Картоп



КАРТОП, картофель (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Отаны — Оңт. жөне Орт. Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық картоп негі-зінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд Картобы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Ч и л и (Еуропа) Картобы климаты қолайлы елдерде өседі. Картоп Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек-түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40 — 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 — 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 — 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 — 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 — 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 — 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Картоп түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 — 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, Вр В2, В6, РР, К витаминдері бар. Казақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 — 200 ц өнім түседі.Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері:түн көбелегі, колорадо қоңызы, т.б


Бөлім: Биология

Добавить комментарий