Емдік өсімдіктер



Түйнекті алқа (Solanum tuberosum, картофель).
Сипаттамасы:
Биіктігі 30-150 см жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер астында өркені көлбей өсіп, түйнектер пайда болады. Жапырақтары күрделі: бір жапырағында 7-ден 11-ге дейін іріліүсақты жұмыртқа пішіндес жапырақтар болады. Гүлдері 5-6- дан жиналып гүлшоғырын құрады. Гүлдерінің түсі ақ түстен күлгін ашық түске дейін болады. Жемісі-көп тұқымды жидек.
Таралуы:
Шыққан жері Оңтүстік Америка.Европаға 1565 жылы әкелінген, Ресейде 1765 жылдан бастап егіледі. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі.
Дайындалуы:
Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады.
Химиялық құрамы:
Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады.
Қолданылуы:
Крахмал өндірісінде қолданылады.
Жұмсақ бидай (Triticum vulgare, пшеница обыкновенная).
Сипаттамасы:
Биіктігі 50-180 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Сабағы тік, жапырағы жалпақтау таспа тәрізді, сабақ бойыны қыгап арқылы орналасады. Гүл шоғыры 4-5 гүлден тұратын масақ.
Таралуы:
Қазақстан мен Сібірдің далалы аймақтарында көптен себіледі. Өнімділігі жоғары.
Химиялық құрамы:
Негізгі құрамдық бөлігі – крахмал. Одан басқа белоктық заттар, витаминдер болады.
Қолданылуы:
Крахмалдың өндірістік көзі болып табылады. Сонымен қатар бидай дәндерінен Митрошин сұйықтығы дайындалып, тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Егістік күріш (Oryza sativa, рис посевной).
Сипаттамасы:
Биіктігі 50-150 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті. Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған
Дайындалуы:
Күріштің дәндерін күзде жинап алады.
Химиялық құрамы:
Дәндерінде 3-12% белок, 65-70% көмірсулар, 4-6% майлар болады.
Қолданылуы:
Крахмал өндірісінде қолданылады.
Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий).
Сипаттамасы:
Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.
Таралуы:
ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы:
Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:
Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді.
Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% — дан артпау керек.
Химиялық құрамы:
Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.
Қолданылуы:
Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.
Дәрілік препараттары:
Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусына
Бүргелі бақажапырақ (Semina Psyllii, подорожник блошный).
Сипаттамасы:
Бір жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 40 см-ге дейін. Сабағы күшті бұтақталған, тамырсабағы үлкен емес, үршық тәрізді болады. Жапырақтары ұзынша, түк басқан, қарама-қарсы орналасқан, жиектері бүтін. Гүлдері үсақ, масақ тәрізді гүлшоғырын құрады. Жемісі эллипс тәрізді, қостұқымды қорапша.
Таралуы:
Шығыс Закавказьеде, Түркменияда өседі. Қазақстанда кездеспейді. Таудың етегінде өседі.
Дайындалуы:
Бүргелі бақажапырақ шөбін өсімдік гүлдеген кезде жинайды, орып алады да, жинап кейінгі 24 сағаттың ішінде зауытқа жібереді. Ұрықтарын жеміс піскенде жинайды. Шөбін орып алады да, кептіріп, бастырады.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:
Шөбі:
Өсімдіктің жер үсті бөліктері бұтақталған, жапырақталған, мамық басқан ұзындығы әртүрлі сабақтардан тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 7 см-ге дейін, жиектері бүтін, қарама-қарсы орналасқан, ұзынша келген, гүлдері үсақ. Шөптің түсі сұрғылт-жасыл. Иісі жоқ, дәмі сәл ашылау.
Ылгалдығы 70%-дан кем болмау керек. Табиғи түсін өзгерткен шөптің бөліктері 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспарлары 2%-дан артпау керек. Минералдық қоспарлар 1%-дан артпау керек.
Дәндері:
Дәндері ұзынша-сопақтау, қайықша тәріздес, ішіне қарай қайырылған. Бір жағы дәңес, екінші жағы ойық. Дәндер жылтыраған, тегіс. Ұзындығы 1,7-2,3 мм, ені 0,6-1,5 мм. Иісі, дәмі жоқ.
Химиялық құрамы:
Шөбінде шырышты заттар, терпеноидтар мен флавоноидтар, иілік заттар бар.
Дәндерінде шырышты заттар, гликозид аукубин, белоктар, майлар бар.
Қолданылуы:
Шөбінде бақажанырақ сөлін алады. Бұл сол антацидті гастриттерде, созылмалы колиттерде қолданылады.
Дәндерінің тұндырмасы іш айдайтын препарат ретінде және колиттерде бүркен қаптайтын препарат ретінде қолданылады.
Кәдімгі өрік (Armeniacae vulgaris, абрикос).
Сипаттамасы:
Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.
Таралуы:
Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік – Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі.
Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.
Дайындалуы:
Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді
Химиялық құрамы:
Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%-дан аспайды.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:
Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.
Қолданылуы:
Эмульгатор ретінде эмульсиялардың ондірісінде қолданылады


Бөлім: Биология

Добавить комментарий