Cүт дайындау



Мазмұны

Кіріспе

I Әдебиет шолу

II-Тарау Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы

2.1 Сүт консервілері

2.2 Әртүрлі сүт консервілерін дайындау технологиясы

2.3 Стерилденген сүт дайындау технологиясы

III Қорытынды

IV Экономикалық дәлелдеу

V Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Биыл қазақстанда тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өсімі байқалады. Негізінен ет және сүт өндіретін кәсіпорындар орнықты қызмет етуде. Қазақстан республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәліметтеріне қарағанда бүгінде еліміздің ішкі рыногінде отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерінің үлес салмағы мынадай:

Нан және нан өнімдері 98 процентті құраса, ет және ет өнімдері 36 процентке жеткен. Ал шұжық өнімдері 72 процентті құрайды. Балық және балық өнімдері 70 проценті, сүт және сүт өнімдері 7-28 проценті, қант 73 процентті құрайды екен.

2002 жылы тамақ өнімдерін өндіру 15 процентке артқаны қуантады.

Осы уақытқа дейін Республика Үкіметі отандық тауарларды қолдауға бағытталған, шетелдік өнімдерді шектейтін бірқатар қаулылар мен бағдарламалар қабылдады. Өз кезегінде отандық өнімөндірушілерді, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау күн тәртібінде.

Бүгінде импортты алмастыру бағдарламасы іске асатын болса 2003 жылы ішкі тұтынудағы отандық жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің үлес салмағы 85 процентке артады деген сенім бар.

Мұның сыртында елде 14 мыңдай қосымша жұмыс орындары пайда болып, 2000-2003 жылдары салық түрінде бюджетке түсетін қаржы көлемі 30 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.

Енді бүгінгі қалыптасқан нарықты жағдайға тоқталып көрелік. Айта кетер жай әлі де тамақ өнімдеріне қажеттіліктің жоғарылығына қарамастан толық отандық өнімдермен тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл шетелдіктер үшін тиімді. Олар осында өткізу рыноктерін қалыптастырып алды. Өз елдеріндегі жоғары бәсекелестік пен бақталастық жағдайында Қазақстан рыногі қашанда қажет.

Қазақстанда тамақ және жеңіл өнеркәсібі даму үстінде. Бірақ жеткіліксіз деңгейде. Бүгінгі қазақстанның ішкі рыногіне қарап- ақ, бұл саланың жайын байқауға болады. Базар мен дүкен сөрелерінде толып тұрған халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігі отандық өнімдер емес екенін ешкім жоққа шығармайды.

Бір қарағанда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнім өндіруі басқа салалармен салыстырғанда (мәселен, автомобиль жасау немесе ауырмашина өнеркәсібі) біріншіден аса қиындық туғызбайтын, атап айтқанда күрделі технологияларға тәуелді емес, екіншіден жұмсалған шығынды қайтару көп күттірмейтін және көп қаржы салуды қажет етпейтін сала бола тұра қарқынды дами алмауының себебі ол елімізде ауыршалуашылығының «ақсап» тұруы әсер етуде. Себебі шикізатпен басты қамтушы аграрлық сектор. Егін және мал шаруашылығы алға басып, өндіріс орындарының сұранысын өтеп тұрса тамақ өнеркәсібі де тұралмас еді.

Ең алдымен заңдық базаны қалыптастыру керек. Сондай- ақ, тек мемлекет тарапынан ғана емес, қаржы институттары да кәсіпкерлерге қолдау көрсетс екен. Басқа да салалар секілді, бұл салаға да инвестиция тарту маңызды.

Тамақ өнеркәсібі туралы айта отырып сүт және сүт өнімдері технологиясы бүгінгі күнде жақсы дамуда, Қазақстан бойынша көптеген сүт заводтары жұмыс істеп көптеген түрлі сүт өнімдерін шығаруда. Шыққан тамақ өнімдері белгіленген стандартпен шығады, мемлекеттік бақылаудан өтеді

Сүт- басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 проценті сіңеді. Сондай- ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі.

Сүт табиғаттың ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы коректік заттарының 98-99 % — ін пайдаланады. Сүттің жрғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады; бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері – 150 г. Сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. Нан құрамындағы белоққа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарында деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.

Сүт адамның жүрек қызметіне қолайлы әсер етеді. Сүт және сүт өнімдері маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шарушылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру- малшылардың, әсіресе, мал мамандары- зоотехниктердің басты міндеті.

Сүттің құрамындағы коректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы белоктарды сақтап қалу, қосымша өнімдер шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімнің өзгергіштік мөлшерінің жыл мезгілдеріне тәуелдік мәселелері бір бірімен байланысты.

Бұл курстық жұмыс әртүрлі сүт консервілерін дайындау технологиясын,стерилденген сүт дайындау технологиясын қарастырады.


Бөлім: Ауыл шаруашылығы

Добавить комментарий