Ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық рөлі



Жоспар

1. Ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық ролі .

1.1 Аграрлық реформа және Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық .

1.2 Ауыл шаруашылығын қаржыландыру тетіктері.

1.3 Агробизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі .

2. Ауыл шаруашылығының дамуының қазіргі жағдайы .

2.1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын талдау .

2.2 Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудағы негізгі мәселелер .

2.3 Ауыл шаруашылығының әлеуметтік инфроқұрылымын талдау .

3. Ауыл шаруашылығын дамытуды жетілдірудің негізгі бағыттары .

2.3 Агробизнесті дамытуда мемлекеттік реттеу .

3.2 Ауыл шаруашылық экономикасындағы инвестициялық жағдайды жетілдіру жолдары .

2.4 Ауыл шаруашылық экономикасын кластерлік дамыту .

Қорытынды.

Қолданған әдебиеттер тізімі .

Кіріспе .
“ … Қазақстанда тарихи , әсіресі әміршіл экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .
… Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты , соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев .
Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды . 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .
— жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .
— жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
— банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .
— ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
— азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
— 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
— тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .
— фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
— сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
— барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау .
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып , оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге биімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей , ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса , 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 – 2005 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .
Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .
Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
“ Ауылым – алтын бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылытын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап , үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі – халқымыздың өркендеуі . Олай болса мен елімнің ертеңі үшін сенімен қараймын .


Бөлім: Ауыл шаруашылығы

Добавить комментарий