Валюталық жүйенің мәні, түрлері, элементтері



ЖОСПАР

КIРIСПЕ ………….. 3

І тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1.1. Валюта түсінігі, жалпы сипаттамасы………….7
1.2 Валюта жүйесінің мәні және дамуы ……….11
1.3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері ………………………..19

ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы …………..34
2.2 Валюта бағамы және оның мәні…………….38
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ……..46

ІІІ тарау. «Дүниежүзілік валюта жұйесі» тақырыбын мектепте
оқыту әдістемесі.
3.1.Экономика негіздері пәнін оқытуда қойылатын талаптар………..52
3.2. «Экономика» мектеп курсында «Валюталық курс» тақырыбын оқытудың әдістемелік нұсқауы……..54

ҚОРЫТЫНДЫ …….60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……63

ҚОСЫМШЫЛАР………………66
КIРIСПЕ

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы — оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. [3,25]Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4,75 теңге болып бекітілген. Тоқтала кететін мәселе, осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.

Әуелгіде ұлттық валютаға беделді бабаларымыздың тұлғасын беру қазақтың кім болғандығын айғақтап тұратын ерекшелік ретінде жасалған шара секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді. «Жалпы отарланған ұлттардың үлкен бір арманы – Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту. Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді.
Ұзақ мерзімді перспиктивадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 — 2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор. Теңгенің бағамы төмен жағдайда импортты көбейту экономика үшін тиімсіз, ол өңдеу өнеркәсібінің шикізат емес салалары мен қызмет салалары үшін валюталық тәуекел үрейін арттыра түседі.
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5 — 6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу — сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағамы өсіп келеді.
Қазақтың ұлттық валютасы көршілес елдердің ішінде үлкен құнды ақшаға айналып отыр. Сондықтан да Орталық Азия елдері арасында қос тілді болып, әріп қатесі кеткені болмаса, теңгенің беделі өте жоғары, бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық валюта — ел экономикасының жағдайын көрсететін, айырбас құралы ғана емес, ұлттың айнасы болуы тиіс.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық жүйе — ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады. [4,15]
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Диплом жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi «Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері” деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.


Бөлім: Банк ісі

Добавить комментарий