөлім: Валеология

Добавить комментарий