Арпа



Мазмұны

Кіріспе
Арпа туралы жалпы түсінік.
Арпаның морфологиялық ерекшеліктері.
Арпаның биологиялық ерекшеліктері.
Гранал сортына сипаттама.
Арпа сорттарының селекциясы
Нормативтік сілтемелер және анықтамалар
Негізгі бөлім:
Арпаның технологиялық тазалығын анықтау.
Арпаның натурасын анықтау.
Арпаның ылғалдылығын анықтау.
Арпаның клейковинасын анықтау әдісі.
Иісін анықтау әдісі.
Түсін анықтау әдісі.
Дәмін анықтау әдісі.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі:
Пестицидтер және оларды қолданудың экологиялық зардаптары.
Экономикалық бөлім.
Еңбек қорғау бөлімі.
Санитарлық тазалық.
Өрт қауіпсіздігі.
Қорытындылар.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші орынды алады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1,8 млн.га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда.
Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер– ғалымдарының негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.
Жемдік жаңа сорттарға қойылатын талаптар – тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәннің төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолдануға байланысты дән сапасының жоғары болуы.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай селекцияның, генетиканың, биохимияның, физиологияның және биотехнологияның тәсілдерін қолдана отырып арпаның жаңа сорттарын шығару жұмысымен айналысу мәселесі артып отыр [9].
Дән – жем дақылдары селекциясы бөлімінің негізгі міндеті – мал шаруашылығының талабына сай арпаның мол өнімді, дәнінің сапасы жоғары сортын шығару. Сонымен қатар олардың технологиялық көрсеткіштері жоғары болу. Ол көрсеткіштерді біз жалтыр элеваторында болғанда анықтадық.
Сондықтан менің дайындаған дипломдық жұмысымда сол технологиялық сапаларды қалай анықтағанымыз, қандай көрсеткіштерді алғанымыз келтіріледі. Оларды іс жүзінде керек болса жақсарту немесе дұрыс қолдану жолдарын көрсетемін.


Бөлім: Ауыл шаруашылығы

Добавить комментарий